1. Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Торғай, Оңтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкiмдерi "Мерхав" (Израиль) компаниясымен бiрлесiп, 80 млн. АҚШ доллары сомасында Израильдiң Апоалим Б. М. банкiлерi және 30 млн. АҚШ доллары сомасына Италияның Вестдойче Ландесбанкi (Европа) А. Г. ұсынатын кредиттiк қаржы шеңберiнде жүзеге асыратын ауыл шаруашылық жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Әлем Банкi 1993 жылғы 17 мамырда 80 млн. АҚШ доллары сомасына Израильдiң Апоалим Б. М. банкiсiмен және 1993 жылғы 13 мамырда 30 млн. АҚШ доллары сомасына Италияның Вестдойче Ландесбанкiмен қол қойған Кредит Келiсiмдерi мақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi аталған кредит арналары бойынша 110 млн. АҚШ доллары сомасына кепiл болатындығы қуатталсын.
4. Кредиттiң негiзгi сомасын және ол жөнiндегi iлеспе шығындарды кредит келiсiмдерiнде белгiленген мерзiмдерде облыс әкiмдерi осы кредит арналары шеңберiнде өтеуге өздерi пайдаланатын сомаға пропорционалды түрде дербес төлейдi деп белгiленсiн.
5. Облыс әкiмдерi:
- өнiм өндiретiн кәсiпорындар мен Экономика министрлiгiнiң келiсуi бойынша кредиттiк берешектi уақтылы өтеу үшiн қажеттi ресурстарға арналған экспорт квоталары жөнiндегi ұсыныстарды 1993 жылғы 20 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн;
- кредиттер есебiне жобаларды қаржыландырудың ашылуын қамтамасыз ету үшiн 1993 жылғы 20 маусымға дейiн Қазақстан Әлем Банкiнде барлық қажеттi құжаттарды ресiмдейтiн болсын;
- Қазақстан Әлем Банкiнiң анықтауы бойынша қажеттi қаржыны аталған кредит келiсiмдерiндегi жалпы сомасы 17 млн. АҚШ долларындағы шарттарға сәйкес аванс төлемдерiн және кредитор банкiлер мен сақтандыру компанияларына комиссиялықты өтеу үшiн кредит арналарына қызмет көрсету жөнiндегi Қазақстан Әлем Банкiсiндегi N 300741305 арнаулы шотқа бөлетiн болсын. Аталған төлемдер 1993 жылдың аяғына дейiн қосымшаға сәйкес мөлшерде жүзеге асырылсын.
Облыс әкiмдерiне кредиттердi тиiмдi игеру және бөлiнген кредит бойынша берешектi уақтылы өтеу үшiн дербес жауапкершiлiк жүктеледi деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi аталған кредиттер бойынша берешектi уақтылы және толық өтеу үшiн облыстар бойынша белгiленген квоталар шегiнде ресурстардың экспорты ресiмделуi мен лицензиялар берiлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Әлем Банкiмен бiрлесiп, осы кредит келiсiмдерiн жүзеге асыру үшiн облыс әкiмдерiмен тиiстi құжаттарды ресiмдеп, кредиттердiң уақтылы өтелуiн есепке алуды және бақылау қоюды қамтамасыз етсiн.
8. "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгi
аталған кредиттердi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстың үйлестiрiлуiн қамтамасыз етiп, кредит бойынша берешектi өтеудi облыс әкiмдерiне жәрдем көрсететiн болсын. 9. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 412 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 маусымдағы N 503 қаулысына Қосымша "Мерхав" фирмасының контрактыларын қаржыландыру үшiн (АҚШ долларымен) Вестдойче Ландесбанкпен және Апоалим Б. М. банкiмен Кредит келiсiмдерiнiң шарттарына сәйкес авансты, сақтандыру жарналары, банкiлердiң комиссиялықтары мен проценттерiн төлеу үшiн Қазақстан Әлем Банкiсiндегi арнаулы есепшотқа аударылуға тиiстi валюта қаржыларын Бөлу ---------------------------!-------------------!------------------ Облыстар ! Контракт сомасы ! Аударуға тиiстi ! ! валюта қаржысының ! ! сомасы ------------------------------------------------------------------ Ақмола 11287080 1955000 Алматы 10169895 1759500 Жамбыл 23841160 4131000 Маңғыстау 5419468 935000 Солтүстiк Қазақстан 3100000 535500 Торғай 3100000 535500 Оңтүстiк Қазақстан 32016034 5542000 Қостанай 6200000 1071000 Қарағанды 3100000 535500 жиыны 98233637 17000000