Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 № 1170 Қаулысымен.
Байланыс саласын мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру, оның жұмысының тұрақтылығы мен сапасын арттыру, мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiне Қазақстан Республикасындағы "Байланыс" саласы мен ақпарат желiлерiн мемлекеттiк басқару, сондай-ақ ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық байланыс құралдары мен жүйелерiн дамыту және оларды республиканың мүддесi үшiн пайдалану жөнiндегi бiрыңғай үйлестiрушi орган болу функциясы сақталсын.
2. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi негiзiнде (республиканың мемлекеттiк бюджетiмен қарым-қатынастарын өзгертпестен) шаруашылық мiндеттердi атқаратын хұқы бар Мемлекеттiк почта мен Қазақтелеком ұлттық акционерлiк компаниясы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
14.12.1994 ж. N 1409 қаулысымен.
(3-тармақ) .
Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 14.12.1994 ж.
N 1409 қаулысына сәйкес.
4. Мемлекеттiк почта Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақтелеком ұлттық акционерлiк компаниясы, радио байланысының, радио хабары мен телевизиясының кәсiпорындары алатын табыстарды қайта бөлу есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.
5. Мемлекеттiк почта аппаратының шектеулi саны Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi орталық аппаратының саны мен сметасы шегiнде республиканың мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға бөлiнген қаржы есебiнен 30 адам болып бекiтiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды - ҚРМК-нiң
1993.08.25. N 728 қаулысымен.
6. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi тиiстi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, Мемлекеттiк почта мен Қазақтелеком ұлттық акционерлiк компаниясы туралы ереженi үш ай мерзiм iшiнде әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
Ескерту. 4,5,6 - тармақтарында сөздер алмастырылған -
ҚРМК-нiң 14.12.1994 ж. N 1409 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрге тиiстi нормативтiк актiлерге өзгерiстер енгiзу туралы келiсiлген ұсыныстарды үш ай мерзiм iшiнде дайындап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне түсiрсiн.
8. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР Байланыс министрлiгiнiң мәселелерi туралы" 1991 жылғы 12 қарашадағы N 688 қаулысының 4-тармағы күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi