Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының және жарма ұнтағының бағасы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 16 қыркүйек 1992 ж. N 767. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      1992 жылғы егiннiң астығының бағасы өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1992 жылғы 21-қыркүйектен бастап мемлекеттiк ресурстардан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан және нан-тоқаш өнiмдерiн, пiсiрiлген нанның орнына халыққа сатылатын ұнның барлық сорттарын, тары мен жарма ұнтағын халыққа сату Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бағаны ырықтандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 3-қаңтардағы N 3 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 1-бап) және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3-қаңтардағы N 3 және N 4 қаулыларын iшiнара өзгерту туралы" 1992 жылғы 12-қаңтардағы N 25 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 21-бап) бекiтiлген қолданылып жүрген бағаларға орташа өсiрiлетiн 5 коэффициентiн қолданумен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
      Кәсiпорындар мен шаруашылық ұйымдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Бағаны ырықтандыруға байланысты өнiмдер мен товарларға қайта бағалау жүргiзу туралы" 1992 жылғы 3-қаңтардағы N 4 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 21-бап) белгiленген тәртiппен осы қаулыда өнiмдердiң қалғандарын 1992 жылғы 21-қыркүйектегi жағдайы бойынша түгендеп, оларға қайта бағалау жүргiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы жанындағы Баға комитетi 1992 жылғы 21-қыркүйекке дейiн республика бойынша нанға, нан-тоқаш өнiмдерiне, пiсiрiлген нанның орнына халыққа сатылатын ұнның барлық сорттарына, тары мен жарма ұнтағына мемлекеттiк реттелетiн бiрыңғай бөлшек-сауда бағаларын бекiтсiн.
      3. Нан, нан-тоқаш өнiмдерiн, пiсiрiлген нанның орнына халыққа сатылатын ұнның барлық сорттарын, тары мен жарма ұнтағын өндiру мен мемлекеттiк реттеу бағалары бойынша сатуды жүзеге асыратын кәсiпорындардың шығынын өтеу бюджеттiк қаржылар есебiнен, сондай-ақ Қазақстаннан тысқары жерлерге астық сатудан түскен қосымша табыс есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
      Қазақ мемлекеттiк-акционерлiк "Қазастықөнiмi" концернi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қазтұтынуодағы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрге Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң келiсуi бойынша екi апта мерзiм iшiнде аталған қаржыны нан және нан-тоқаш өнiмдерi мен сатудан келетiн шығынды өтеуге бағыттау тәртiбiн, сондай-ақ Қазақстаннан тысқары жерлерге астық сатудан табыс алынғанға дейiн шығынды өтеу үшiн уақытша жетпейтiн қаржыны несиеге беру тәртiбiн белгiлесiн.
      4. "Қазастықөнiмi" концернi республикадан тысқары жерлерге мемлекеттiк ресурстардан астық жөнелтудi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiмен келiсiлген көлем мен баға бойынша жүзеге асыратын болып белгiленсiн.
      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақ күшін жойды - ҚРМК-ның 1993.06.30. N 558
               қаулысымен. P930558_
      6. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы жанындағы Баға комитетi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгiмен және Қазтұтынуодағымен келiсуi бойынша мемлекеттiк реттеу бағалары бойынша сатылатын нанға және нан-тоқаш өнiмдерiне, ұнға, тары мен жарма ұнтағына сауда шегерiмiнiң мөлшерiн белгiлесiн.
      7. Валютаға сатып алынған астық үшiн колхоздармен, совхоздармен және басқа да товар өндiрушiлермен есеп айырысу оларға қызмет көрсететiн коммерциялық банктерiнiң валюталық шоттары арқылы жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


О ценах на хлеб, хлебобулочные изделия, пшено и кpупу манную

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 16 сентябpя 1992 года N 767 (Извлечение) . (Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 марта 2002 г. N 331 ~P020331 )

      В связи с повышением цен на зерно урожая 1992 года Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Установить, что с 21 сентября 1992 г. реализация населению хлеба и хлебобулочных изделий, муки всех сортов, реализуемой населению взамен печеного хлеба, пшена и крупы манной, производимых из зерна, выделенного из государственных ресурсов, осуществляется с применением среднего повышающего коэффициента 5 к действующим розничным ценам, утвержденным постановлениями Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 января 1992 г. N 3 "О мерах по либерализации цен" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 1, ст. 1) и от 12 января 1992 г. N 25 "О частичном изменении постановлений Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 января 1992 г. N 3 и 4" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 1, ст. 21).
      Предприятиям и хозяйственным организациям провести по состоянию на 21 сентября 1992 г. инвентаризацию и переоценку остатков продукции, перечисленной в настоящем постановлении, в порядке, установленном постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 января 1992 г. N 4 "О проведении переоценки продукции и товаров в связи с либерализацией цен" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 1, ст. 8).
      3. Установить, что возмещение потерь предприятий, осуществляющих производство и реализацию хлеба, хлебобулочных изделий, муки всех сортов, реализуемой населению взамен печеного хлеба, пшена и крупы манной по государственным регулируемым ценам, осуществляется за счет бюджетных ассигнований, а также за счет дополнительных доходов от реализации зерна за пределы Казахстана.
      4. Определить, что концерн "Казхлебопродукт" отгрузку зерна из государственных ресурсов за пределы республики осуществляет в объемах и по ценам, согласованным с Кабинетом Министров Республики Казахстан.
      6. Комитету цен при Госэкономкомитете и Министерству финансов Республики Казахстан по согласованию с Министерством торговли Республики Казахстан и Казпотребсоюзом установить размер торговой скидки на хлеб и хлебобулочные изделия, муку, пшено и крупу манную, реализуемые по государственным регулируемым ценам.
      7. Установить, что расчеты с колхозами, совхозами и другими товаропроизводителями за зерно, купленное за валюту, осуществляются через валютные счета в обслуживающих их учреждениях коммерческих банков.
      Премьер-министр
    Республики Казахстан