Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. Ереже қол қойылған сәттен бастап күшiне енсiн.
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 1992 жылғы 25 қыркүйекке дейiн Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдарының құрылымын, штаттарын белгiлесiн және Жер қойнауын қорғау мен минералдық ресурстарды ұдайы өндiру қорының есебiнен осы органдарды ұстауға кететiн шығындар сметасын бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қылмыстық жауапкершiлiкке апаратын тәртiп бұзушылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату жөнiндегi Кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң Жер қойнауын қорғау және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бақылау органдарына және халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiне жер қойнауын қорғауды жүзеге асыруда барынша көмек көрсететiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты хауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1992 жылғы 1 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне, оның жергiлiктi органдарына жер қойнауын қорғау, минералды шикiзатты ұқсату және геологиялық-маркшейдерлiк бақылау бойынша барлық құжаттардың қазiргi iс номенклатурасына сәйкес (техникалық, нормативтiк, өндiрiстiк қатынасхаттар, анықтамалар, ақпараттар, есептер) өткiзiп берiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Пайдалы қазбаларды шығаратын және жер қойнауын басқа мақсаттарда пайдаланатын министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар мен ұйымдар:
1992 жылғы 1 желтоқсанға дейiн қойнауы мен минералдық шикiзатты ұқсату жөнiндегi заңға қайшы келетiн нормативтiк актiлердi қайта қарайтын және жоятын;
1993 жылдың 1 қаңтарына дейiн Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi пайдаланылмайтын пайдалы қазбалардың кен орындарын және олар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бiртұтас мемлекеттiк жер қойнауы қорына өткiзетiн;
1993 жылдың 1 шiлдесiне дейiн минералдық шикiзат (оның iшiнде минералдық шикiзаттың техногендiк туындыларын) өндiретiн және ұқсататын кәсiпорындар объектiлерiн түгендейтiн және оларды жер қойнауы жөнiндегi заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң органдарында тiркейтiн;
1993 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату жөнiндегi Кодексiне сәйкес жер қойнауының иесi - Қазақстан Республикасының өкiлi болып табылатын органдармен жер қойнауын пайдалануға байланысты шарт жасасатын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 29 қыркүйектегi
N 811 қаулысымен
Бекiтiлген
Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға
мемлекеттiк бақылау туралы
Ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiне сәйкес жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдарының мақсаттарын, мiндеттерiн, хұқықтары мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi және меншiк нысандарына, қай ведомствоға жататынына қарамастан, геологиялық барлау жұмыстарын, пайдалы, қазбалардың (оның iшiнде су-минералдық ресурстардың) кен орындарын өңдеудi және минералдық шикiзатты ұқсатуды жүзеге асыратын немесе жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдаланатын барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдарға мiндеттi болып табылады.
2. Жер қойнауын қорғауға, минералдық шикiзатты ұтымды және кешендi пайдалануға мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау органдары, сондай-ақ өндiрушi және ұқсатушы кәсiпорындардың геологиялық және маркшейдерлiк қызметi арқылы жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдары өз iс-әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi туралы Ереженi, осы Ереженi, сондай-ақ жер қойнауын қорғау жөнiндегi басқа да нормативтiк актiлердi басшылыққа алады.
4. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау жүргiзу органдарының негiзгi мiндеттерi мыналарға:
меншiк түрiне, ведомстволық тиiстiлiгiне және жер қойнауын қандай мақсатқа пайдаланатынына қарамастан барлық жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндiруде және минералды шикiзатты ұқсатуда, жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу мен оны қорғауда немесе жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалануда Қазақстан Республикасы Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнiң белгiлеген талаптарының, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормативтiк актiлердi сақтауына;
жер қойнауын пайдаланудың қоршаған ортаға келтiретiн зиянды әсерiнiң алдын алуға және оны жоюға, жер қойнауы ресурстарын, техногендiк әсерден де, сақтауды қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жер қойнауы туралы ережелер мен нормалардың сақталуына байланысты мiндеттердiң орындалуына бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Жер қойнауын қорғауға пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдары қойнауын қорғау және минералдық ресурстарды ұдайы өндiруге арналған қордың есебiнен қаржыландырылады.
6. Басты мiндеттерiне сәйкес Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдары мыналарға бақылау жасайды:
геологиялық барлау жұмыстарында, пайдалы қазбаларды өндiру мен минералдық шикiзатты ұқсатуда, техногендiк туындыларды игеруде, зиянды заттарды, өндiрiс қалдықтарын көмуде және жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалануда жер қойнауын қорғау мен оны ұтымды пайдалану ережелерi мен нормаларының сақталуына;
жер қойнауын пайдаланушыларда геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзуге, пайдалы қазбаларды өндiру мен ұқсату жұмыстарына немесе жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалануға хұқық беретiн құжаттардың болуына, олардың дер кезiнде және дұрыс тiркелуiне;
геологиялық барлау жұмыстарында, минералдық шикiзатты өндiру мен ұқсату немесе жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалануда жер қойнауын геологиялық зерттеу мәселелерi бойынша ведомстволық нормативтiк құжаттардың Қазақстан Республикасы Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Кодексiнiң талаптарына негiзделуiне және сәйкес келуiне;
геологиялық зерделеулердiң, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудың барлық түрлерiнiң саралануының кешендiлiгi, сапалығы және анықтығы тұрғысынан жұмыстардың негiздiлiгiне, әдiстемесiне және бағытына;
геологиялық барлау жұмыстарында, минералдық шикiзатты өндiру мен ұқсатуда қолданылатын технологиялардың жобалық шешiмдерге және әлемдiк деңгейлерге нақты сәйкестiгiне, минералдық шикiзатты өндiру мен ұқсатуда пайдалы қазбаларды және құрамдас бөлiктердi айырып алу көрсеткiштерiнiң негiздiлiгiне;
өндiрiлетiн және жер қойнауында қалдырылатын пайдалы қазбалар қорының, ұқсатылған өнiмдердiң және өндiрiс қалдықтарының, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндiруден басқа мақсаттарға арналған жер қойнауы учаскелерiнiң сан-сапасын есепке алудың белгiленген тәртiбiн және анықтылығын сақтауға;
қоршаған табиғи ортаны қорғау ережелерi мен нормаларын сақтауға, геологиялық зерттеу, минералдық шикiзатты өндiру мен ұқсату кезiнде қазылып алынған тау жыныстары мен кендердi қоршаған ортаға зиянын тигiзбейтiндей етiп және олардың, келешекте пайдалану үшiн сақталуына кепiлдiк беретiндей етiп орналастырылуына;
пайдалы қазбалардың кен орындары мен олардың жекелеген учаскелерi, пайдалы қазбалар өндiретiн, минералдық шикiзатты ұқсататын және жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдаланатын кәсiпорындарды белгiленген тәртiп бойынша таратуға және консервациялауға;
жер қойнауын келешекте геологиялық тұрғыдан зерделеу және пайдалану үшiн керектi геологиялық, техникалық және басқа құжаттардың белгiленген тәртiппен сақталуына;
жер қойнауын пайдаланғаны үшiн жасалатын төлемнiң, геологиялық барлау жұмыстарына және жер қойнауын қорғауға жұмсалған шығындардың өтем ақысының және кен орындарын игеруге немесе жер қойнауын пайдаланудың басқа түрлерiне байланысты төлемдер ставкаларының, сондай-ақ айыптық санкциялардың дұрыс өндiрiлiп алуына және олардың дер кезiнде аударылуына.
7. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдарына мынадай хұқықтар берiледi:
кәсiпорындар мен ұйымдарда жер қойнауын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша тексерулер жүргiзу, бұл ретте тексерiлген кәсiпорын әкiмшiлiгi танысуға мiндеттi нұсқаулар беру;
жер қойнауын қорғауға, минералдық шикiзатты ұтымды және кешендi пайдалануға Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жұмыстарына қатыстыру үшiн кәсiпорындардың, ұйымдардың, ведомстволар мен мекемелердiң жетекшiлерiнiң келiсiмi бойынша мамандарды тарту;
геологиялық зерделеу, пайдалы қазбаларды өндiру және минералдық шикiзатты ұқсатуда немесе жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалануда жер қойнауын қорғау жөнiндегi заңдармен белгiленген талаптардың бұзылуына байланысты мәселелер жөнiнде тиiстi кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар жетекшiлерiнен түсiндiрмелер сұрату;
ведомстволық тиiстiлiгiне қарамастан жер қойнауын геологиялық зерделеу, минералды шикiзатты өндiру және ұқсату үшiн жауапты кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер жетекшiлерiне, басқа лауазымды адамдарға жер қойнауы туралы заң талаптарының бұрмалануын және жiберiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде мiндеттi түрде орындалуға тиiс нұсқаулар беру;
барлық кәсiпорындардағы барланған, өндiрiлген, тиеп жiберiлген және ұқсатылған минералдық шикiзаттың саны мен сапасын анықтауға бақылау жүргiзу;
жер қойнауы туралы заң талаптары және жер қойнауын қорғау мен ұтымды пайдалану жөнiндегi ережелер мен нормалар бұзылған жағдайларда жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерделеу, минералдық шикiзатты өндiруге және ұқсатуға байланысты жұмыстарды тоқтату және оларға тыйым салу;
жер қойнауын өз бетiмен пайдалануды және пайдалы қазбалар жатқан алаптарда құрылыс жүргiзудi тоқтату, бұл ретте жергiлiктi өкiмет орындарының жүзеге асыруы үшiн актiлер беру;
жер қойнауын геологиялық барлау жұмыстарына, пайдалы қазбалар өндiруге, минералдық шикiзатты ұқсатуға және басқа мақсаттарға пайдалану мәселелерi бойынша ұйымдар, кәсiпорындар және мекемелер арасындағы дауды белгiленген тәртiппен шешу;
жер қойнауын ол туралы заң талаптарын бұрмалап пайдаланушы кәсiпорын иелерiне, лауазымды адамдар мен азаматтарға айып салу және кәсiпорын мен ұйым әкiмшiлiгi алдында оларға тәртiпке салуға ықпал ететiн шаралар қолдану жөнiнде мәселе қою түрiндегi әкiмшiлiк жаза шараларын қолдану, сондай-ақ айыптыларды қылмыстық және материалдық жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдарды тергеу орындарына тапсыру;
тиiстi салық инспекцияларына, банкi мекемелерiне жер қойнауы үшiн жасалатын төлемдердiң бұзылғаны және уақтылы болмағаны, пайдалы қазбалардың нормативтегiден көп жоғалғаны үшiн, жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерделеу, минералдық шикiзатты өндiру мен ұқсату және жер қойнауын басқа мақсаттарға пайдалану жұмыстарының тежелгенi немесе тоқтатылғаны үшiн, қосып жазу анықталғаны үшiн, жұмыстардың күрделiлiк категорияларының арттырылғаны, жұмыстардың сапасына қойылатын нормативтiк көрсеткiштер мен талаптардың сақталмағаны үшiн, сондай-ақ басқа да осы жұмыстарды қаржыландыруға байланысты тәртiп бұзушылық болған жағдайда қажеттi санкциялар қабылдауы үшiн материалдар жiберу.
8. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдары тексеру нәтижесiне байланысты тексеру актiн жасайды, онда тексерiлген жұмыстардың тiзiмi, тәртiп бұзушылықтың сипаттамасы, оларды туғызған себептер, солардан туындайтын немесе туындаған салдарлар, кiнәлi лауазымды адамдар көрсетiледi, оларды түзету үшiн нақтылы мерзiмдерi белгiленген ұсыныстар берiледi.
9. Қорытындының мазмұнымен тиiстi ұйымның иелерi, сондай-ақ көрсетiлген тәртiп бұзу деректерiне қатысы бар лауазымды адамдар мiндеттi түрде таныстырылады.
10. Тексерудiң материалдары Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органының жетекшiсiне берiледi, ол екi апталық мерзiмде оларды қарастырып, тиiстi шешiмдер қабылдауға мiндеттi. Тексеру материалдары негiзсiз немесе әдiл емес деп танылған жағдайда ол қайта тексерудi белгiлей алады.
11. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдары өзiне жүктелген қызметтiң уақтылы және дұрыс атқарылуына, геологиялық тұрғыдан зерделеуде, пайдалы қазбаларды өндiруде және оларды ұтымды пайдалануда жер қойнауын қорғау жөнiндегi талаптардың орындалуын қадағалауға байланысты мәселелердi әдiл де кәсiби қарастыруға, мемлекет мүддесiнiң қатаң сақталуына, жер қойнауын қорғау мәселелерiне тар ведомстволық тұрғыдан келуге жауапты.
12. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдарының тексеру материалдарын iске асыру жөнiнде қабылдаған шешiмiн бұзу туралы шағымдар Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметiнде, немесе сот тәртiбiмен қаралады.
13. Минералдық шикiзатты өндiру, ұқсату және өндiрiс қалдықтарын өңдеу жұмыстарын жүргiзетiн кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер иелерi Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органының лауазымды адамдарына геологиялық, гидрогеологиялық, өндiрiстiк-техникалық, жобалық-сметалық және басқа құжаттарды беруге және жер қойнауын қорғау мен минералдық шикiзатты ұқсату мәселелерi бойынша түсiнiктер беруге, тексеру жүргiзу үшiн, сондай-ақ тiкелей тексерiлетiн объектiде барланған, өндiрiлген, тиеп жiберiлген және ұқсатылған минералдық шикiзатқа тексеру анықтамасын жүргiзуге қажеттi жағдайлар туғызуға (көлiкпен, қызмет және тұрғын үйiмен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге) мiндеттi.
14. Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органдары өз жұмысын жергiлiктi әкiмшiлiк органдарымен тығыз бiрлестiкте жүргiзедi.
15. Осы Ережеде көрсетiлген қызметтердiң Жер қойнауын қорғауға және пайдалануға мемлекеттiк бақылау органына жүктелуi министрлiктер мен ведомстволарды өздерiне қарасты кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң жер қойнауын қорғау жөнiндегi белгiленген талаптарды орындауын жүйелi түрде бақылап отырудан босатпайды және осы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларының, сондай-ақ азаматтардың мойнынан жер қойнауын пайдалану тәртiбiнiң сақталуы және ол жұмыстардың тиiмдi жүргiзiлуi үшiн жеке-дара жауапкершiлiктi алмайды.