Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы Ғылым қоры туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 наурыз 1993 ж. N 218 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.24. N 1048 қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар

министрлiгi жанындағы Ғылым қоры туралы осыған қосылған Ереже

бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы    

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1993 жылғы 19 наурыздағы

                                          N 218 қаулысымен

                                            Бекiтiлген


        Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар           

               министрлiгi жанындағы Ғылым қоры туралы

                             Ереже


                   Жалпы Ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа техникалар министрлiгi жанындағы Ғылым қоры (бұдан әрi - Қор) "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы N 61 қаулысына сәйкес республиканың өндiрiстiк әлеуетiн дамытуда принциптi маңызы бар iргелi және iздестiру зерттеулерiн мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн құрылған.
      Қор Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы қоғамдық-мемлекеттiк ұйым болып табылады.
      2. Қор өз қызметiнде "Қазақстан Республикасындағы ғылым мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат туралы" Заңды, Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi туралы Ереженi, осы Ереже мен тиiстi нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады.
      3. Қор қаражаты:
      республикалық бюджеттен ғылымға көзделген 3 процент мөлшерiндегi аударымдар есебiнен;
      министрлiктердiң, ведомстволардың және мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарының мақсатты жәрдем ақшаларынан;
      кәсiпорындардың, ұйымдардың, бiрлестiктердiң тапқан пайдасынан ерiктi түрде аударымдарынан;
      нақтылы ғылыми бағыттар мен проблемалар бойынша зерттеулер жүргiзуге мүдделi тапсырыс берушiлердiң мақсатты жарналарынан;
      республикалық және шетелдiк ұйымдардың, жекелеген азаматтардың қайырымдылық үлестерiнен құралады.
      4. Қор Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiне салық төлеуден босатылады.
 
                    Қордың мақсаттары мен мiндеттерi
 
      5. Қазақстандық және әлемдiк ғылымның деңгейiн талдау негiзiнде Қор Кеңесi қордан қаржыландырылатын iргелi және iздестiру ғылыми зерттеулердiң тақырыбын белгiлейдi.
      Бұл ретте Қор Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Экономика министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы белгiлеген республикадағы ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарын негiзге алады.
      6. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      ғылыми ұйымдар мен ұжымдардың, жоғары оқу орындарының және жекелеген ғалымдардың ұсыныстары iшiнен тәуелсiз сараптаудың қорытындылары бойынша iрiктеп алынған iргелi және iздестiру зерттеулердi, бастамалы да тәуекелдi тақырыптарды, сондай-ақ республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды гранттар түрiнде мақсатты қаржыландыру;
      шетелдерде кадрлар даярлауды қосқанда, ғылым мен техниканың перспективалы және жаңа бағыттары жөнiндегi кадрларды даярлау бағдарламаларын iске асыру;
      ғылыми-техникалық әлеуеттi қалыптастыруда республиканың аймақтық ғылыми орталықтарына көмек көрсету;
      ғылымның жаңа бағыттары бойынша халықаралық ғылыми бағдарламалардың негiзiнде бiрлескен зерттеулердi ұйымдастыру жөнiндегi шетелдермен халықаралық байланыстарды дамыту болып табылады.
 
             Қор қаражатын қаржыландыру мен бөлу тәртiбi
 
      7. Қордан iргелi және iздестiру жұмыстарын қаржыландыру конкурстық таңдау мен тәуелсiз сараптаудың қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
      Қордан қаржыландыруға оларға Қор қаражатының көпшiлiк бөлiгi бағытталатын iргелi және iздестiру ғылыми зерттеулерi басымдылық алады.
      8. Қор қаражатын Қор Кеңесi бөледi және ол Қор мен жұмыстарды орындайтын заңды ұйымдар арасында жасалған шарттар бойынша қаржыландырылады. Заңды ұйымдар жұмыс аяқталғаннан кейiн бөлiнген қаржының пайдаланылуы туралы қаржылық есеп түсiредi.
      9. Еңбектердi Қор қаражаты есебiнен қаржыландыру iсi бiр жылға ашылады. Қор Кеңесi жыл сайын жұмыстарды жалғастыру немесе тоқтату туралы шешiм қабылдайды.
      10. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiз болған жағдайда Қор Кеңесi қаржыландыруды тоқтатады да қаражатты қайтадан бөлудi жүзеге асырады.
 
                    Қорды басқару
 
      11. Қордың жоғары органы Қор Кеңесi болып табылады, оның құрамына Кеңестiң Төрағасы, орынбасары, мүшелерi кiредi. Қор Кеңесiнiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң алқасы үш жыл мерзiмге бекiтедi. Аталған мерзiм өткеннен кейiн Кеңес құрамының кем дегенде үштен бiрi жаңартылады.
      12. Қордың Кеңесi:
      Қордан қаржыландыру үшiн iргелi және iздестiру ғылыми зерттеулердiң басым бағыттарын айқындайды;
      конкурстың шарттарын бекiтедi, өткiзiлген жобалардың конкурстық таңдалуын қаржыландыру туралы шешiм қабылдайды;
      Қордың қаражатын бөледi және оның пайдаланылуына бақылау жасайды;
      мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдармен, соның iшiнде халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынаста Қордың еркiн бiлдiредi.
      13. Кеңестiң жұмысына Төраға басшылық етедi. Кеңестiң мәжiлiсi, егер оған мүшелерiнiң кемiнде екiден үшi қатысқанда өкiлеттi деп есептеледi. Кеңестiң шешiмдерi дауыстың жай көпшiлiгiмен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      Кеңестiң мәжiлiстерi ашық өткiзiледi, хаттамалармен ресiмделедi.
      14. Қордың ағымдағы қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң аппараты жүзеге асырады.
      15. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Болжамдау мен ғылыми-техникалық прогрестi дамыту Бас басқармасы:
      iргелi және iздестiру зерттеулерiн қаржыландыруға ғылыми мекемелерден, жоғары оқу орындарынан, шетелдiктермен қоса, ұжымдар мен жекелеген ғалымдардан түскен жобаларды (өтiнiмдердi) қабылдайды және оларды Кеңес мәжiлiстерiнде қарау үшiн әзiрлейдi;
      конкурс өткiзедi әрi түскен жобаларға тәуелсiз сараптау ұйымдастырады және қаржыландыру үшiн қажеттi қаражаттың мөлшерi туралы Кеңеске ұсыныстар әзiрлейдi;
      орындаушылардың жұмыстарды тындыру мерзiмдерiн сақтауын, сондай-ақ бөлiнген қаражаттың мақсатты түрде пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етедi;
      Қордың шығыстары мен кiрiстерi сметаларының орындалуы туралы есептердi Қор Кеңесiнiң бекiтуiне ұсынады, қор Кеңесiнiң iс қағаздарын жүргiзедi.
      16. Қор қаражатының есебiн жүргiзудi Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Бас жоспарлау-экономикалық басқармасы мен бухгалтерлiк есеп пен есеп беру бөлiмi жүзеге асырады.
      17. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру Қор Кеңесiнiң Төрағасы бекiткен тақырыптар бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен жасалған шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
 

Об утверждении Положения о Фонде науки при Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 марта 1993 года N 218. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 24 сентября 2002 г. N 1048 ~P021048 .

      Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Утвердить прилагаемое Положение о Фонде науки при Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан.
 
             Премьер-министр
          Республики Казахстан
 

                                          УТВЕРЖДЕНО



                               постановлением Кабинета Министров

                                     Республики Казахстан

                                  от 19 марта 1993г. N 218



 
 
                                ПОЛОЖЕНИЕ
                  О Фонде науки при Министерстве науки
                и новых технологий Республики Казахстан
 
                            Общие положения
      1. Фонд науки при Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан (далее - Фонд) создан в соответствии с Законом Республики Казахстан Z921100_ "О науке и государственной научно-технической политике Республики Казахстан", постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 22 января 1993г. N 61 P930061_ "О мерах по совершенствованию планирования и финансирования науки и научно-технических программ в Республике Казахстан" для обеспечения целевого финансирования фундаментальных и поисковых исследований, имеющих принципиальное значение для развития производственного потенциала республики.
      Фонд является общественно-государственной организацией при Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан.
      2. В своей деятельности Фонд руководствуется Законом "О науке и государственной научно-технической политике Республики Казахстан", Положением о Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан, настоящим Положением и соответствующими нормативными документами.
      3. Средства Фонда формируются:
      за счет отчислений из республиканского бюджета, предусмотренных на науку, в размере 3 процентов;
      целевых субсидий министерств, ведомств и других органов государственного управления;
      добровольных отчислений от прибыли предприятий, организаций, объединений;
      целевых взносов заказчиков, заинтересованных в проведении исследований по конкретным научным направлениям и проблемам;
      благотворительных вкладов республиканских и иностранных организаций, отдельных граждан.
      4. Фонд освобождается от уплаты налогов в республиканский бюджет Республики Казахстан.
 
                          Цели и задачи Фонда
 
      5. На основе анализа уровня казахстанской и мировой науки Совет Фонда определяет тематику фундаментальных и поисковых научных исследований, финансируемых из Фонда.
      При этом Фонд исходит из приоритетных направлений науки и научно-технического прогресса в республике, определенных Министерством науки и новых технологий Республики Казахстан, Национальной академией наук Республики Казахстан.
      6. Основными направлениями деятельности Фонда являются:
      целевое финансирование в виде грантов фундаментальных и поисковых исследований, инициативных и рисковых тем, отбираемых по результатам независимой экспертизы из числа предложенных научными организациями и коллективами, высшими учебными заведениями и отдельными учеными, а также республиканских целевых научно-технических программ;
      реализация программ подготовки кадров по перспективным и новым направлениям науки и техники, включая подготовку кадров в зарубежных странах;
      оказание помощи региональным научным центрам республики в формировании научно-технического потенциала;
      развитие международных связей с зарубежными странами по организации совместных исследований на основе международных научных программ по новым направлениям науки.
 
                 Порядок финансирования и распределения
                             средств Фонда
 
      7. Финансирование фундаментальных и поисковых работ из Фонда производится на основе конкурсного отбора и заключения независимой экспертизы.
      Приоритет в финансировании имеют фундаментальные и поисковые научные исследования, на которые направляется подавляющая часть средств Фонда.
      8. Средства Фонда распределяются Советом Фонда и финансируются по договорам, заключаемым между Фондом и юридическими лицами - исполнителями работ. Юридические лица по окончании работ представляют финансовый отчет об использовании выделенных средств.
      9. Финансирование работ за счет средств Фонда открывается на один год. Совет Фонда ежегодно принимает решение о продолжении или прекращении работ.
      10. В случае бесперспективности проводимых исследований Совет Фонда прекращает их финансирование и осуществляет перераспределение средств.
 
                           Управление Фондом
 
      11. Высшим органом управления Фонда является Совет, в состав которого входят председатель, его заместитель и члены Совета. Персональный состав Совета Фонда утверждается коллегией Министерства науки и новых технологий Республики Казахстан на трехлетний срок. По истечении указанного срока состав Совета обновляется не менее чем на одну треть.
      12. Совет Фонда:
      определяет приоритетные направления фундаментальных и поисковых научных исследований для финансирования из Фонда;
      утверждает условия конкурса, принимает решение о финансировании прошедших конкурсный отбор проектов;
      распределяет средства Фонда и контролирует их использование;
      представляет Фонд во взаимоотношениях с государственными и общественными организациями, в том числе международными.
      13. Работой Совета Фонда руководит председатель. Заседание Совета считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей членов. Решения Совета принимаются простым большинством голосов. При равенстве голосов решающим является голос председателя.
      Заседания Совета проводятся открытыми, оформляются протоколами.
      14. Обеспечение текущей деятельности Фонда осуществляется аппаратом Министерства науки и новых технологий Республики Казахстан.
      15. Главное управление прогнозирования и развития научно-технического прогресса Министерства науки и новых технологий Республики Казахстан:
      принимает поступающие от научных учреждений, высших учебных заведений, коллективов и отдельных ученых, включая зарубежных, проекты (заявки) на финансирование фундаментальных и поисковых исследований и готовит их для рассмотрения на заседаниях Совета Фонда;
      проводит конкурс и организует независимую экспертизу поступивших проектов и готовит предложения Совету Фонда о размерах средств, необходимых для их финансирования;
      обеспечивает контроль за соблюдением исполнителями сроков выполнения работ, а также за целевым использованием выделяемых средств;
      вносит на утверждение Совета Фонда отчеты об исполнении сметы расходов и доходов Фонда, ведет делопроизводство Совета Фонда.
      16. Учет средств Фонда осуществляется Главным планово-экономическим управлением и отделом бухгалтерского учета и отчетности Министерства науки и новых технологий Республики Казахстан.
      17. Финансирование научно-исследовательских работ осуществляется на основании договоров, заключенных с Министерством науки и новых технологий Республики Казахстан по темам, утвержденным председателем Совета Фонда.