"Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясын құру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 27 тамыз 1992 ж. N 707. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.07.31. N 1046 қаулысымен.
1. "Қазфосфор" ассоциациясының мемлекеттiң қатысуымен "Қазфосфор" ассоциациясы кәсiпорындарының негiзiнде "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасының фосфор өнеркәсiп орындары мен Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қолдаған инициативасы мақұлдансын.
"Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясын құрудың және қызметiнiң негiзгi мақсаты бiртұтас экономикалық және технологиялық кеңiстiктi қалпына келтiру мен дамыту, сондай-ақ фосфор өнеркәсiбiнiң кен базасын оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың ерiктiлiгi және өзара мүдделiлiгi негiзiнде қолдау және дамыту деп белгiленсiн.
2. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы жердi пайдалану, пайдалы қазбаларды өндiру мен ұқсату саласындағы хұқықты қоса алғанда "Қазфосфор" ассоциациясының заңды мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
3. "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының құрамына басқа салалардың кәсiпорындары мен ұйымдарының, сондай-ақ шетел инвесторлары мен кәсiпорындарының ерiктi түрде кiру мүмкiндiгiне қолдау бiлдiрiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясына "Қазфосфор" ассоциациясының кәсiпорындары мен ұйымдарының қарауындағы республикалық меншiктiң мүлкiн мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру мәселелерiнде сенiмдi өкiл хұқын беруге ұсыныс жасалсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз