1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы зауыт-ВТУЗ-ды Қарағанды металлургия институты етiп қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жоғары оқу
орнының республиканың металлургия өнеркәсiбiнiң инженер кадрлары жөнiндегi қажетiн қанағаттандырарлықтай құрылымы мен мамандықтар номенклатурасын белгiлесiн. Қарағанды облыстық әкiмшiлiгiмен бiрлесiп Қарағанды металлургия институтының материалдық-техникалық жасақталуын нығайту және кадрлар әлеуетiн дамыту жөнiнде нақты шараларды көздейтiн болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрi