Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы қызметiн басқаруды жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 21 қаңтар N 53. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.31. N 1321 қаулысымен.

      Азаматтық авиацияны дамыту мен пайдаланудың бiртұтас мемлекеттiк саясатын жүргiзу, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының транспорт кешенiн басқаруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 3 ақпандағы N 90 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 5, 84-бап) және "Қазақ КСР-iнiң территориясында азаматтық авиацияның қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi" деген 1991 жылғы 3 желтоқсандағы N 760 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне азаматтық авиацияны мемлекеттiк басқарудың мынадай функциялары:
      а) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация субъектiлерiнiң мына мәселелер:
      - әуе кеңiстiгiн пайдалану;
      - әуе кемелерiнiң ұшуын және ұшу жарамдылығы нормаларын қамтамасыз ету;
      - авиация оқиғаларын тексеру, табиғи зiлзала мен басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жою, iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу;
      - азаматтық авиацияны пайдаланушыларды белгiлеу, тiркеу және қызметiн қамтамасыз ету;
      - жолаушылар мен жүктердiң тасылуын, әуе тасымалының, авиациялық жұмыс пен қызмет көрсетудiң сапалық стандарттарын қамтамасыз ету;
      - азаматтық авиацияны пайдаланушыларды куәлiктендiру;
      әуе кемелерiнiң, аэродромдар мен азаматтық авиацияны пайдаланушылардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет тәртiбiн реттейтiн заңдар мен заңдық актiлерiнiң жобаларын, стандарттарды, нормаларды, ережелер мен рәсiмдердi әзiрлеу, мүдделi органдармен келiсу және белгiленген тәртiппен бекiту;
      б) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамытудың тұжырымдамаларын, мемлекеттiк және мемлекетаралық бағдарламаларын әзiрлеу, келiсу және белгiленген тәртiппен бекiту;
      в) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын мемлекеттiк бюджетпен қаржыландыру саясаты жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру және оны жүргiзу;
      г) авиация кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алып, жекешелендiру бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу әрi оларды жүзеге асыруға қатысу және меншiктiң әр алуан нысандарына негiзделген жаңа құрылымдар құру, сондай-ақ олардың қызмет атқаруына рұқсат ету жөнiнде келiсу;
      д) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектiлерiне мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      е) мемлекетаралық және халықаралық авиациялық ұйымдарда Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының еркiн бiлдiру, азаматтық авиация саласындағы мемлекетаралық шарттардың жобаларын әзiрлеу және олардың жасалуына қатысу жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi мен Қазақ азаматтық авиация басқармасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы әуе көлiгiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 31 тамыздағы N 899 Жарлығына сәйкес өз қызметiн Мемлекетаралық авиация комитетiмен үйлестiретiн болсын.
      3. <*>
      Ескерту. Осы қаулының 3 тармағының күшi жойылды - ҚРМК-нiң
               1994 ж. 6 қаңтар N 29 қаулысымен.
      4. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк басқару функцияларының бөлiнуiне байланысты Мемлекетаралық авиация комитетiнiң Кеңесiне қосымша Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң өкiлi жiберiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақ азаматтық авиация басқармасымен бiрлесе отырып, Қазақ азаматтық авиация басқармасын Ұлттық мемлекеттiк акционерлiк авиакомпания етiп қайта құру бағдарламасын қарап, 1993 жылдың 1 сәуiрiне дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi мен Қазақ азаматтық авиация басқармасы:
      азаматтық авиацияда мемлекеттiк және өндiрiстiк-шаруашылық басқару функцияларын шектеу жөнiндегi жұмысты жалғастырсын және 1993 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң орталық аппараты құрамында Азаматтық авиация департаментiн құру туралы ұсыныс енгiзсiн;
      "Азаматтық авиацияны пайдаланушыларды пайдалану тұрғысында куәлiктендiру рәсiмдерi мен инспекциялау жөнiндегi Уақытша нұсқаманы" әзiрлеп, күшiне енгiзсiн;
      екi ай мерзiм iшiнде Қазақ азаматтық авиация басқармасының Жарғысын осы қаулымен сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      7. Осы қаулының 1-тармағында келтiрiлген мемлекеттiк басқару функцияларын атқару үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiне тиiстi еңбек ақы қоры бар қосымша сегiз штаттық қызмет орны бөлiнсiн.
      8. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР-iнiң территориясында азаматтық авиацияның қызметiн қамтамасыз ету мәселелерi" деген 1991 жылғы 3 желтоқсандағы N 760 қаулысының 2 тармағындағы екiншi абзацының күшi жойылған деп танылсын.

             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

О совершенствовании управления деятельностью гражданской авиации Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 21 января 1993 года N 53. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31 октября 1996 г. N 1321 ~P961321.

      В целях проведения единой государственной политики развития и использования гражданской авиации, реализации  постановлений  Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 февраля 1992г. N 90 "О мерах по совершенствованию управления транспортным комплексом Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1992г., N 5, ст.84) и от 3 декабря 1991г. N 760 "Вопросы обеспечения деятельности гражданской авиации на территории Казахской ССР" Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      1. Возложить на Министерство транспорта Республики Казахстан следующие функции государственного управления гражданской авиацией: 
      а) разработку, согласование с заинтересованными органами и утверждение в установленном порядке проектов законодательных и подзаконных актов, стандартов, норм, правил и процедур, регламентирующих порядок деятельности субъектов гражданской авиации на территории Республики Казахстан по вопросам: 
      - использования воздушного пространства; 
      - обеспечения полетов и норм летной годности воздушных судов; 
      - расследования авиационных происшествий, ликвидации последствий стихийных бедствий и других чрезвычайных ситуаций, проведения поисково-спасательных работ; 
      - создания, регистрации и условий обеспечения деятельности эксплуатантов гражданской авиации; 
      - обеспечения перевозок пассажиров и грузов, стандартов качества воздушных перевозок, авиационных работ и услуг; 
      - сертификации эксплуатантов гражданской авиации; 
      - ведения Государственного реестра воздушных судов, аэродромов и эксплуатантов гражданской авиации; 
      б) разработку, согласование и утверждение в установленном порядке концепций, государственных и межгосударственных программ развития гражданской авиации Республики Казахстан; 
      в) формирование предложений и проведение политики государственных бюджетных ассигнований гражданской авиации Республики Казахстан; 
      г) разработку предложений и участие в реализации программ разгосударствления, приватизации авиапредприятий и создание новых организационных структур, основанных на различных формах собственности, а также согласование разрешений на их деятельность; 
      д) разработку предложений по совершенствованию государственного управления субъектами гражданской авиации Республики Казахстан; 
      е) представление гражданской авиации Республики Казахстан в межгосударственных и международных авиационных организациях, разработку проектов межгосударственных договоров в области гражданской авиации и участие в их заключении. 
      2. Министерству транспорта Республики Казахстан и Казахскому управлению гражданской авиации координировать свою деятельность с Межгосударственным авиационным комитетом в соответствии с  Указом  Президента Республики Казахстан от 31 августа 1992г. N 899 "О мерах по обеспечению безопасности воздушного транспорта Республики Казахстан". 
      3. Пункт 3 признан утратившим силу постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 января 1994 года N 29. 
      4. В связи с разделением функций государственного управления гражданской авиацией дополнительно делегировать в Совет Межгосударственного авиационного комитета представителя Министерства транспорта Республики Казахстан. 
      5. Министерству транспорта Республики Казахстан, Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу, Государственному комитету Республики Казахстан по антимонопольной политике совместно с Казахским управлением гражданской авиации рассмотреть и представить до 1 апреля 1993г. в Кабинет Министров Республики Казахстан на утверждение программу преобразования Казахского управления гражданской авиации в Национальную государственную акционерную авиакомпанию. 
      6. Министерству транспорта Республики Казахстан и Казахскому управлению гражданской авиации: 
      продолжить работу по разграничению функций государственного и производственно-хозяйственного управления в гражданской авиации и до 1 июля 1993г. внести предложение о создании в составе центрального аппарата Министерства транспорта Республики Казахстан Департамента гражданской авиации; 
      разработать и ввести в действие Временное руководство по процедурам эксплуатационной сертификации и инспектированию эксплуатантов гражданской авиации; 
      в двухмесячный срок внести предложения по приведению в соответствие с настоящим постановлением Устава Казахского управления гражданской авиации. 
      7. Для выполнения функций государственного управления, перечисленных в пункте 1 настоящего постановления, Министерству транспорта Республики Казахстан выделить дополнительную штатную численность в количестве восьми единиц с соответствующим фондом оплаты труда. 
      8. Признать утратившим силу абзац второй пункта 2 постановления Кабинета Министров Казахской ССР от 3 декабря 1991г. N 760 "Вопросы обеспечения деятельности гражданской авиации на территории Казахской ССР". 

 
      Премьер-министр
      Республики Казахстан