1. Қазақстан Республикасының бiрлескен кооперативтерi мен басқа да кәсiпкерлiк құрылымдары одағының және "Скаббард" корпорациясының (АҚШ) Алматы қаласында қазақстан-американ "Скаббард-Алатау ЛТД" бiрлескен кәсiпорнын (корпорациясын) құру жөнiндегi инициативасы мақұлдансын.
2. Аумақтарында қазақстан-американ бiрлескен кәсiпорнының филиалдары мен құрылымдарын орналастыру көзделiп отырған облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi қажеттi қызмет және өндiрiс үй-жайларын, өндiрiстiк, тұрғын үй және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы үшiн жер учаскелерiн бөлуге жәрдемдесетiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi "Скаббард-Алатау ЛТД" бiрлескен кәсiпорнын (корпорациясын) бiрiншi кезекте халықаралық және iшкi байланыс арналарымен қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Қазақ азаматтық авиация басқармасы бiрлескен кәсiпорынның өтiнiмдерi бойынша жүктердiң жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. "Скаббард-Алатау ЛТД" бiрлескен кәсiпорны (корпорациясы)
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен "Қазастықөнiмi" концернiнің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен ұқсату саласындағы озық технологияның негiзiнде жеке меншiктегi кәсiпорындар, фермерлiк шаруашылықтар құру жөнiнде бағдарлама әзiрлесiн. 6. "Қазмұнайөнiмi" концернi бiрлескен кәсiпорынды өндiрiсiнiң көлемi қажетсiнетiн ауқымда жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi