Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы уақытша Ереже туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 29 қыркүйек N 813. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.07.26. N 1010 қаулысымен

      Азаматтардың еркiн қоныс аударуға демократиялық хұқтарын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы" Заңы қабылданғанға дейiн Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасынан келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртiбi туралы уақытша Ереже (қоса тiркелiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп, Қазақстанға келуге және республикадан кетуге байланысты практиканы және заң мәселелерiн жүйелi зерделеу мен жинақтау негiзiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы" Заңының жобасын әзiрлеудi жеделдетсiн.
      3. Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп, ведомстволық актiлер мен нұсқауларды осы уақытша Ережеге сәйкестендiрсiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мынадай тәртiптер жөнiндегi нормативтiк актiлердiң ұсыныстары мен жобаларын енгiзсiн:
      шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуi және олардың осы аумақ арқылы аялдама жасап өтуi - Iшкi iстер министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп;
      көркем, мәдени игiлiктердi шекарадан алып өту - Мәдениет министрлiгiне, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгiне, Сыртқы iстер министрлiгiне, Әдiлет министрлiгiне, Кеден комитетiне;
      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке құжаттарын Қазақстан Республикасының шекарасынан алып өту, салу және талап ету - Сыртқы iстер министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп жасалсын.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi



                                          Қазақстан Республикасы



                                          Министрлер Кабинетiнiң

                                         1992 жылғы 29 қыркүйектегi

                                             N 813 қаулысымен

                                               Бекiтiлген



 
 
                 Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан

 

                     Республикасынан кету тәртiбi туралы


                          Уақытша Ереже


                        I. Жалпы Ережелер


                       1. Ережелер мiндетi



 
       Осы Ереже Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу, олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртiбiн реттейдi, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Адам хұқығының жалпыға ортақ декларациясы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары берген еркiн жүрiп-тұру кепiлдiгiн жүзеге асырады.
      Келу және кету мәселелерi бойынша мемлекеттiк атқару органдары қабылдаған актiлер осы Ереже бекiткен жеке адамдардың хұқықтарын шектей алмайды.
 
                     II. Қазақстан Республикасынан
                         кету үшiн құжаттарды ресiмдеу
 
                         2. Шетел паспорты
 
      Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасынан кету үшiн шетел паспорты берiледi. Паспортта кетудiң мақсаты көрсетiледi.
      Шетел паспорты Қазақстан Республикасынан әлемнiң барлық елдерiне кету үшiн күшiн сақтайды.
      Қазақстан Республикасының азаматтарына шетел паспортын, дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты, сондай-ақ теңiзшi паспортын беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен ережемен айқындалады.
      Шетел паспорты Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
      Халықаралық жол жүру құжаттары әзiрленгенге дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бұрынғы КСРО-ның дипломатиялық, қызметтiк немесе шетелдiк паспорттары күшiнде қалады деп есептелсiн.
      Қазақстан Республикасының жол жүру құжаттарын берушi органдар, жоғарыда аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтығына жататындығын куәландыратын мөрмен растайды.
 
                 3. Шетел паспортының күшiнде қалу мерзiмi
 
      Шетел паспорты бес жылға берiледi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары және Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi ұзарта алады. Шетел паспортын бергенi және ұзартқаны үшiн мемлекеттiк баж салығы алынады.
 
                 4. Қазақстан Республикасы азаматтарының
                    Қазақстан Республикасының шекарасынан
                    өтуге қажеттi құжаттары
 
      Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан кету барысында өтпелi пункттерде шетелдiк паспортына мемлекеттiк шекарадан өткен күнiне белгi соғатын паспорттық бақылаудан өтедi. Халықаралық шартпен белгiленген жағдайдағы Қазақстан Республикасының кету барысында Қазақстан Республикасының шекарасынан өту үшiн шетелдiк паспортта, рұқсат қағазсыз сапар жасау туралы Қазақстан Республикасымен келiсiмi бар шетел мемлекеттерiнен басқа азамат тiкелей бара жатқан шет мемлекеттiң шақыру белгiсi қойылуы қажет.
      Заңды өкiлдiң iлесуiнсiз бара жатқан, 18 жасқа толмаған азаматтар, Қазақстан Республикасынан кету және баратын елi көрсетiлген, өзiнiң заңды өкiлiнiң кетуге келiскенi туралы нотариалдық куәландырылған арызды көрсетедi. Ата-анасының бiреуiнiң келiсiмi болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамның кетуi сот шешiмiнiң негiзiнде шешiлуi мүмкiн.
 
                  5. Шетел паспорттарын берудiң негiзi
 
      Қазақстан Республикасынан уақытша баруға немесе түпкiлiктi тұруға кету үшiн шетел паспортын шетел мемлекеттерiндегi жеке адамдар мен ұйымдардың шақыруы бар жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың жеке арыздары бойынша немесе олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiштерi бойынша iшкi iстер органдары бередi.
      Қазақстан Республикасының кетуге арналған шетел паспорттарын ресiмдеу мен беру тәртiбi осы Ережемен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң соған сәйкес шығарған актiлерiмен, сондай-ақ баратын елден алынған келiсiммен белгiленедi.
 
                  6. Шетел паспортын ресiмдеуге қажеттi құжаттар
 
      1. Шетелге баруға шақыру.
      2. Шетел паспортын беру туралы арыз-анкета. 18 жасқа толған азаматтар, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына, соңғы 5 жылдағы еңбек қызметi туралы мәлiметтi көрсетiп, бередi.
      3. Мемлекеттiк баж салығын төлегенi туралы құжат.
      4. 18 жасқа дейiнгi балалардың кетуi барысында олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi.
      5. Түпкiлiктi тұруға кеткен кезде алименттiк және басқа заң жолымен бекiтiлген реттелмеген мiндеттемелерiнiң жоқтығын растайтын құжаттар.
      6. Кетушiлердiң 14-тен 18 жасқа дейiнгi балалардың түпкiлiктi тұратынын растайтын нотариалдық куәландырған құжаттар.
      Осы ереженiң 7-тармағының бiрiншi абзацында айтылған, арызды жедел қарау көзделген жағдай туындаған кезде, тиiстi құжаттар қоса берiледi.
      Қазақстан Республикасының азаматы шетелге турист ретiнде кеткен жағдайда, туристiк ұйымның өтiнішi, туристiң соңғы 5 жылдағы еңбек қызметi туралы мәлiмет көрсетiлген анкета берiледi.
 
                  7. Шетел паспортын беру туралы арызды
                     қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi
 
      Шетелге уақытша баруға арналған шетел паспорттарын беру туралы азаматтардың арызы бiр ай мерзiмде, ал егер кетушiнiң сапары, шетелде тұратын туысқанының ауыр науқасына немесе қазасына байланысты болса, баратын елiнiң медициналық мекемесi растаған құжатты көрсеткен жағдайда - үш жұмыс күнi iшiнде қаралады.

 

     Бұл арыздарды қарау нәтижесi, ал қабыл алмау жағдайында, оның

себептерi арыз берушiлерге жазбаша нысанда жеткiзiледi.

     Жоғары органның немесе соттың оған шетел паспортын беруден бас

тартуының негiзсiздiгiне азаматтың шағынуының дұрыстығы мойындалған

жағдайда, осы мәселе бойынша қайта берiлген арыз бiр ай iшiнде қаралады.

Бұл орайда, егер онда көрсетiлген мәлiметтер өзгерiссiз қалған болса,

бұрын тапсырылған құжаттар назарға алынады.


                 8. Қазақстан Республикасынан кету хұқын

                    уақытша шектеуге арналған негiздер


     Қазақстан Республикасының азаматына мынадай жағдайда:

     1) егер ол мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтерге ие болса,

осы жағдай күшiн тоқтатқанға дейiн;

     2) егер оған қарсы қылмысты iс қозғалған болса - iс бойынша жұмыс

аяқталғанға дейiн;

     3) егер қылмыс жасағаны үшiн сотталса - айыбын өтегенше немесе

айыптан босатылғанға дейiн;

     4) егер ол сот оған жүктеген мiндеттi орындаудан жалтарса -

мiндеттi орындағанға дейiн;


 
       5) егер ол мiндеттi әскери қызметiн өтеп жатса - мiндеттi әскери қызметiн өтеудi аяқтағанға дейiн немесе одан заңға сәйкес босатылғанға дейiн;
      6) егер ол өзi туралы қасақана өтiрiк мәлiмет берсе;
      7) егер оған сотта азаматтық айып тағылса - iс бойынша жұмыс паспортын беруден уақытша бас тартылатын болады.
      Азаматқа берiлген шетел паспорты осы тармақтың 1-7 бөлiктерiнде белгiленген жағдайлар анықталғанда, сондай-ақ оны қолдан өзгерткенде, қылмыс жасау үшiн пайдаланғанда, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда қайтып алынуы мүмкiн. Паспорт қайтып алынған жағдайда оны берген мемлекеттiк органдарға қайтарылуға жатады.
 
                  9. Шетел паспортын беруден бас тарту жөніндегі шешімге
                     шағымдану тәртібі.
 
      Осы Ереженің 8-тармағының 2, 3 бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шетел паспортын беруден бас тарту шағымдануға жатпайды.
      Осы Ереженің 8-тармағының басқа бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шетел паспортын беруден бас тартқан, жауап қайтару осы Ережеде белгіленген мерзімнен кешіктірілген немесе шетел паспортын алып қойған жағдайда азамат заңда белгіленген тәртіппен жоғары органға немесе тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым бере алады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1993.03.24. N 228
               қаулысымен. P930228_
 
                 III. Қазақстан Республикасынан кету
                      хұқын оның азаматтары үшiн
                      айрықша жағдайда реттеу
 
                  10. Азаматтардың хауiпсiздiгiн қамтамасыз
                      етудiң мүмкiндiгi жоқтығына байланысты
                      Қазақстан Республикасынан кетудi шектеу
 
      Қайсыбiр елде Қазақстан Республикасы азаматының хауiпсiздiгiне байланысты төтенше жағдай пайда болған жағдайда, соған өкiлеттi мемлекеттiк органдар, жеке iстерi бойынша кетiп бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын аталған елге барудың хауiпсiз еместiгi туралы ескертедi және аталған елге уақытша кетпей тұра тұруды ұсынуға хұқылы.
      Қайсыбiр елде төтенше жағдай пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен аталған елде олардың хауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мүмкiн еместiгiне байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының кетуiне уақытша шектеу енгiзуге хұқылы.
 
                    11. Iске жарамсыз азаматтардың кетуi
 
      Сот iске жарамсыз деп таныған Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiнiң заңды өкiлдерiнiң нотариалдық куәландырған заңды өтiнiштерi бойынша немесе сот шешiмiнiң негiзiнде ғана Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кете алады.
 
                    12. Мiндеттi әскери қызметке шақырылуға
                        жататын Қазақстан Республикасы
                        азаматтарының, iшкi iстер және ұлттық
                        хауiпсiздiк органдарының әскери
                        қызметшiлерi мен қызметкерлерiнiң кетуi
 
      Шетелге уақытша кеткен және заңға сәйкес мiндеттi әскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары шақыру туралы хабарландыру алғаннан кейiн, мiндеттi әскери қызметтi өтеу үшiн Қазақстан Республикасына келуге мiндеттi.
      Заңға сәйкес мiндеттi әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер оны өтеу уақытында шетел паспортын тапсырады. Мерзiмнен тысқары қызметтегi әскери қызметшiлер, прапорщиктер, мичмандар және офицерлiк құрамдағы адамдар мен iшкi iстер және ұлттық хауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi, қолбасшының рұқсаты болған кезде жеке iстерi бойынша Қазақстан Республикасынан кетедi.
 
                    13. Мемлекеттiк құпияны құрайтын
                        мәлiметтерден хабардар азаматтардың
                        Қазақстан Республикасынан кету
                        тәртiбi
 
      Мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтерге ие Қазақстан Республикасы азаматтарының осы мәлiметтермен азаматтардың таныс болуына рұқсат етiлген сәттен бастап белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн Қазақстан Республикасынан жiберiлмеуi мүмкiн. Мәлiметтердi мемлекеттiк құпия қатарына жатқызу құпия ақпараттарды қорғауды реттейтiн заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

     Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген шектеулердi,

кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, оқу орындарының

әкiмшiлiктерi мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылары мемлекеттiк

құпияны құрайтын мәлiметтерге жiберiлуге қатысты жұмыспен оқуға

түскен және мiндеттi әскери қызметке кiрiскен кезде азаматтардың

назарына жеткiзуге тиiс. Бұл орайда мұндай мәлiметтерге жiберiлгенге

дейiн ерiктi негiзде жазбаша нысандағы еңбек шарты (контракт) жасалады.


                   IV. Қазақстан Республикасынан

                       кететiн Қазақстан Республикасы

                       азаматтарының хұқықтық жағдайы


                    14. Қазақстан Республикасы азаматтарының

                        Қазақстан Республикасынан кетуiн қаржыландыру


     Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан

кетуi олардың өз қаржысы есебiнен немесе олардың сапарын

қаржыландыратын адамдардың, кәсiпорындардың және ұйымдардың қаржысы

есебiнен жүзеге асырылады.

     Шетелге кететiн Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел

валютасын алу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

белгiленедi.


                    15. Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi

                        тұруға кететiн азаматтардың мiндеттерiн

                        орындауы



 
       Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары шетел паспорттарын алу үшiн Қазақстан Республикасында қалатын ата-анасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балалары қалған жағдайда - сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасындағы заңды өкiлiнен алименттiк төлем алу жөнiндегi талабының жоқтығы туралы нотариалдық куәландырылған арызын көрсетедi.
      Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген, арыз қайсыбiр себептермен қабылданбай қалған жағдайда, кетушiнiң сотқа жүгiнуге хұқысы бар, ал сот алименттiк мiндеттiң барлығы немесе жоқтығы туралы мәселенi қарайды.
      Соттың шешiмi бойынша ол мiндеттемелер бiрден төленедi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алименттер төлеу жөнiндегi мiндеттемелер белгiленуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың және азаматтардың алдындағы бүкiл мүлiктiк мiндеттемелерiн орындап, тиiстi құжаттар тапсыруға мiндеттi.
 
                     16. Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi
                         тұруға кететiн адамдардың мүлiктiк жағдайы
 
      Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн азаматтар, заңды негiздегi шетелдерге валютаға алған, өздерiне және олардың отбасы мүшелерiне тиесiлi мүлiктi өз есебiнен әкетуге, меншiк хұқындағы өзiне тиесiлi мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкiлерiнде сақтаулы ақшалай қаржыларды, бағалы қағаздар мен басқа да игiлiктердi Қазақстан Республикасының аумағында өз атында сақтауға хұқылы.
      Мемлекет үшiн мәдени, көркем немесе тарихи игiлiк қатарынан саналатын заттарды азаматтардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
 
                      17. Қазақстан Республикасынан кететiн

 

                         азаматтардың хұқын шектеуге жол берiлмеуi


     Қазақстан Республикасынан кететiнi туралы тiлек бiлдiрген

Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың отбасы мүшелерiне

қатысты Қазақстан Республикасы заңдарының барлық ережелерi күшiн

сақтайды. Олар барлық хұқықтарды пайдаланады және заңмен белгiленген

мiндеттердi мойнына алады. Олардың азаматтық, еңбек, тұрғын үй және

басқа хұқықтарын өз бетiмен қандай да болса бiр шектеулерге жол

берiлмейдi.


                     V. Қазақстан Республикасы

                        азаматтарының Қазақстан

                        Республикасына келу тәртiбi


                     18. Қазақстан Республикасы азаматтарының

                         Қазақстан Республикасына келу тәртiбi



 
       Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына

 

Қазақстан Республикасының күшiн сақтаған шетелдiк паспорты бойынша

немесе оны алмастыратын құжатпен келуiне рұқсат етiледi.

     Шетелде түпкiлiктi тұратын және Қазақстан Республикасының күшiн

жоймаған шетелдiк паспорты бар азаматтарына, Қазақстан Республикасына

кетуiне байланысты паспортына есептен шыққаны туралы Қазақстан

Республикасының шетелдегi консулдық және дипломатиялық өкiлдiктерi белгi

соққан жағдайда, Қазақстан Республикасына түпкiлiктi тұруға келуiне

рұқсат етiледi.


                     VI. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ

                         адамдардың Қазақстан Республикасына

                         келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi


                     (19-тармақ)



     Ескерту. 19-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.31.10.

              N 1408 қаулысымен.


                      20. Азаматтығы жоқ шетелдiк адамның

                          Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат

                          етiлмеудiң негiздерi


     Егер ол:

     1) халықаралық хұқықпен көзделген бейбiтшiлiк пен адамзаттың

хауiпсiздiгiне қарсы қылмыс жасаса;

     (2-7)



     Ескерту. 20-шы тармақтың 2-7 тармақшаларының күшi жойылған -

              ҚРМК-нiң 1995.31.10. N 1408 қаулысымен.


 
       8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да

 

жағдайларда азаматтығы жоқ шетелдiк адамға Қазақстан Республикасына

келуге рұқсат берiлмеуi мүмкiн, сондай-ақ оның Қазақстан

Республикасынан қуылуы мүмкiн.


                      21. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың

                          Қазақстан Республикасынан кетуi




     Қазақстан Республикасында түпкiлiктi тұратын шетелдiк азаматтар

мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кетер кезде осы

Ереженiң 6-тармағының 2-6 бөлiктерiнде көзделген құжаттарды тапсырады.

     Ескерту. 21-шi тармақтың бiрiншi абзацы күшiн жойған -

              ҚРМК-нiң 1995.31.10. N 1408 қаулысымен.


                      22. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ

                          адамдардың  Қазақстан Республикасынан

                          кету хұқын уақытша шектеуге арналған

                          негiздер


     Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан

Республикасынан кетуiн шектеу осы Ереженiң 8-тармағына (5-бөлiгiнен

басқасы) сәйкес белгiленедi. Белгiленген құжаттары болмаса, шетелдiктер

мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуiне

шекаралық бақылау органдары жол бермейдi.


                      23. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың

                          Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат

                          етпеу туралы шешiмге шағымдану тәртiбi


     Қазақстан Республикасында түпкiлiктi тұратын шетелдiктер мен

азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуiне рұқсат

етпеу туралы шешiмге осы Ереженiң 9-тармағында көзделген тәртiппен

шағым берiле алады.


                      24. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ

                          адамдарға пұрсат беру


     Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуi мен кетуiне

пұрсат берудiң тәртiбi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында болуының

тәртiбi тиiстi нормативтiк актiлермен және Қазақстан Республикасының

халықаралық шарттарымен белгiленедi.


                      25. Шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң

                          басшылары мен қызметкерлерiнiң және басқа

                          адамдарының артықшылықтары мен иммунитеттерi


     Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан

Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген шетелдiк

дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiнiң басшылары мен

қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды.


                      VII. Заңсыз келгенi және кеткенi,

                           сондай-ақ Қазақстан Республикасының

                           аумағы арқылы аялдама жасап өтудiң

                           тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк


                      26. Заңсыз келгенi және кеткенi, сондай-ақ

                          Қазақстан Республикасының аумағы арқылы

                          аялдама жасап өтудiң тәртiбiн бұзғаны

                          үшiн жауапкершiлiк



 
       Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткен, Қазақстан Республикасына заңсыз келген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтудiң ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам, белгiленген тәртiптi бұза отырып Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткендер, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан заңсыз кетуiне және Қазақстан Республикасына заңсыз келуiне жәрдемдескен адамдар Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жауапкершiлiкке тартылады.
      Оларға қатысты қуып жiберу туралы шығарылған шешiмдi орындамаған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.
      Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан қуып жiберуге байланысты шығындар, қуып жiберiлетiн адамның немесе шетелдiктi, азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасына шақырған ұйымның немесе жеке адамның есебiнен өтеледi.
      Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген жағдайда және оның қуып жiберу бойынша шығынды өтеуге қаржысы болмаса құзыреттi органдар бұл шығындарды өтеу туралы мәселенi тиiстi елдердiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiмен шешедi.
      Ескерту. 26-шы тармақтың бiрiншi абзацына өзгерiс енгiзiлдi -
               ҚРМК-нiң 1995.31.10. N 1408 қаулысымен.
 
                    VIII. Халықаралық шарттар
                   27. Халықаралық шарттарды қолдану
 
      Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында осы Ережеде айтылғандардан басқа тәртiптер белгiленсе, онда халықаралық шарттың тәртiбi қолданылады.
 

О Вpеменном положении о въезде в Республику Казахстан и выезде из Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 29 сентябpя 1992 года N 813 (Извлечение). Утратило силу - постановлением Правительства РК от 26 июля 2001 года N 1010 ~P011010

      В целях реализации демократических прав граждан на свободное перемещение, урегулирования вопросов въезда в Республику Казахстан и выезда из Республики Казахстан до принятия Закона Республики Казахстан "О въезде в Республику Казахстан и выезде из Республики Казахстан" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Временное положение о порядке въезда в Республику Казахстан и выезда из Республики Казахстан (прилагается).
      2. Министерству иностранных дел, Министерству внутренних дел совместно с Комитетом национальной безопасности, другими заинтересованными министерствами и ведомствами Республики Казахстан ускорить подготовку проекта Закона Республики Казахстан "О въезде в Республику Казахстан и выезде из Республики Казахстан" на основе систематического изучения и обобщения практики юридических вопросов, связанных с въездом в Казахстан и выездом из республики.
      3. Министерству иностранных дел, Министерству внутренних дел совместно с Комитетом национальной безопасности, другими заинтересованными министерствами и ведомствами Республики Казахстан привести ведомственные акты и инструкции в соответствии с настоящим Временным положением.
 
            Премьер-министр
          Республики Казахстан
 

                                         Утверждено



                               постановлением Кабинета Министров

                                      Республики Казахстан

                                  от 29 сентября 1992 г. N 813



 
 
                             ВРЕМЕННОЕ ПОЛОЖЕНИЕ
                  о порядке въезда в Республику Казахстан
                      и выезда из Республики Казахстан
 
                             I. Общие положения
                             1. Задачи Положения
 
      Настоящее Положение регулирует порядок въезда в Республику Казахстан граждан Республики Казахстан, иностранных граждан или без гражданства, выезд их из Республики Казахстан, реализует гарантированную им Конституцией и законами Республики Казахстан,

 

Всеобщей декларацией прав человека и международными договорами

Республики Казахстан свободу передвижения.

     Акты, принимаемые государственными исполнительными органами по

вопросам въезда и выезда, не могут ограничивать права физических лиц,

установленные настоящим Положением.


                   II. Оформление документов для выезда

                          из Республики Казахстан


                          2. Заграничный паспорт



 
       Гражданам Республики Казахстан для выезда из Республики Казахстан выдаются заграничные паспорта. В паспорте указывается цель выезда.
      Заграничный паспорт действителен для выезда из Республики Казахстан во все страны мира.
      Порядок выдачи гражданам Республики Казахстан заграничного, дипломатического и служебного паспорта, а также паспорта моряка, определяется Положением, утверждаемым Кабинетом Министров Республики Казахстан.
      Заграничный паспорт является собственностью Республики Казахстан.
      До изготовления международных проездных документов для граждан Республики Казахстан считать действительными дипломатические, служебные или заграничные паспорта бывшего СССР.
      Органы, выдающие проездные документы Республики Казахстан, заверяют вышеназванные документы печатью, свидетельствующей принадлежность гражданина гражданству Республики Казахстан.
 
                    3. Срок действия заграничного паспорта
 
      Заграничный паспорт выдается на пять лет. Этот срок может быть продлен в Республике Казахстан органами внутренних дел и консульскими учреждениями Республики Казахстан за границей. За выдачу и продление заграничного паспорта взимается государственная пошлина.
 
               4. Документы, необходимые для пересечения границы
              Республики Казахстан гражданами Республики Казахстан
 
      Граждане Республики Казахстан при выезде из Республики Казахстан проходят в пунктах перехода паспортный контроль с отметкой в заграничном паспорте даты пересечения государственной границы. При выезде из Республики Казахстан в случаях, установленных международными договорами, для пересечения границы Республики Казахстан необходимо наличие в заграничном паспорте выездной визы иностранного государства, в которое непосредственно выезжает гражданин, кроме иностранных государств, с которыми Республика Казахстан имеет соглашение о безвизовых поездках.
      Граждане, не достигшие 18 лет, выезжающие без сопровождения законного представителя, предъявляют нотариально заверенное заявление своего законного представителя о согласии на выезд с указанием даты выезда из Республики Казахстан и страны въезда. При отсутствии согласия одного из родителей выезд несовершеннолетнего может быть разрешен на основании решения суда.
 
                 5. Основания для выдачи заграничных паспортов
 
      Заграничные паспорта для выезда из Республики Казахстан на временное пребывание или на постоянное жительство выдаются при наличии приглашения от частных лиц и организаций иностранных государств гражданам Республики Казахстан по их личному заявлению или по ходатайству их законных представителей органами внутренних дел.
      Правила оформления и выдачи заграничных паспортов для выезда из Республики Казахстан устанавливаются настоящим Положением и издаваемыми в соответствии с ним актами Кабинета Министров Республики Казахстан, а также имеющимися со страной выезда соглашениями.
 
             6. Документы, необходимые для оформления заграничного
                                   паспорта
 
      1. Приглашение на выезд за границу.
      2. Заявление-анкета о выдаче заграничного паспорта. Подается гражданами, достигшими 18 лет, в органы внутренних дел по месту постоянного жительства, с указанием сведений о трудовой деятельности за последние 5 лет.
      3. Документ об уплате государственной пошлины.
      4. При выезде детей до 18 лет - ходатайство их законных представителей.
      5. Документы, подтверждающие отсутствие неурегулированных алиментных и других юридически закрепленных обязательств при выезде на постоянное жительство.
      6. Нотариально удостоверенные документы, подтверждающие согласие выезжающих на постоянное жительство детей от 14 до 18 лет.
      При наличии обстоятельств, предусматривающих срочное рассмотрение заявления, оговоренных в абзаце первом пункта 7 настоящего Положения, прилагаются соответствующие документы.
      При выезде граждан Республики Казахстан за границу в качестве туриста представляется ходатайство туристической организации, анкета туриста с указанием сведений о трудовой деятельности за последние 5 лет.
 
              7. Порядок и сроки рассмотрения заявления о выдаче
                           заграничных паспортов
 
      Заявления граждан о выдаче заграничных паспортов для временного пребывания за границей рассматриваются в месячный срок, а если поездка выезжающего связана с тяжелой болезнью или смертью родственника, проживающего за границей при наличии документа, заверенного в медицинском учреждении в стране выезда, - в течение трех рабочих дней.
      Заявления о выдаче заграничных паспортов для выезда из Республики Казахстан на постоянное жительство рассматриваются в срок до трех месяцев.
      Результаты рассмотрения этих заявлений, а в случае отказа - его мотивы, доводятся до сведения заявителей в письменной форме. В случае признания правомерности жалобы гражданина на необоснованность отказа в выдаче ему заграничного паспорта вышестоящим органом или судом повторное заявление по этим вопросам рассматривается в течение одного месяца. При этом принимаются во внимание ранее представленные документы, если указанные в них данные остались без изменения.
 
                 8. Основания для временного ограничения
                  права на выезд из Республики Казахстан
 
      Гражданину Республики Казахстан может быть временно отказано в выдаче заграничного паспорта для выезда из Республики Казахстан в следующих случаях:
      1) если он обладает сведениями, составляющими государственную тайну, - до прекращения действия данных обстоятельств;
      2) если против него возбуждено уголовное дело - до окончания производства по делу;
      3) если он осужден за совершение преступления - до отбытия наказания или освобождения от наказания;
      4) если он уклоняется от исполнения обязательств, наложенных на него судом, - до исполнения обязательств;
      5) если он проходит действительную срочную военную службу - до завершения прохождения действительной срочной военной службы или до освобождения от нее в соответствии с законом;
      6) если он сообщил о себе заведомо ложные сведения;
      7) если к нему предъявлен гражданский иск в суде - до окончания производства по делу.
      Выданный гражданину заграничный паспорт может быть изъят в случаях, выявления обстоятельств, установленных частями 1-7 настоящего пункта, а также при его подделке, использовании для совершения преступления, прекращения гражданства Республики Казахстан. Паспорт в случае его изъятия подлежит возврату в выдавший его государственный орган.
 
                  9. Порядок обжалования решений об отказе
                       в выдаче заграничного паспорта
 
      Отказ в выдаче заграничного паспорта по основаниям, предусмотренным частями 2, 3 пункта 8 настоящего Положения, обжалованию не подлежат.
      Отказ в выдаче заграничного паспорта по основаниям,

 

предусмотренным другими частями пункта 8 настоящего Положения,

задержка ответа свыше установленного настоящим Положением срока или

изъятие заграничного паспорта могут быть обжалованы гражданином в

установленном законом порядке в вышестоящем органе либо в суде по

месту его жительства.



     Сноска. Статья 9 - в редакции постановления Кабинета Министров

Республики Казахстан от 24 марта 1993 г. N 228.


                 III. Регулирование права на выезд из

                   Республики Казахстан ее граждан в

                           особых случаях


             10. Ограничение на выезд из Республики Казахстан

                   в связи с невозможностью обеспечения

                          безопасности граждан



 
       В случаях возникновения в какой-либо стране чрезвычайной ситуации, связанной с безопасностью гражданина Республики Казахстан, государственные органы, на то уполномоченные, предупреждают граждан Республики Казахстан, выезжающих по частным делам, о небезопасности посещения данной страны и вправе рекомендовать временно не выезжать в данную страну.
      В случаях возникновения в какой-либо стране чрезвычайной ситуации Кабинет Министров Республики Казахстан по представлению Министерства иностранных дел Республики Казахстан вправе вводить временные ограничения на выезд граждан Республики Казахстан в данную страну в связи с невозможностью обеспечения их безопасности.
 
                     11. Выезд недееспособных граждан
 
      Граждане Республики Казахстан, признанные судом недееспособными, могут выезжать из Республики Казахстан на постоянное жительство только по нотариально удостоверенному ходатайству своих законных представителей или на основании решения суда.
 
                   12. Выезд из Республики Казахстан граждан,
                     подлежащих призыву на действительную
                  военную службу, военнослужащих, сотрудников
                органов внутренних дел и национальной безопасности
 
      Граждане Республики Казахстан, временно выехавшие за границу и подлежащие в соответствии с законом призыву на действительную срочную военную службу, по получении уведомления о призыве обязаны прибыть в Республику Казахстан для прохождения действительной срочной военной службы.
      Военнослужащие, проходящие в соответствии с законом действительную срочную военную службу, сдают заграничные паспорта на время ее прохождения. Военнослужащие сверхсрочной службы, прапорщики, мичманы, лица офицерского состава и сотрудники органов внутренних дел и национальной безопасности выезжают из Республики Казахстан по частным делам при наличии разрешения командования или руководства, оформленного в установленном порядке.
 
                13. Порядок выезда из Республики Казахстан
              граждан, осведомленных в сведениях, составляющих
                          государственную тайну
 
      Выезд из Республики Казахстан граждан Республики Казахстан, обладающих сведениями, составляющими государственную тайну, может быть не разрешен до истечения установленного срока с момента прекращения доступа граждан к этим сведениям. Отнесение сведений к составляющим государственную тайну осуществляется в соответствии с законом, регулирующим защиту секретной информации.
       Ограничения, указанные в абзаце первом настоящего пункта,

 

должны быть доведены до сведения граждан администрацией предприятия,

учреждения, организации, учебного заведения и командованием воинских

частей при поступлении на работу и учебу, зачислении на

действительную военную службу, связанную с допуском к сведениям,

составляющим государственную тайну. При этом до допуска к таким

сведениям на добровольной основе заключается в письменной форме

трудовой договор (контракт).


                IV. Правовое положение граждан Республики

               Казахстан, выезжающих из Республики Казахстан


                 14. Финансирование выезда из Республики

                  Казахстан граждан Республики Казахстан


     Выезд из Республики Казахстан граждан Республики Казахстан

осуществляется за счет их собственных средств, либо за счет средств

финансирующих их поездку лиц, предприятий, учреждений и организаций.

     Порядок приобретения иностранной валюты гражданами Республики

Казахстан, выезжающими за границу, устанавливается в соответствии

с законодательством Республики Казахстан.


                 15. Исполнение обязательств гражданами,

                   выезжающими из Республики Казахстан

                        на постоянное жительство



 
       Граждане Республики Казахстан, выезжающие из Республики Казахстан на постоянное жительство, для получения заграничных паспортов представляют нотариально удостоверенные заявления от остающихся в Республике Казахстан родителей, а также при наличии остающихся в Республике Казахстан несовершеннолетних детей - от их законного представителя в Республике Казахстан, об отсутствии у них требований по взысканию алиментных платежей.
      В тех случаях, когда по каким-либо причинам заявления, предусмотренные абзацем первым настоящей статьи, не могут быть получены, выезжающий вправе обратиться в суд, который рассматривает вопрос о наличии или отсутствии алиментных обязательств. По решению суда эти обязательства могут быть погашены единовременно или в соответствии с международными договорами Республики Казахстан могут быть установлены обязательства по выплате алиментов.
      Граждане Республики Казахстан, выезжающие из Республики Казахстан на постоянное жительство, обязаны исполнить все имеющиеся у них имущественные обязательства перед предприятиями, учреждениями, организациями и гражданами и представить соответствующие документы.
 
                     16. Имущественное положение лиц,
                    выезжающих из Республики Казахстан
                         на постоянное жительство
 
      Граждане, выезжающие из Республики Казахстан на постоянное жительство, вправе вывозить за свой счет принадлежащие им и членам их семей имущество, приобретенную на законных основаниях иностранную валюту, сохранять за собой га территории Республики Казахстан принадлежащие им на правах собственности имущество, а также денежные средства, ценные бумаги и иные ценности, хранящиеся в банках Республики Казахстан.
      Вывоз гражданами предметов, представляющих культурную, художественную или историческую ценность для государства, за пределы Республики Казахстан регулируются соответствующим законодательством Республики Казахстан.
 
                17. Недопустимость ограничения прав граждан,
                     выезжающих из Республики Казахстан
 
      В отношении граждан Республики Казахстан, обратившихся с просьбой о выезде из Республики Казахстан и членов их семей, действуют все положения законодательства Республики Казахстан. Они пользуются всеми правами и несут установленные законом обязанности. Какое-либо произвольное ограничение их гражданских, трудовых, жилищных и иных прав не допускается.
 
                 V. Порядок въезда в Республику Казахстан
                       граждан Республики Казахстан
 
                 18. Порядок въезда в Республику Казахстан
                        граждан Республики Казахстан
 
      Въезд в Республику Казахстан граждан Республики Казахстан

 

разрешается по действительным заграничным паспортам Республики

Казахстан или заменяющим его документом.

     Гражданам Республики Казахстан, постоянно проживающим за

границей и имеющим действительные заграничные паспорта Республики

Казахстан, въезд на постоянное жительство в Республику Казахстан

разрешается при наличии в паспорте отметки о снятии с учета в связи

с выездом в Республику Казахстан, сделанной консульскими и

дипломатическими представительствами Республики Казахстан за

рубежом.



                 VI. Въезд в Республику Казахстан и

               выезд из Республики Казахстан иностранных

                     граждан, лиц без гражданства


               19. Пункт 19 утратил силу - постановлением

               Правительства РК от 31 октября 1995 г. N 1408.


               20. Основания для отказа иностранцу, лицу без

                гражданства во въезде в Республику Казахстан


     Иностранцу, лицу без гражданства может быть отказано во въезде

в Республику Казахстан, а также он может быть выдворен из Республики

Казахстан, если он:

     1) совершил преступление против мира и безопасности

человечества, предусмотренное международным правом;

     2) Подпункты 2-7 утратили силу - постановлением Правительства

РК от 31 октября 1995 г. N 1408.

     8) в иных предусмотренных законами Республики Казахстан случаях.



                   21. Выезд из Республики Казахстан

                   иностранцев и лиц без гражданства

     Абзац первый утратил силу - постановлением Правительства РК

от 31 октября 1995 г. N 1408.


     При выезде из Республики Казахстан иностранных граждан и лиц

без гражданства, постоянно проживающих в Республике Казахстан,

представляются документы, предусмотренные частями 2-6 пункта 6

настоящего Положения.



               22. Основания для временных ограничений в праве

                      на выезд из Республики Казахстан

                      иностранцев и лиц без гражданства


     Ограничения на выезд иностранцев, лиц без гражданства из

Республики Казахстан устанавливаются в соответствии с пунктом 8 (за

исключением части 5) настоящего Положения. Органами пограничного

контроля не допускается выезд иностранцев, лиц без гражданства из

Республики Казахстан при отсутствии установленных документов.



               23. Порядок обжалования об отказе в выезде

                   из Республики Казахстан иностранцев

                         и лиц без гражданства



 
       Решение об отказе в выезде иностранцев, лиц без гражданства,

 

постоянно проживающих в Республике Казахстан, из Республики

Казахстан может быть обжаловано в порядке, предусмотренном в пункте

9 настоящего Положения.


                  24. Выдача виз иностранным гражданам

                         и лицам без гражданства


     Порядок выдачи въездных и выездных виз, а также порядок

пребывания иностранных граждан и лиц без гражданства в Республике

Казахстан регламентируются соответствующими нормативными актами и

международными договорами Республики Казахстан.


              25. Привилегии и иммунитеты глав и сотрудников

                   представительств иностранных государств

                               и других лиц


     Настоящее Положение не затрагивает установленных

законодательством Республики Казахстан и международными договорами

Республики Казахстан привилегий и иммунитетов глав и сотрудников

иностранных дипломатических и консульских представительств.


                 VII. Ответственность за незаконный въезд

              и выезд, а также за нарушение правил транзитного

               проезда через территорию Республики Казахстан


               26. Ответственность за незаконный въезд и выезд,

               а также за нарушение правил транзитного проезда

                   через территорию Республики Казахстан



 
       Гражданин Республики Казахстан, иностранец или лицо без гражданства за незаконный выезд из Республики Казахстан, въезд в Республику Казахстан, за нарушение правил транзитного проезда через территорию Республики Казахстан, а равно пересечение границы Республики Казахстан с нарушением установленных правил, а также лица, содействовавшие им в незаконном выезде из Республики Казахстан и въезде в Республику Казахстан, несут ответственность по законам Республики Казахстан.
      Иностранцы и лица без гражданства, не выполняющие принятые в отношении их решения о выдворении, могут быть привлечены к ответственности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Расходы, связанные с выдворением иностранцев и лиц без гражданства из Республики Казахстан, возмещаются за счет выдворяемых лиц, либо организаций или частных лиц, пригласивших иностранца, лиц без гражданства в Республику Казахстан.
      В случае незаконного въезда иностранцев и лиц без гражданства на территорию Республики Казахстан и отсутствия у них средств для оплаты расходов по их выдворению, компетентные органы решают вопрос о возмещении этих расходов с дипломатическими и консульскими представительствами соответствующих стран.
      Сноска. Абзац первый дополнен словами - постановлением Правительства РК от 31 октября 1995 г. N 1408.
 
                     VIII. Международные договоры
 
                   27. Применение международных договоров
 
      Если международным договором Республики Казахстан установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Положении, применяются правила международного договора.