Республиканың мемлекеттiк мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындауды (тапсыруды) ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 мамыр 1993 ж. N 364. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Металл ресурстарының қайтарылмас шығындарын болғызбау, оларды халық шаруашылығының айналымына неғұрлым толық қолдану және металлургия өндiрiстерiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Республикада қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындау (тапсыру) кезiнде Өнiм берiп тұру туралы ереженi қолданудың Ерекшелiктерi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi республиканың мемлекеттiк мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындауды (тапсыруды) ұйымдастыру жөнiндегi қабылданған шешiмдердiң iске асырылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрiлуi туралы Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.      

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң    
1993 жылғы 5 мамырдағы    
N 364 қаулысымен       
Бекiтiлген           

Республикада қара металл сынықтары мен қалдықтарын
дайындау (тапсыру) кезiнде Өнiм берiп тұру туралы      
ереженi қолданудың Ерекшелiктерi 
 

         Бұдан әрi текст бойынша  - Ерекшелiктер.

       1. Осы Ерекшелiктер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 маусымдағы N 536 қаулысымен бекiтiлген Өнiм берiп тұру туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшiн қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындау жөнiндегi акциялар мен сынықтар тапсырушы ұйымдардың бақылау пакетiне мемлекет иелiк ететiн акционерлiк кәсiпорындардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 
      2. Кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдар өз күштерiмен және құралдарымен N 2787-75 МемСТ-қа сәйкес металл сынықтарын жинауды, сақтауды және жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      3. Кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдар мемлекеттiк мұқтажды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң немесе облыстар әкiмдерiнiң тапсырмасымен белгiленген мөлшерде металл сынықтарын дайындауға (тапсыруға) Қайталамақараметтiң облыстық кәсiпорындармен контрактiлер (шарттар) жасасады. Металл сынықтарын дайындауға тапсырмалар болмаған жағдайда контрактiлер (шарттар) қалыптасқан шаруашылық байланыстарына сәйкес тараптардың екi аралық келiсiмi бойынша жасалады. 
      Шарттарда металл сынықтарын тапсыру мерзiмдерi ай сайынғы шамамен бiркелкi белгiленедi, мұның өзi металлургия өндiрiсi процесiнiң үздiксiздiгiне байланысты болады. 
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi кәсiпорындар мен ұйымдардың металл сынықтарын дайындауды (тапсыруды) қамтамасыз етуге, сондай-ақ сол үшiн кооперативтердi, шағын кәсiпорындар мен жеке адамдарды тарта отырып, олардың аумағындағы тұрмыстық және бос тек жатқан сынықтарды жинауға жәрдемдеседi. 
      5. Өздерiнiң кiнәсi бойынша металл сынықтарын дайындау жөнiндегi шарттық мiндеттемелерiн орындамаған металл сынықтарын тапсырушылар шарт жасасқан кәсiпорынға белгiленген тәртiппен жеткiзiлмеген металл сынықтары құнының 100 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi. 
      6. Қайталамақарамет кәсiпорындары кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдарда металл сынықтары мен қара металл қалдықтарының жиналуына, сақталуына және тапсырылуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдар Қайталамақарамет қызметкерлерiне сынықтар құралымы жөнiндегi құжаттаманы беруге және металл сынықтарын жинау мен сақтаудың жағдайларын тексерулерiне мүмкiндiк туғызуға мiндеттi. 
      Металл сынықтарын жинаудың, сақтау мен жөнелтудiң (берiп тұрудың) белгiленген тәртiбiн бұзғаны анықталғанда Қайталамақарамет өкiлi сынық тапсырушы ұйымның өкiлiмен бiрлесе отырып, акт жасайды және ашылған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмiн белгiлейдi. Ашылған кемшiлiктер мерзiмiнде жойылмаған жағдайда Қайталамақарамет өкiлi белгiленген тәртiппен iстi мынадай мөлшерде айыппұл өндiрiп алу үшiн төрелiк сотына бередi: 
      металл сынықтарын жинау және сақтау тәртiбiн бұзғаны үшiн сынық тапсырушылар жергiлiктi бюджетке оның құнының 100 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi; 
      металл сынықтарын жоюға әрекет еткенi анықталғаны (жерге жасыру, су жиналымдарын тастау, үйiндiлерге апарып төгу және т. б.) және айналадағы ортаны ластағаны үшiн тәртiп бұзушылардан жоюға (тығуға) апарылған металл сынықтары құнының 5 еселенген мөлшерiнде айыппұл өндiрiлiп алынады. 
      Айыппұлдар Қайталамақарамет өкiлiнiң ұсынуы бойынша табиғатты қорғауды қадағалау органдары тарапынан салынады да жергiлiктi бюджетке аударылады. 
      7. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетiне мемлекет иелiк ететiн акционерлiк кәсiпорындардың металл сынықтарын экспортқа берiп тұруы лицензиясы Қазақ республикалық "Қайталамақарамет" өндiрiстiк жалгерлiк бiрлестiгiмен келiсiлген жағдайда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 ақпандағы "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстар атқару мен қызмет көрсетудi) экспорттауды және импорттауды квоталау және лицензиялау туралы" N 118 қаулысында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 

Об организации заготовки (сдачи) лома и отходов черных металлов для обеспечения государственных нужд республики

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 мая 1993 года N 364. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях предотвращения безвозвратных потерь металлоресурсов, более полного вовлечения их в народнохозяйственный оборот и обеспечения устойчивой работы металлургических производств Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      1. Утвердить Особенности применения Положения о поставках продукции при заготовке (сдаче) лома и отходов черных металлов в республике (прилагаются). 
      2. Министерству промышленности Республики Казахстан обеспечить контроль за реализацией принятых решений по организации заготовки (сдачи) лома и отходов черных металлов для обеспечения государственных нужд республики. 
      3. Министерству юстиции, Министерству промышленности Республики Казахстан внести предложения в Кабинет Министров о приведении ранее принятых решений Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим постановлением. 

        Премьер-министр 
     Республики Казахстан 

                                      УТВЕРЖДЕНЫ
                          постановлением Кабинета Министров
                                Республики Казахстан
                                от 5 мая 1993г. N 364

                   Особенности применения Положения 
          о поставках продукции при заготовке (сдаче) лома и 
               отходов черных металлов в республике <*> 

      Сноска. Дальше по тексту - Особенности 

      1. Настоящие Особенности разработаны в соответствии с Положением о поставках продукции, утвержденным  постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 июня 1992 г. N 536, и определяют обязанности и ответственность государственных, а также акционерных предприятий, в которых государство владеет контрольным пакетом акций и организаций-ломосдатчиков по заготовке (сдаче) лома и отходов черных металлов для государственных нужд. 
      2. Предприятия и организации-ломосдатчики обязаны своими силами и средствами обеспечить сбор, хранение и отгрузку металлолома в соответствии с ГОСТом N 2787-75. 
      3. Предприятия и организации-ломосдатчики заключают контракты (договоры) с областными предприятиями Вторчермета на заготовку (сдачу) металлолома в объеме, установленном заданием Кабинета Министров Республики Казахстан или глав областных администраций для обеспечения государственных нужд. В случае отсутствия заданий на заготовку металлолома контракты (договоры) заключаются сторонами по обоюдному согласию в соответствии со сложившимися хозяйственными связями. 
      Сроки сдачи металлолома устанавливаются в договорах ежемесячными примерно равными долями, что обусловлено непрерывностью процесса металлургического производства. 
      4. Главы областных, Алматинской и Ленинской городских администраций содействуют обеспечению заготовки (сдачи) металлолома предприятиями и организациями, а также сбору бытового и бесхозного лома на их территории с привлечением для этого кооперативов, малых предприятий и частных лиц. 
      5. Ломосдатчики, не выполняющие договорные обязательства по заготовке (сдаче) металлолома по их вине, уплачивают в установленном порядке штраф предприятию, с которым заключен договор, в размере 100 процентов стоимости недопоставленного металлолома. 
      6. Предприятия Вторчермета осуществляют контроль за сбором, хранением и сдачей лома и отходов черных металлов на предприятиях и в организациях-ломосдатчиках. Предприятия и организации-ломосдатчики обязаны представлять работникам Вторчермета всю документацию по ломообразованию и обеспечить возможность обследования условий сбора и хранения металлолома. 
      При обнаружении нарушений установленного порядка сбора, хранения и отгрузки (поставки) металлолома представитель Вторчермета совместно с представителем организации-ломосдатчика составляет акт и устанавливает срок для устранения выявленных недостатков. В случае неустранения в срок выявленных нарушений, представитель Вторчермета в установленном порядке передает дело в арбитражный суд для взыскания штрафа в следующих размерах: 
      за нарушение порядка сбора и хранения металлолома ломосдатчики уплачивают в местный бюджет штраф в размере 100 процентов его стоимости; 
      за выявленную попытку уничтожения металлолома (укрытие в землю, затопление в водоемах, вывоз на свалки и т.д.) и загрязнение окружающей среды с нарушителей взыскивается штраф в размере 5-кратной стоимости металлолома, подвергшегося уничтожению (сокрытию). 
      Штрафы налагаются органами природоохранного надзора по представлению Вторчермета и перечисляются в местный бюджет. 
      7. Поставки металлолома на экспорт государственными, а также акционерными предприятиями, в которых государство владеет контрольным пакетом акций, производятся в порядке, установленном постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 16 февраля 1993г. N 118 "О квотировании и лицензировании экспорта и импорта товаров (работ, услуг) на территории Республики Казахстан" при условии согласования лицензии с Казахским республиканским производственным арендным объединением "Вторчермет".