Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын Қазақстан Республикасының Ғылыми және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты етiп қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 30 сәуiр N 336. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.06.14. N 744 қаулысымен. ~P990744

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 наурыздағы N 221 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын (ҚазҒКАҒЗИ) Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялық министрлiгi жанындағы Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты (ҚазмемҒАҒЗИ) етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы ҚазмемҒАҒЗИ мен Қазақстан Республикасы Экономминiнiң жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының тиiстi бөлiктерi Қазақстан Республикасының Экономминi жанындағы ҚазҒКАҒЗИ-дiң құқықтық мұрагерi деп есептелсiн.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1996.01.09.
               N 32 қаулысымен. P960032_
      4. Қазақстан Республикасының Экономминi мен Ғылым және жаңа технологиялар минтистрлiгi ҚазҒКАҒЗИ-дi бөлудi және ҚазмемҒАҒЗИ мен Қазақстан Республикасының Экономминi жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтына тиiстi ғылыми, өндiрiстiк және қосалқы бөлiмшелердi, негiзгi қорларды, айналым қаражатын, материалдық ресурстар мен қызметшiлердiң штат санын берудi он күн мерзiмде жүзеге асыратын болсын.
      5. ҚазмемҒАҒЗИ-ге ғылыми және ақпараттық қызметтiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
      ақпараттық саясатты әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
      ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн, ғылыми-ақпараттық қызметтi, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жинақтау мен халық шаруашылығы мамандарының оған сұранымын жетiлдiру жөнiндегi зерттеулер мен әзiрлемелер жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес құжатты қорлардың, ғылыми-техникалық ақпарат деректерi базаларының, банкiлерiнiң жиынтығы түрiндегi ұлттық ақпарат ресурсын қалыптастыру жұмыстарын үйлестiру және соларға қатысу;
      ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру, сараптау және жүзеге асыру жөнiнде республикада жүргiзiлетiн жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету;
      ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды, диссертацияларды, жарияланбаған алгоритмдердi тiркеу, республикада орындалған ғылыми жұмыстардың қолжазбаларын депоненттеу;
      Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық дамуын басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету;
      республиканың ұжымдық және жеке абоненттерге ақпараттық қызмет көрсету;
      ғылыми-техникалық насихат, аудармашылық және баспагерлiк қызмет;
      ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
      ғылыми-техникалық ақпараттың облыстардағы салааралық орталықтарының қызметiне басшылық жасау;
      республиканың ғылыми-техникалық ақпарат органдары үшiн кадрлар даярлау мен қайта даярлау және халық шаруашылығы мамандарының ақпараттық мәдениетiн көтеру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру.
      6. ҚазмемҒАҒЗИ-ге республика аумағында ғылыми-техникалық ақпаратты мемлекетаралық алмасуды үйлестiретiн Ұлттық ақпарат орталығы қызметi жүктелсiн.
      7. Ғылыми-техникалық ақпараттың облыстардағы салааралық орталықтары қосымшаға сәйкес ҚазмемҒАҒЗИ-ге бағынатын болсын.
      8. ҚазмемҒАҒЗИ-ге ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету саласында республикадағы министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, корпорациялардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдардың ғылыми-техникалық ақпарат органдарының қызметiн үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау жүктелсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Ғылыми және жаңа технологиялар

министрлiгi Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат 
ғылыми-зерттеу институтының Жарғысын әзiрлеп бiр ай мерзiмде
бекiтсiн.
     10. "Қазақ КСР Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
жанында есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және
конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын
құру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 12 
маусымдағы N 373 қаулысы күшiн жойды деп танылсын.
            Қазақстан Республикасы
              Премьер-министрiнiң
               бiрiншi орынбасары   
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 30 сәуiрдегi 
                                           N 336 қаулысына
                                             Қосымша
            Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа
            технологиялар министрлiгi жанындағы Қазақ
       мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
           институтының бағынысындағы облыстық салааралық
              ғылыми-техникалық ақпарат орталықтарының

                           Тiзбесi
     Ақмола облыстық салааралық        Ақмола қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат 
     орталығы
     Ақтөбе облыстық салааралық        Ақтөбе қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Атырау облыстық салааралық        Атырау қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Шығыс Қазақстан облыстық          Өскемен қаласы
     салааралық ғылыми-техникалық
     ақпарат орталығы
     Жамбыл облыстық салааралық        Жамбыл қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Жезқазған облыстық салааралық     Жезқазған қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Қарағанды облыстық салааралық     Қарағанды қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Қостанай облыстық салааралық      Қостанай қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Көкшетау облыстық салааралық      Көкшетау қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Қызылорда облыстық салааралық     Қызылорда қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Павлодар облыстық салааралық      Павлодар қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Солтүстiк Қазақстан облыстық      Петропавл қаласы
     салааралық ғылыми-техникалық
     ақпарат орталығы
     Семей облыстық салааралық         Семей қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Батыс Қазақстан облыстық          Орал қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат
     орталығы
     Оңтүстiк Қазақстан облыстық       Шымкент қаласы
     ғылыми-техникалық ақпарат 
     орталығы
     ҚазмемҒТАИ-дiң Ақтау бөлiмшесi    Ақтау қаласы        
      
      


О преобразовании Казахского научно-исследовательского института научно-технической и конъюнктурно-коммерческой информации с вычислительным центром при Минэкономики Республики Казахстан в Казахский государственный научно-исследовательский институт научно-технической информации при Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 апреля 1993 г. N 336. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 14 июня 1999 г. N 744 ~P990744

      В соответствии с  постановлением  Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 марта 1992 г. N 221 "О Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан" Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      1. Принять предложение Минэкономики, Министерства науки и новых технологий Республики Казахстан, Государственного комитета Республики Казахстан по государственному имуществу, согласованное с Министерством финансов и Министерством труда Республики Казахстан, о преобразовании Казахского научно-исследовательского института научно-технической и конъюнктурно-коммерческой информации с вычислительным центром при Минэкономики Республики Казахстан (КазНИИНКИ) в Казахский государственный научно-исследовательский институт научно-технической информации при Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан (КазгосИНТИ). 
      2. Считать правопреемниками КазНИИНКИ при Минэкономики Республики Казахстан КазгосИНТИ при Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан и Научно-исследовательский институт экономики и рыночных отношений при Минэкономики Республики Казахстан в соответствующей части. 
      3. Передать Научно-исследовательскому институту экономики и рыночных отношений при Минэкономики Республики Казахстан основные фонды, оборотные средства, вычислительные мощности, финансовые, материальные ресурсы и штатную численность персонала соответствующих подразделений и вычислительного центра КазНИИНКИ, переданных ему от ликвидированного постановлением Кабинета Министров Казахской ССР от 12 июня 1991 г. N 371 Научно-исследовательского института по автоматизации процессов планирования и совершенствования структур управления при Госплане Казахской ССР, с учетом их состояния на момент преобразования КазНИИНКИ. 
      Преобразование КазНИИНКИ в КазгосИНТИ осуществить в пределах финансовых и материальных ресурсов, бюджетных ассигнований и других лимитов и нормативов, выделенных КазНИИНКИ, за вычетом средств, передаваемых Научно-исследовательскому институту экономики и рыночных отношений при Минэкономики Республики Казахстан.<*> 
      Сноска. Пункт 3 признан утратившим силу с 20 марта 1996 г. - постановлением Правительства РК от 9 января 1996 г. N 32. 
      4. Минэкономики и Министерству науки и новых технологий Республики Казахстан в десятидневный срок осуществить разделение КазНИИНКИ и передачу КазгосИНТИ и Научно-исследовательскому институту экономики и рыночных отношений при Минэкономики Республики Казахстан соответствующих научных, производственных и вспомогательных подразделений, основных фондов, оборотных средств, материальных ресурсов и штатной численности персонала. 
      5. Установить КазгосИНТИ следующие основные направления научной и информационной деятельности: 
      участие в разработке и реализации информационной политики; 
      проведение исследований и разработок по совершенствованию государственной системы научно-технической информации, научно-информационной деятельности, анализа и обобщения научно-технической информации и потребностей в ней специалистов народного хозяйства; 
      координация работ и участие в формировании национального информационного ресурса в виде совокупности документальных фондов, баз и банков данных научно-технической информации в соответствии с приоритетами научно-технического и социально-экономического развития Республики Казахстан; 
      информационное обеспечение проводимых в республике работ по формированию, экспертизе и реализации научно-технических программ; 
      проведение регистрации научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ, диссертаций, неопубликованных алгоритмов, депонирования рукописей научных работ, выполняемых в республике; 
      информационное обеспечение управления научно-техническим развитием Республики Казахстан; 
      информационное обслуживание коллективных и индивидуальных абонентов республики; 
      научно-техническая пропаганда, переводческая и издательская деятельность; 
      нормативно-методическое обеспечение государственной системы научно-технической информации; 
      руководство деятельностью областных межотраслевых центров научно-технической информации; 
      подготовка и переподготовка кадров для органов научно-технической информации республики и осуществление мероприятий по повышению информационной культуры специалистов народного хозяйства. 
      6. Возложить на КазгосИНТИ функции Национального информационного центра, координирующего на территории республики межгосударственный обмен научно-технической информацией. 
      7. Подчинить КазгосИНТИ областные межотраслевые центры научно-технической информации согласно приложению. 
      8. Возложить на КазгосИНТИ координацию и методическое руководство деятельностью органов научно-технической информации министерств, ведомств, концернов, корпораций, объединений, предприятий, научных учреждений и других организаций республики в области научно-технического информационного обеспечения. 
      9. Министерству науки и новых технологий Республики Казахстан в месячный срок разработать и утвердить Устав Казахского государственного научно-исследовательского института научно-технической информации. 

      10. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Казахской ССР от 12 июня 1991 г. N 373 "О создании Казахского научно-исследовательского института научно-технической и конъюнктурно-коммерческой информации с вычислительным центром при Государственном комитете Казахской ССР по экономике" и пункт 12 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 марта 1992 г. N 221 "О Министерстве науки и новых технологий Республики Казахстан" в части создания Научно-исследовательского института моделирования и автоматизации прогнозирования социально-экономических процессов при Госэкономкомитете Республики Казахстан.

      Первый заместитель
      Премьер-министра
      Республики Казахстан

                                          Приложение
                              к постановлению Кабинета Министров
                                   Республики Казахстан
                                от 30 апреля 1993 г. N 336

                       ПЕРЕЧЕНЬ
        областных межотраслевых центров научно-технической
          информации, находящихся в подчинении Казахского
       государственного научно-исследовательского института
          научно-технической информации при Министерстве
           науки и новых технологий Республики Казахстан

Акмолинский областной межотраслевой                г. Акмола
центр научно-технической информации

Актюбинский областной межотраслевой                г. Актюбинск
центр научно-технической информации

Атырауский областной межотраслевой                 г. Атырау
центр научно-технической информации

Восточно-Казахстанский областной межотраслевой     г. Усть-Каменогорск
центр научно-технической информации

Жамбылский областной межотраслевой                 г. Жамбыл
центр научно-технической информации

Жезказганский областной межотраслевой
центр научно-технической информации                г. Жезказган

Карагандинский областной межотраслевой
центр научно-технической информации                г. Караганда

Кустанайский областной межотраслевой центр
научно-технической информации                      г. Кустанай

Кокчетавский областной межотраслевой центр
научно-технической информации                      г. Кокчетав

Кзыл-Ординский областной межотраслевой
центр научно-технической информации                г. Кзыл-Орда

Павлодарский областной межотраслевой центр
научно-технической информации                      г. Павлодар

Северо-Казахстанский областной межотраслевой
центр научно-технической информации                г. Петропавловск

Семипалатинский областной межотраслевой центр
научно-технической информации                      г. Семипалатинск

Западно-Казахстанский областной межотраслевой
центр научно-технической информации                г. Уральск

Южно-Казахстанский областной межотраслевой
центр научно-технической информации                г. Шымкент

Актауское отделение КазгосИНТИ                     г. Актау