Қазақстан Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Осыған қосылған әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары туралы ереже және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетi мен Қазақ ССР
Министрлер Советiнiң "Ғылым мен техника, әдебиет, өнер және
архитектура саласындағы Қазақ ССР Мемлекеттiк сыйлықтары туралы
ережелерi және Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Қазақ ССР
Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитеттер туралы ережелердi бекiту
туралы" 1989 жылдың 10 қарашасындағы N 347 қаулысы күшiн жойды деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 8 қазандағы
N 841 қаулысымен
Бекiтiлген
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы
Қазақстан Республикалық Мемлекеттiк
сыйлықтары туралы
ЕРЕЖЕ
1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары (бұдан былай "Мемлекеттiк сыйлық" деп аталады) қазақтың және әлемдiк өркениеттiң үздiк жетiстiктерiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасының рухани және мәдени қазынасының құнды байлығы ретiнде қоғамдық кәсiптiк тұрғыдан танылып, сарапшылық баға алған әдебиет, өнер және сәулет шығармалары үшiн берiледi.
2. Мемлекеттiк сыйлыққа жұмыстарды қабылдау аяқталардан кемiнде бiр жыл бұрын жарияланған (басып шығарылған, жұрт алдында орындалған, салынған) әдебиет пен өнер туындылары, ғылыми еңбектер мен сәулет ғимараттары ұсынылады.
Әдебиет, бейнелеу өнерi, сәулет туындылары, ғылыми еңбектер сыйлық берiлетiн күннен кемiнде бес жыл бұрын жарияланған (жұртшылыққа көрсету үшiн қойылған, салынған) болуға тиiс, ал кино және телефильмдер, театр және теледидар спектакльдерi, концерттiк бағдарламалар кемiнде үш жыл бұрын жұртшылық алдында орындалған (прокатқа келiп түскен) болуға тиiс.
Мемлекеттiк сыйлыққа бұрындары ұсынылған жұмыстар Мемлекеттiк сыйлыққа қайыра ұсынуға жатпайды. Мемлекеттiк сыйлыққа бiр үмiткердi бiрнеше жұмыстар бойынша ұсынуға жол берiлмейдi.
3. Мемлекеттiк сыйлықтар екi жылда бiр рет бес сыйлыққа дейiн берiледi. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай мөлшерiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi сол сыйлықты беретiн жылы белгiлеп отырады. Мемлекеттiк сыйлық авторлар тобына берiлген жағдайда сыйлықтың ақшалай бөлiгi олардың арасында тең бөлiнедi.
4. Жұмыстарды ұсынудың тәртiбi мен мерзiмi туралы хабарландыру, сондай-ақ конкурсқа жiберiлген жұмыстардың авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдардың аттары көрсетiлген тiзiм баспасөзде жарияланады.
5. Шығармалардың ұсынылу тәртiбiн, ашық конкурсқа қабылдау мен iрiктеудiң ретiн және олардың Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылғандығы туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комитетi (бұдан былай "Комитет" деп аталады) жүзеге асырады.
6. Мемлекеттiк сыйлыққа жұмыстарды ұсыну хұқығы шығармашылық одақтарға, ұйымдар мен олардың ұжымдарына, сондай-ақ өздерiнiң жарғылары мен ережелерiне сәйкес басқа да заңды мекемелерге берiледi.
Комитет осы Ереженiң 1-бабына жауап бере алатын жұмыстарды қабылдайды.
7. Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған жұмыстар баспасөз беттерiнде, радиохабарларда, еңбек ұжымдарының жиналыстарында, ғылыми, көркемдiк, редакциялық-баспа, сәулеткерлiк кеңестердiң мәжiлiстерiнде, шығармашылық және басқадай да қоғамдық ұйымдарда осы Ереженiң 1-бабына сәйкес мазмұнда талқылануы тиiс.
Талқылаудың материалдары, пiкiрлер, ұсыныстар мен ескертпелер Комитетке жолданып, конкурстық жұмыстарды қараған кезде ескерiлетiн болады.
8. Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерi туындылары көрмесiн көрудi, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды, сәулет шығармаларымен танысуды Комитетпен бiрлесiп ұйымдастыру - тиiсiнше Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгiне, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiне, Сәулет және құрылыс жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, "Қазақкино" концернiне, шығармашылық одақтарға жүктеледi.
9. Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған ұжымға шешушi үлес қосқан негiзгi авторлар ғана енгiзiлуi тиiс, ұсынылған ұжымға адамдарды тек әкiмшiлiк қызметiнiң сипаты бойынша енгiзуге жол берiлмейдi. Ұсынылғандар саны әдетте 5 адамнан аспауы керек.
10. Мемлекеттiк сыйлықтарды беру туралы шешiмдi Комитет жасырын дауыспен қабылдайды да, ол шешiм Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен соң күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Мемлекеттiк сыйлықтарды беру туралы қаулысы Республика күнiне орай баспа сөзде жарияланады.
11. Мемлекеттiк сыйлықтың лауреатының жаңа iрi жетiстiктерi болған жағдайда бұл сыйлық оған қайталап берiлуi мүмкiн.
12. Мемлекеттiк сыйлық алған адамдарға "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" атағы берiлiп, диплом, құрмет белгiсi (сипаттамасы берiлiп отыр) мен куәлiк тапсырылады. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етiледi.
13. Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктердi пайдаланады.
14. Мемлекеттiк сыйлықтың қайтыс болған немесе марқұм болғаннан кейiн наградталған лауреатының дипломы мен құрмет белгiсi ескерткiш ретiнде оның жанұясында қалдырылады немесе берiледi. Сыйлықтың ақшалай бөлiгi азаматтық заңдарда көзделген тәртiп бойынша мұра ретiнде берiледi.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 8 қазандағы
N 841 қаулысымен
Бекiтiлген
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитетi (бұдан былай "Комитет" деп аталады) мемлекеттiк-қоғамдық ұйым саналады, неғұрлым беделдi жазушылардан, композиторлардан, әдебиетшi-ғалымдардан, суретшiлерден, сәулетшiлерден, дизайнерлерден, өнер зерттеушiлерi мен мәдениет қайраткерлерiнен құралады. Комитеттiң жекелей құрамын Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетi бес жылдық мерзiмге бекiтедi. Комитет құрамында әрi кеткенде екi мерзiм болуға жол берiледi. Комитет құрамының тiзiмi және ондағы өзгерiстер туралы ақпарат баспасөзде жарияланады.
Комитеттiң сандық құрамы 50 адамнан, ал оның президиумы 9 адамнан аспауы тиiс.
Ескерту. 1-тармақтың бiрiншi абзацы сөйлеммен толықтырылған -
ҚРМК-нiң 22.12.1994 ж. N 1448 қаулысымен.
2. Комитет жұмысына оның төрағасы басқаратын президиум басшылық жасайды.
3. Комитет өз қызметiнiң мақсатына сәйкес:
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтарына (бұдан былай "Мемлекеттiк сыйлық"деп аталады) ұсынылатын жұмыстарды алдын-ала қарап, қабылдайды, оларды ұсыну тәртiбi қатаң сақталуын белгiлейдi;
жұмыстарды iрiктейдi және конкурсқа қатыстыруға жiберу туралы ұсыныс енгiзедi, жiберiлген жұмыстардың авторлары мен оларды ұсынған ұйымдары көрсетiлген тiзiмдi баспасөзде жариялайды, ол жұмыстардың кеңiнен әрi ашық түрде талқылануын ұйымдастыруға қатысады;
конкурс қажi берiлген жұмыстарды шығармашылық пiкiрталас, жоғары талапшылдық пен принципшiлдiк жағдайында қарастырып, Комитетке келiп түскен қоғамдық талқылаудың барлық материалдарын басқа да құжаттарды зерттейдi, сыйлықтарды беру туралы шешiм қабылдайды және оны бекiту үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне енгiзедi;
Мемлекеттiк сыйлықтың лауреатының дипломын, куәлiгi мен құрмет белгiлерiн ресiмдейдi.
4. Комитетке мынадай хұқық берiледi:
Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарастырып, бұл жұмыстардың деңгейi туралы қорытындылар жасап және солар жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн әдебиеттiң, өнер мен сәулеттiң, дизайнның жекелеген салалары, көркем шығармашылықтың теориясы мен тарихы бойынша секциялар мен сарапшылық комиссиялар құруға;
Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарды сараптан өткiзу үшiн ғылыми, шығармашылық және мемлекеттiк ұйымдарға жiберуге. Сыйлықтарды алу үшiн түскен жұмыстарды рецензиялауға әдебиет, өнер, сәулет, көркем шығармашылықтың теориясы мен тарихы саласындағы мамандарды қатыстыруға;
Театр қойылымдарымен, монументалды өнер, сәулет туындыларымен және басқа жұмыстармен, сондай-ақ сыйлыққа ұсынылғандардың шығармашылық үлесiмен жергiлiктi жерлерде танысу үшiн Комитет мүшелерiн, сарапшыларды немесе сарапшылық комиссияларды жiберуге;
Комитет мүшелерiмен эксперттердiң iссапар шығынын, сондай-ақ қатыстырылған мамандардың жұмысын белгiленген смета аясында ақы төлеуге.
5. Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарды Комитет екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде Комитеттiң президиумы жұмыстарды сыйлыққа ұсыну конкурсына қатыстыру үшiн iрiктейдi, екiншi кезеңде Комитет сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.
Жұмыстарды алдын-ала iрiктеу туралы шешiм Комитеттiң президиумына көпшiлiк ашық дауыспен қабылданады.
Мемлекеттiк сыйлықтарды беру туралы шешiмдi Комитет жабық дауыспен қабылдайды. Мемлекеттiк сыйлықты беру үшiн жұмыс мәжiлiске қатысушы Төралқа мен Комитеттiң тиiстi секциясы мүшелерiнiң қатысушылардың 3/4 дауысын алуы тиiс. Төралқа мен тиiстi секцияның мәжiлiстерi өз құрамдарының кемiнде 2/3 қатысқан жағдайда хұқылы деп саналады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
22.12.1994 ж. N 1448 қаулысымен.
6. Егер Мемлекеттiк сыйлыққа Комитет мүшесiнiң жұмысы ұсынылған ретте оның авторы Комитеттiң сол сыйлыққа ұсынылған шығармаларды қарайтын секциялары мен мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайды.
7. Комитеттiң Мемлекеттiк сыйлықтарды беру туралы шешiмдерi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынылады,
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы Республика
күнiне орай республикалық баспасөзде жарияланады.
8. Комитеттiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз аты
жазылған мөрi болады.
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
сыйлықтары жөнiндегi Ережеге
Қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығы
лауреатының омырауға тағатын құрмет белгiсiнiң
СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреатының құрмет белгiсi диаметрi 25 мм дұрыс шеңбер түрiнде болады.
Белгiнiң бет жағында (тегiс фонда) шеңбердiң сол жағын бойлай лавр бұтағының бедерлi бейнесi және оң жағында жоғарыда - қазақтың оюы салынған.
Белгi негiзiнiң бүйiрi жылтыр. Белгiнiң сырт жағында төрт жолға: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" деп жазылған және сызық жүргiзiлiп, оның астынан белгiнiң ойып басылған нөмiрi орналастырылған.
Белгi шығыршық пен сақина арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Жалауы бейнеленген, көк жолақ (жолақтың енi 12,5 мм) муар лентамен қапталған тiк бұрышты колодкамен жалғастырылған. Колодканың ұзындығы белгiнiң диаметрiне, енi - оның ұзындығының жартысына тең. Колодканың сырт жағында белгiнi киiмге тағатын түйреуiш бар.
Құрмет белгiсiнiң негiзi, колодка және белгiнiң қалған бөлшектерi жезден жасалып, алтын жалатылған.