Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы зауыт-ВТУЗ-ды Қарағанды металлургия институты етiп қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 наурыз 1993 ж. N 221

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы зауыт-ВТУЗ-ды Қарағанды металлургия институты етiп қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi жоғары оқу

орнының республиканың металлургия өнеркәсiбiнiң инженер кадрлары
жөнiндегi қажетiн қанағаттандырарлықтай құрылымы мен мамандықтар
номенклатурасын белгiлесiн.
     Қарағанды облыстық әкiмшiлiгiмен бiрлесiп Қарағанды 
металлургия институтының материалдық-техникалық жасақталуын нығайту
және кадрлар әлеуетiн дамыту жөнiнде нақты шараларды көздейтiн 
болсын.
  
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-министрi    
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады