1. Бұдан әрi "Қазақтрейд" ХК-сы деп аталатын халықаралық "Қазақтрейд" компаниясын құруға құптарлықпен қараған жөн.
2. "Қазақтрейд" ХК-сы қызметiнiң негiзгi бағыттары Қазақстан Республикасының мүдделi ұйымдары, кәсiпорындары, коммерциялық құрылымдары мен шетелдiк әрiптестер арасында байланыс орнату мен дамыту, өзара тиiмдi экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруда қаржылық және технологиялық көмек ұйымдастыру, республика экономикасына шет ел инвестицияларын тарту, шет елде қазақстандық фирмалардың көрмелерiн ұйымдастыру және таныстыру, кадрлар даярлауға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсiп, құрылыс, азық-түлiк, денсаулық сақтау, экология, мәдениет, бiлiм беру мен туризм салаларын дамыту жобалары мен бағдарламаларын iске асыруға қатысу, маркетинг жүргiзу мен Қазақстан Республикасының өнiмдерiн шет елге сатуға қызмет көрсету болып табылатыны еске алынсын.
3. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi
"Қазақтрейд" ХК-сын халықаралық телекс және телефакс байланыстарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн. 4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, мемлекеттiк концерндерi, жергiлiктi әкiмдерi "Қазақтрейд" ХК-сының практикалық қызметiне көмек көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi