1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi ұсынған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Оман Ойл Компани Лимитед компаниясы арасындағы Атырау облысының аумағында геологиялық барлау жүргiзу және өнiм бөлiсу туралы шарттың Атырау облысының әкiмiмен және мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен келiсiлген жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасары А. Ә. Жабағинге, Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрi Қ. К. Бәйкеновке, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрi Л. М. Трубниковке, Атырау облысының әкiмi С. К. Түгелбаевқа және "Қазақстанмұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясының президентi Б. Д. Елемановқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан осы аталған шартқа қол қою тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жерге орналастыру және жер қатынастары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптегi жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары осы аталған шарттың шеңберiнде Оман Ойл Компани Лимитед компаниясын барлық қажеттi лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен, Атырау облысының әкiмiмен және "Қазақстанмұнайгаз" Ұлттық мұнай компаниясымен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Тарапынан Басқарушы комитетке өкiлдер тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Атырау облысының әкiмiмен бiрлесiп, Оман Ойыл Компани Лимитед компаниясы жасайтын төлемдердiң бiр бөлегiн шартқа сәйкес, Атырау облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуына жұмсау жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi