Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Оман Ойл Компани Лимитед компаниясы арасында Атырау облысының аумағында геологиялық барлау жүргiзу және өнiм бөлiсу жөнiнде шарт жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 8 сәуiр 1993 ж. N 282

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Оман Сұлтандығы Үкiметiнiң арасында Қазақстанның Батысында көмiрсутегi кен орындарына геологиялық барлау жүргiзу, игеру мен пайдаланудың принциптi қағидалары мен шарттары туралы 1992 жылғы 17 маусымда жасасылған Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi ұсынған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Оман Ойл Компани Лимитед компаниясы арасындағы Атырау облысының аумағында геологиялық барлау жүргiзу және өнiм бөлiсу туралы шарттың Атырау облысының әкiмiмен және мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен келiсiлген жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары А. Ә. Жабағинге, Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрi Қ. К. Бәйкеновке, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрi Л. М. Трубниковке, Атырау облысының әкiмi С. К. Түгелбаевқа және "Қазақстанмұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясының президентi Б. Д. Елемановқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан осы аталған шартқа қол қою тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жерге орналастыру және жер қатынастары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптегi жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары осы аталған шарттың шеңберiнде Оман Ойл Компани Лимитед компаниясын барлық қажеттi лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Атырау облысының әкiмiмен және "Қазақстанмұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясымен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Тарапынан Басқарушы комитетке өкiлдер тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Атырау облысының әкiмiмен бiрлесiп, Оман Ойыл Компани Лимитед компаниясы жасайтын төлемдердiң бiр бөлегiн шартқа сәйкес, Атырау облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуына жұмсау жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасының   
     Премьер-министрi     


О заключении договоpа о геологоpазведке и pазделе добычи на теppитоpии Атыpауской области между Пpавительством Республики Казахстан и компанией Оман Ойл Компани Лимитед

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 8 апpеля 1993 г. N 282


      В целях реализации Соглашения о принципиальных положениях и условиях геологоразведки, разработки и эксплуатации месторождений углеводородов на Западе Казахстана между Правительством Республики Казахстан и Правительством Султаната Оман от 17 июня 1992 г. Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Одобрить представленный Министерством энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан и согласованный с главой Атырауской областной администрации и заинтересованными министерствами и ведомствами проект договора о геологоразведке и разделе добычи на территории Атырауской области между Правительством Республики Казахстан и компанией Оман Ойл Компани Лимитед.
      2. Поручить заместителю Премьер-министра Жабагину А.А., Министру энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан Байкенову К.К., Министру геологии и охраны недр Республики Казахстан Трубникову Л.М., главе Атырауской областной администрации Тугельбаеву С.К. и президенту национальной нефтяной компании "Казахстанмунайгаз" Елеманову Б.Д. подписать от имени Правительства Республики Казахстан вышеуказанный договор.
      3. Министерству геологии и охраны недр, Министерству энергетики и топливных ресурсов, Министерству экологии и биоресурсов, Министерству финансов, Министерству экономики, Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан, Государственному комитету Республики Казахстан по землеустройству и земельным отношениям, Государственному комитету Республики Казахстан по надзору за безопасным ведением работ в промышленности и горному надзору, министерствам и ведомствам Республики Казахстан обеспечить компанию Оман Ойл Компани Лимитед всеми необходимыми лицензиями и разрешениями в рамках вышеуказанного договора.
      4. Министерству энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан совместно с Министерством геологии и охраны недр Республики Казахстан, главой Атырауской областной администрации и Национальной нефтяной компанией "Казахстанмунайгаз" в месячный срок внести предложения в Кабинет Министров Республики Казахстан о назначении представителей Казахстанской Стороны в Управляющий комитет.
      5. Министерству финансов, Министерству экономики, Министерству энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан совместно с главой Атырауской областной администрации внести в Кабинет Министров Республики Казахстан предложения о направлении части платежей, выплачиваемых компанией Оман Ойл Компани Лимитед в соответствии с договором, на социально-экономическое развитие Атырауской области.

          Премьер-министр
        Республики Казахстан