1. Халықаралық "ТАИМ" қаржы корпорациясын құру мен оның қызметiнiң негiзгi бағыттары мақұлдансын.
Аталған корпорацияның қызметi өзiн-өзi қаржыландыру және өзiн-өзi өтеу принципiнде мемлекеттiң қаржы қаражатын тартусыз жүзеге асырылады.
2. Халықаралық "ТАИМ" қаржы корпорациясының құрамында
"ТАИМ-Банк" акционерлiк банкiнiң негiзiнде белгiленген тәртiппен құрылған Қазақстанның әлеуметтiк даму Халықаралық қоры мен Халықаралық "ҚазТАИМ-Банк" қазақстандық банкiнiң жұмыс iстейтiнi еске алынсын. 3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi әлеуметтiк, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық корпорациясына жәрдем және практикалық көмек көрсетсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары