1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын (ҚазҒКАҒЗИ) Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялық министрлiгi жанындағы Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты (ҚазмемҒАҒЗИ) етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң жанындағы ҚазмемҒАҒЗИ мен Қазақстан Республикасы Экономминiнiң жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтының тиiстi бөлiктерi Қазақстан Республикасының Экономминi жанындағы ҚазҒКАҒЗИ-дiң құқықтық мұрагерi деп есептелсiн.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1996.01.09.
N 32 қаулысымен. P960032_
4. Қазақстан Республикасының Экономминi мен Ғылым және жаңа технологиялар минтистрлiгi ҚазҒКАҒЗИ-дi бөлудi және ҚазмемҒАҒЗИ мен Қазақстан Республикасының Экономминi жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институтына тиiстi ғылыми, өндiрiстiк және қосалқы бөлiмшелердi, негiзгi қорларды, айналым қаражатын, материалдық ресурстар мен қызметшiлердiң штат санын берудi он күн мерзiмде жүзеге асыратын болсын.
5. ҚазмемҒАҒЗИ-ге ғылыми және ақпараттық қызметтiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн:
ақпараттық саясатты әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн, ғылыми-ақпараттық қызметтi, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жинақтау мен халық шаруашылығы мамандарының оған сұранымын жетiлдiру жөнiндегi зерттеулер мен әзiрлемелер жүргiзу;
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес құжатты қорлардың, ғылыми-техникалық ақпарат деректерi базаларының, банкiлерiнiң жиынтығы түрiндегi ұлттық ақпарат ресурсын қалыптастыру жұмыстарын үйлестiру және соларға қатысу;
ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру, сараптау және жүзеге асыру жөнiнде республикада жүргiзiлетiн жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету;
ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды, диссертацияларды, жарияланбаған алгоритмдердi тiркеу, республикада орындалған ғылыми жұмыстардың қолжазбаларын депоненттеу;
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық дамуын басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету;
республиканың ұжымдық және жеке абоненттерге ақпараттық қызмет көрсету;
ғылыми-техникалық насихат, аудармашылық және баспагерлiк қызмет;
ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
ғылыми-техникалық ақпараттың облыстардағы салааралық орталықтарының қызметiне басшылық жасау;
республиканың ғылыми-техникалық ақпарат органдары үшiн кадрлар даярлау мен қайта даярлау және халық шаруашылығы мамандарының ақпараттық мәдениетiн көтеру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру.
6. ҚазмемҒАҒЗИ-ге республика аумағында ғылыми-техникалық ақпаратты мемлекетаралық алмасуды үйлестiретiн Ұлттық ақпарат орталығы қызметi жүктелсiн.
7. Ғылыми-техникалық ақпараттың облыстардағы салааралық орталықтары қосымшаға сәйкес ҚазмемҒАҒЗИ-ге бағынатын болсын.
8. ҚазмемҒАҒЗИ-ге ғылыми-техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету саласында республикадағы министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, корпорациялардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ғылыми мекемелер мен басқа да ұйымдардың ғылыми-техникалық ақпарат органдарының қызметiн үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау жүктелсiн.
9. Қазақстан Республикасының Ғылыми және жаңа технологиялар
министрлiгi Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының Жарғысын әзiрлеп бiр ай мерзiмде бекiтсiн. 10. "Қазақ КСР Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанында есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын құру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 12 маусымдағы N 373 қаулысы күшiн жойды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 сәуiрдегi N 336 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi жанындағы Қазақ мемлекеттiк ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институтының бағынысындағы облыстық салааралық ғылыми-техникалық ақпарат орталықтарының Тiзбесi Ақмола облыстық салааралық Ақмола қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Ақтөбе облыстық салааралық Ақтөбе қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Атырау облыстық салааралық Атырау қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Шығыс Қазақстан облыстық Өскемен қаласы салааралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Жамбыл облыстық салааралық Жамбыл қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Жезқазған облыстық салааралық Жезқазған қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Қарағанды облыстық салааралық Қарағанды қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Қостанай облыстық салааралық Қостанай қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Көкшетау облыстық салааралық Көкшетау қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Қызылорда облыстық салааралық Қызылорда қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Павлодар облыстық салааралық Павлодар қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Солтүстiк Қазақстан облыстық Петропавл қаласы салааралық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Семей облыстық салааралық Семей қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Батыс Қазақстан облыстық Орал қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы Оңтүстiк Қазақстан облыстық Шымкент қаласы ғылыми-техникалық ақпарат орталығы ҚазмемҒТАИ-дiң Ақтау бөлiмшесi Ақтау қаласы