Мұнай кәсiпшiлiгi жабдықтарын шығаруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 қазандағы N 902 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Мұнай өндiрушi өнеркәсiптi бiрiншi кезекте дамытуға және оны машиналармен және жабдықтармен қамтамасыз ету iсiне мемлекеттiк тұрғыда маңыз бере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi: 
      1992 жылы Петровский атындағы зауытта СКД-6 тектес тербелме станоктардың 100 данасын, ал 1993 жылдан бастап жылына кем дегенде 250 данадан жасап шығаруды; 
      Петровский атындағы зауытының бұйымдардың алғашқы тобын шығаруға байланысты артық жұмсаған 25 миллион сом шығынын өтеудi; 
      "Қазауырөнеркәсiпарматура" өндiрiстiк бiрлестiгiнде бағандық қалпақшалардың, фонтандық және энергетикалық арматураның әр атауы бойынша 5 данадан бiрiншi өнеркәсiптiк тобының 1993 жылғы қаңтардан бастап шығаруды ұйымдастырсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы Петровский атындағы зауытқа өндiрiстi техникалық жағынан әзiрлеу үшiн инвестициялық қор есебiнен 25 миллион сом мөлшерiнде жеңiлдетiлген несие бөлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнен: 
      1992 жылы Петровский атындағы зауыт пен "Қазауырөнеркәсiпарматура" өндiрiстiк бiрлестiгiне жаңадан игерiлетiн өнiмдер үшiн шикiзат, жинақтаушы материалдар сатып алуға тиiсiнше 57 және 60 миллион сом мөлшерiнде жеңiлдетiлген несие бөлу туралы; 
      "Қазауырөнеркәсiпарматура" өндiрiстiк бiрлестiгiне республика iшiндегi ведомстволардың өзара есеп айырысуы үшiн берiлген 32,45 миллион сом мөлшерiндегi несие бойынша төлену мерзiмiн 1992 жылғы 1-желтоқсанға дейiн ұзарту туралы сұралсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Мемэкономкомы, Өнеркәсiп министрлiгi 1992 жылғы 1-желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында мұнай кәсiпшiлiгiне аса дiлгір жабдықтарды шығару бағдарламасын әзiрлесiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Об оpганизации пpоизводства нефтепpомыслового обоpудования

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 27 октябpя 1992 года N 902. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 мая 2008 года N 406.

       Сноска. Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 27 октябpя 1992 года N 902 утратило силу постановлением Правительства РК от 04.05.2008  N 406 .

      Придавая важное государственное значение первоочередному развитию нефтедобывающей промышленности и обеспечению ее машинами и оборудованием, Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет: 
      1. Министерству энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан организовать: 
      в 1992 году на заводе имени Петровского производство и выпуск 100 единиц станков-качалок типа СКД-6, а начиная с 1993 года не менее чем по 250 единиц в год. 
      Возместить заводу имени Петровского превышенные затраты, связанные с выпуском первых партий изделий, в сумме 25 млн.рублей; 
      с января 1993 г. на производственном объединении "Казтяжпромарматура" выпуск первой промышленной партии колонных головок, фонтанной и энергетической арматуры в количестве 5 штук каждого наименования. 
      2. Госэкономкомитету Республики Казахстан выделить заводу имени Петровского льготный кредит в размере 25 млн.рублей за счет инвестиционного фонда для проведения технической подготовки производства. 
      3. Просить Национальный государственный банк Республики Казахстан: 
      о выделении в 1992 году заводу имени Петровского и производственному объединению "Казтяжпромарматура" льготного кредита в размере соответственно 57 и 60 млн.рублей на приобретение сырья, материалов, комплектующих для вновь осваиваемой продукции; 
      об отсрочке до 1 декабря 1992 г. платежей по ссуде в размере 32,45 млн.рублей, выданной производственному объединению "Казтяжпромарматура" для проведения внутриреспубликанского межведомственного зачета. 
      4. Министерству энергетики и топливных ресурсов, Госэкономкомитету, Министерству промышленности Республики Казахстан разработать до 1 декабря 1992 г. программу производства остродефицитного нефтепромыслового оборудования на предприятиях Республики Казахстан. 

 
      Премьер-министр 
      Республики Казахстан