"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Мемлекеттiк және ведомстволық тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрақты тұрып жатқан тұрғын жайлары тiлектерiне қарай:
күнтiзбелiк есептеу бойынша 20 және одан да көп жыл қызметте болған iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың жанұяларына;
жасына, сырқатына, штаттың қысқаруына немесе денсаулығының шектеулi жағдайына байланысты iшкi iстер органдарынан босатылған және күнтiзбелiк есептеу бойынша 20 және одан да көп жыл қызмет өтiлi бар адамдарға және олардың жанұяларына өтеусiз берiлсiн.
Мұндай жағдайда азаматтардың бұл санаттарына және олардың жанұяларының мүшелерiне купондар берiлмейдi. Азаматтар купондар алғысы келген жағдайда тұрғын үйлердi жекешелендiру Қазақ КСР-iнде мемлекет меншiгiн жекешелендiрудiң купондық механизмi туралы Ережеге сәйкес жалпыға бiрдей тәртiппен жүзеге асырылады.
Iшкi iстер органдарындағы жұмыс өтiлi "Қазақстан Республикасындағы iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енген сәттен бастап анықталады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi