"Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 27 тамыз 1992 ж. N 707. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.31. N 1046 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Материалдық өндiрiс салаларында меншiктi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жұмыстарын жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 28 сәуiрдегi N 732 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазфосфор" ассоциациясының мемлекеттiң қатысуымен "Қазфосфор" ассоциациясы кәсiпорындарының негiзiнде "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсiп орындары мен Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қолдаған инициативасы мақұлдансын.
      "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясын құрудың және қызметiнiң негiзгi мақсаты бiртұтас экономикалық және технологиялық кеңiстiктi қалпына келтiру мен дамыту, сондай-ақ фосфор өнеркәсiбiнiң кен базасын оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың ерiктiлiгi және өзара мүдделiлiгi негiзiнде қолдау және дамыту деп белгiленсiн.
      2. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы жердi пайдалану, пайдалы қазбаларды өндiру мен ұқсату саласындағы хұқықты қоса алғанда "Қазфосфор" ассоциациясының заңды мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының құрамына басқа салалардың кәсiпорындары мен ұйымдарының, сондай-ақ шетел инвесторлары мен кәсiпорындарының ерiктi түрде кiру мүмкiндiгiне қолдау бiлдiрiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясына "Қазфосфор" ассоциациясының кәсiпорындары мен ұйымдарының қарауындағы республикалық меншiктiң мүлкiн мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру мәселелерiнде сенiмдi өкiл хұқын беруге ұсыныс жасалсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

О создании акционеpной холдинговой компании "Каpатау"

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 27 августа 1992 года N 707. Утpатило силу - постановлением Кабинета Министpов РК от 31 июля 1995 года N 1046

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 28 апреля 1992 г. N 732 "О мерах по активизации работы по разгосударствлению и приватизации собственности в отраслях материального производства" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить инициативу ассоциации "Казфосфор", поддержанную предприятиями фосфорной промышленности и Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу, о создании акционерной холдинговой компании "Каратау" с участием государства на базе предприятий ассоциации "Казфосфор".
      Определить основной целью создания и деятельности акционерной холдинговой компании "Каратау" восстановление и развитие единого экономического и технологического пространства, а также поддержание и развитие рудной базы фосфорной промышленности на основе добровольности и взаимной заинтересованности входящих в ее состав предприятий и организаций.
      2. Установить, что акционерная холдинговая компания "Каратау" является правопреемником ассоциации "Казфосфор", включая права в области землепользования, добычи и переработки полезных ископаемых.
      3. Одобрительно отнестись к возможности добровольного вхождения в состав акционерной холдинговой компании "Каратау" предприятий и организаций других отраслей, а также зарубежных инвесторов и предприятий.
      4. Рекомендовать Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу делегировать акционерной холдинговой компании "Каратау" права доверенного лица в вопросах разгосударствления и приватизации имущества государственной собственности, находящегося в ведении предприятий и организаций ассоциации "Казфосфор". <*>
      Сноска. Пункт 4 - изменен постановлением от 30 июля 1993 г. N 663.

           Премьер-министр
         Республики Казахстан