Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1170 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
өкімі
1. «Қазақстан Республикасы байланыс жүйелерінің дербестігін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 наурыздағы № 215 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасының Байланыс саласын басқару құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 259 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,№ 11, 131-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің көлік және коммуникация мәселелері жөніндегі кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 желтоқсандағы № 1409 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация мәселелері жөніндегі шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 47, 522-құжат).
4. «Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңіне арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1564 қаулысы.
5. «Ұлттық геостационарлық байланыс және хабар тарату спутнигін жасау және ұшыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 476-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі № 375 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1203 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы № 1077 және 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1203 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 730 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 26, 230-құжат).
9. «Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамын өзгерту жөнінде» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 19 қаңтардағы № 15-ө өкімі.