1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып құрылысы шарттар бойынша қайтарымды негiзде жүзеге асырылатын объектiлер тiзбесiн анықтауға рұқсат етiлсiн.
2. Күрделi құрылысқа бөлiнген және жылдың соңына дейiн пайдаланылмай
қалған қаржы алып қоюға жатпайды және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ауыл шаруашылығын мақсатты қаржыландыру қорының қаражатын жұмсау туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйектегi қаулысында белгiленген объектiлер бойынша 1993 жылы құрылысты жалғастыру үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң арнаулы шотына аударылады. ЕСКЕРТУ. Жаңа 3-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 ж. 19 октябрьдегi N 880 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы "16" қыркүйектегi N 766 қаулысына Қосымша