"Мерхав" фирмасының израильдiк технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру мен ұқсату жөнiндегi жобаларды жүзеге асыру шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 14 маусым 1993 ж. N 503

      Озық израильдiк технология бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру мен ұқсату және пайдалану жөнiндегi жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкiмдерi "Мерхав" (Израиль) компаниясымен бiрлесiп, 80 млн. АҚШ доллары сомасында Израильдiң Апоалим Б. М. банкiлерi және 30 млн. АҚШ доллары сомасына Италияның Вестдойче Ландесбанкi (Европа) А. Г. ұсынатын кредиттiк қаржы шеңберiнде жүзеге асыратын ауыл шаруашылық жобалары мақұлдансын.
      2. Қазақстан Әлем Банкi 1993 жылғы 17 мамырда 80 млн. АҚШ доллары сомасына Израильдiң Апоалим Б. М. банкiсiмен және 1993 жылғы 13 мамырда 30 млн. АҚШ доллары сомасына Италияның Вестдойче Ландесбанкiмен қол қойған Кредит Келiсiмдерi мақұлдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi аталған кредит арналары бойынша 110 млн. АҚШ доллары сомасына кепiл болатындығы қуатталсын.
      4. Кредиттiң негiзгi сомасын және ол жөнiндегi iлеспе шығындарды кредит келiсiмдерiнде белгiленген мерзiмдерде облыс әкiмдерi осы кредит арналары шеңберiнде өтеуге өздерi пайдаланатын сомаға пропорционалды түрде дербес төлейдi деп белгiленсiн.
      5. Облыс әкiмдерi:
      - өнiм өндiретiн кәсiпорындар мен Экономика министрлiгiнiң келiсуi бойынша кредиттiк берешектi уақтылы өтеу үшiн қажеттi ресурстарға арналған экспорт квоталары жөнiндегi ұсыныстарды 1993 жылғы 20 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн;
      - кредиттер есебiне жобаларды қаржыландырудың ашылуын қамтамасыз ету үшiн 1993 жылғы 20 маусымға дейiн Қазақстан Әлем Банкiнде барлық қажеттi құжаттарды ресiмдейтiн болсын;
      - Қазақстан Әлем Банкiнiң анықтауы бойынша қажеттi қаржыны аталған кредит келiсiмдерiндегi жалпы сомасы 17 млн. АҚШ долларындағы шарттарға сәйкес аванс төлемдерiн және кредитор банкiлер мен сақтандыру компанияларына комиссиялықты өтеу үшiн кредит арналарына қызмет көрсету жөнiндегi Қазақстан Әлем Банкiсiндегi N 300741305 арнаулы шотқа бөлетiн болсын. Аталған төлемдер 1993 жылдың аяғына дейiн қосымшаға сәйкес мөлшерде жүзеге асырылсын.
      Облыс әкiмдерiне кредиттердi тиiмдi игеру және бөлiнген кредит бойынша берешектi уақтылы өтеу үшiн дербес жауапкершiлiк жүктеледi деп белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi аталған кредиттер бойынша берешектi уақтылы және толық өтеу үшiн облыстар бойынша белгiленген квоталар шегiнде ресурстардың экспорты ресiмделуi мен лицензиялар берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Әлем Банкiмен бiрлесiп, осы кредит келiсiмдерiн жүзеге асыру үшiн облыс әкiмдерiмен тиiстi құжаттарды ресiмдеп, кредиттердiң уақтылы өтелуiн есепке алуды және бақылау қоюды қамтамасыз етсiн.
      8. "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгi

аталған кредиттердi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстың үйлестiрiлуiн
қамтамасыз етiп, кредит бойынша берешектi өтеудi облыс әкiмдерiне
жәрдем көрсететiн болсын.
     9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 
20 мамырдағы N 412 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 14 маусымдағы
                                          N 503 қаулысына
                                              Қосымша
     
          "Мерхав" фирмасының контрактыларын қаржыландыру үшiн
      (АҚШ долларымен) Вестдойче Ландесбанкпен және Апоалим Б. М.
        банкiмен Кредит келiсiмдерiнiң шарттарына сәйкес авансты,  
        сақтандыру жарналары, банкiлердiң комиссиялықтары мен 
         проценттерiн төлеу үшiн Қазақстан Әлем Банкiсiндегi
        арнаулы есепшотқа аударылуға тиiстi валюта қаржыларын
                              Бөлу
     
---------------------------!-------------------!------------------
Облыстар                   ! Контракт сомасы   ! Аударуға тиiстi
                           !                   ! валюта қаржысының
                           !                   ! сомасы
------------------------------------------------------------------
Ақмола                        11287080             1955000

Алматы                        10169895             1759500

Жамбыл                        23841160             4131000 

Маңғыстау                     5419468              935000

Солтүстiк Қазақстан           3100000              535500

Торғай                        3100000              535500

Оңтүстiк Қазақстан            32016034             5542000
    
Қостанай                      6200000              1071000

Қарағанды                     3100000              535500

            жиыны             98233637             17000000

     
      
      


О меpах по pеализации пpоектов по пpоизводству и пеpеpаботке сельскохозяйственной пpодукции по изpаильской технологии фиpмы "Меpхав"

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 14 июня 1993 г. N 503

                             (Извлечение)
     В целях реализации проектов по производству и переработке сельскохозяйственной продукции и использования передовой израильской технологии Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
     3. Подтвердить, что Кабинет Министров Республики Казахстан выступает гарантом по указанным кредитным линиям на сумму 110 млн. долларов США.
     4. Установить, что погашение основных сумм кредитов и сопутствующих расходов по ним осуществляется в установленные кредитными соглашениями сроки самостоятельно главами областных администраций пропорционально суммам, используемым ими на оплату проектов в рамках этих кредитных линий.
     5. Установить, что на глав областных администраций возлагается персональная ответственность за эффективное освоение кредитов и своевременное погашение задолженности по выделенным кредитам.
     6. Министерству внешнеэкономических связей Республики Казахстан обеспечить оформление и выдачу лицензий на экспорт ресурсов в пределах установленных квот по областям для своевременного и полного погашения задолженности по указанным кредитам.
    Премьер-министр
  Республики Казахстан


                                               Приложение

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 июня 1993 г. N 503


                          РАСПРЕДЕЛЕНИЕ

       валютных средств, подлежащих перечислению на спецсчет в Алем

      Банк Казахстан для осуществления оплаты авансов, страховых
      взносов, банковских комиссионных и процентов в соответствии
      с условиями Кредитных соглашений с Вестдойче Ландесбанк и
      Апоалим Б.М., заключенных для финансирования контрактов 
      фирмы "Мерхав" (в долларах США)
__________________________________________________________________________
  Области                 !          Сумма          ! Сумма валютных
                          !        контракта        ! средств, подлежащих
                          !                         ! перечислению
----------------------------------------------------------------------------
Акмолинская                      11287080                    1955000
Алматинская                      10169895                    1759500
Жамбылская                       23841160                    4131000
Мангистауская                     5419468                    935000
Северо-Казахстанская              3100000                    535500
Тургайская                        3100000                    535500
Южно-Казахстанская               32016034                   5542000
Кустанайская                      6200000                   1071000
Карагандинская                    3100000                    535500
          ИТОГО                  98233637                   17000000