1. Жылдық қуаты 65 мың тонна пропилендi құнарландыру қондырғысының кешенiн толық дайын ету шартымен салу жөнiндегi Павлодар мұнай өңдеу зауытының ұсынысы қабылдансын.
2. Павлодар мұнай өңдеу зауытына 1992-1995 жылдары мұнай өнiмдерiн қосымшаға сәйкес мөлшерде экспортқа сатуға рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi квоталарды ресiмдесiн, ал Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Павлодар мұнай өңдеу зауытына аталған өнiмдi экспортқа шығаруға лицензия берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Павлодар мұнай өңдеу зауытының ұсынысы бойынша пропилендi құнарландыру қондырғысын салу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн шетел фирмаларының Қазақстан Республикасы машиналар, жабдықтар, аспаптар, конструкциялар және басқа бұйымдар әкелiп-әкетуiн баж салығынсыз ресiмдесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 тамыздағы N 706 қаулысына Қосымша
Павлодар мұнай өңдеу зауытында пропилендi
құнарландыру кешенiнiң құрылысын қаржыландыруды
қамтамасыз ету үшiн мұнай өнiмдерiн экспортқа
сатудан алынатын валюта түсiмiнiң
Есеп-Қисабы
(Кесте)