Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 14 маусым N 505. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.06.09. N 809

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi етiп қайта құру туралы" 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 1063 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Алматы қаласының әкiмi бұрын бөлiнген Мичурин көшесi, 89 мекенжайындағы аумағы 600 шаршыметр қызмет үйiн Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қорының балансына берсiн.
      Қор қаражаты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiндегi

арнаулы республикалық бюджеттiк шотқа аударылады.
     Қор қаражатының пайдаланылу мөлшерi алдағы қаржы жылына
республикалық бюджеттi бекiту кезiнде түскен сомалар шегiнде
белгiленедi. 
<*>

     Ескерту. 2-тармақ екiншi және үшiншi абзацтармен
              толықтырылды - ҚРМК-нiң 19.05.1994 ж. N 544
              қаулысымен.
     3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi
Қордың тиiстi бөлiмшелерiн орналастыру үшiн қызмет үйлерiн
бөлсiн.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 14 маусымдағы
                                           N 505 қаулысымен
                                               Бекiтiлген
            Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi
         қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры туралы
                        Ереже


      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қорының (бұдан әрi - Қор) негiзгi мiндеттерiн, қызметi мен құқықтарын белгiлейдi.
      1. Қор негiзiнен жеке бизнес, бәсекелестiктi және нарықтың инфрақұрылымын дамыту саласында кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламаларының басым бағыттарына сәйкес кәсiпкерлiктi жеделдете дамытуға көмектесудi көздейдi.
      2. Қор заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының, басқа мемлекеттердiң бүкiл аумағында өз қызметiне байланысты құқықтармен пайдаланады және мiндеттер орындайды.
      Қордың қазақ және орыс тiлдерiнде аты жазылған мөрi, фирмалық бланктерi, банктерде дербес балансы мен есепшоты, оның iшiнде валюталық шоты болады.
      3. Өз қызметiнде Қор Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, халықаралық құқық құжаттарын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Кәсiпкерлiктi қолдау қорының негiзгi мiндеттерi мыналар:
      жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру;
      меншiктiң мемлекеттiк емес түрлерiне, бәсекелестiктi дамытуға негiзделген нарықтық құрылымдарды қалыптастыруға және қолдап отыруға қатысу;
      шаруашылық жүргiзушi құрылымдарға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу үшiн бiрдей жағдайлар мен мүмкiндiктердi қамтамасыз ететiн нарықтық инфрақұрылым қалыптастыруға және дамытуға қатысу;
      кәсiпкерлiктi дамыту және нарықтық экономика үшiн кадрлар даярлау мақсатында шетел инвестицияларын, шет елдер мен халықаралық ұйымдардың қаржылай және техникалық көмектерiн тартуға жәрдемдесу.
      5. Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры мыналардың есебiнен құрылады:
      меншiк түрiне және шаруашылық жүргiзу әдiсiне қарамастан республика аумағында орналасқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мiндеттi аударымдарынан, бұған республика аймағында республикалық және шетелдiк заңды ұйымдар мен жеке адамдарды қатыстыра отырып құрылған бiрлескен кәсiпорындар, олардың банк мекемелерiнде есепшоттары бар филиалдары (бөлiмшелерi, басқа жекелеген бөлiмшелерi) кiредi.
      Республика экономикасын жаңғырту қорының жеке кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған қаржысының бiр бөлiгiнен;
      Қазақстан Республикасының Халықты жұмыспен қамтуға және қоныс аударуына жәрдемдесетiн мемлекеттiк қорының жеке кәсiпкерлiк саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған қаржысының бiр бөлiгiнен;
      заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi мемлекет иелiгiнен алудан және жекешелендiруден алынған қаржының бiр бөлiгiнен:
      кәсiпкерлiктi қолдау және инвестициялық резервтер қалыптастыру мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз еркiмен аударған қаржысынан;
      Қорға арналған мiндеттi төлемдер белгiленген уақытында төленбеген жағдайда есептелетiн өсiмдер мен айыппұлдардан;
      берiлген қаржының проценттерi мен оны уақтылы қайтармағаны үшiн есептелетiн өсiмнен;
      Қазақстандық және шетелдiк заңды ұйымдар мен жеке адамдардың өз еркiмен төлейтiн жарналарынан;
      кеңес беру, әдiстемелiк және ақпараттық-баспа қызметiнен түскен табыстар мен басқа да түсiмдерден;
      қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн көздерден түсетiн басқа да түсiмдермен.
      6. Негiзгi мiндеттерге сүйене отырып Қор мынадай қызметтер орындайды:
      өз қызметiн басым бағыттарда жүзеге асырып отырған кәсiпкерлерге (ұқсатушы өндiрiстерге, халық тұтынатын тауарлар шығаратын, құрылыс материалдарын дайындайтын, халыққа қызмет көрсететiн және басқа кәсiпорындарға) қаржылай көмек көрсетедi;
      алдыңғы қатарлы ғылыми және техникалық жаңалықтарды қолдануға негiзделген экологиялық таза өндiрiстер ұйымдастыруға қаржы бөледi;
      қаржы-несие қызметiн заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      қызметi бәсекелестiк орта жасауға және нарықты тауарлармен, қызметтермен молықтыруға бағытталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге несие жөнiнде кепiлдiктер бередi; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сақтандыру қызметiн жүзеге асырады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеке меншiкке негiзделген кәсiпорындар мен басқа да шаруашылық құрылымдар құруға қатысады;
      инфрақұрылым элементтерiн, оның iшiнде ақпараттық мәлiмет банктерiн құруға жәрдемдеседi;
      шығармашылық ұжымдар, сараптық кеңестер, комиссиялар, оның iшiнде алға қойылған мiндеттердi шешу үшiн шетелдiк мамандарды қатыстыра отырып осындай ұйымдар құрады;
      сыртқы экономикалық қызметтердi жүзеге асырады;
      Мемлекеттер достастығына қатысушы елдердiң осындай қорларымен және кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi халықаралық қорлармен ынтымақтасады;
      отандық және шетелдiк инвесторлардың қаржысын тартуға және оларды тиiмдi пайдалануға бағытталған шараларды қаржыландырады, оның iшiнде байқаулар, көрмелер, аукциондар, конференциялар және т. б. ұйымдастырады;
      нарықтық экономика үшiн кадрлар даярлау мен оқытуды қаржыландырады;
      кеңес беру, әдiстемелiк және ақпараттық-басқа қызметiн жүзеге асырады;
      негiзгi мiндеттер мен қызметтердi орындауға қажеттi және қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырады.
      7. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қаржыландыру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi қабылдайды, сондай-ақ оларға қаржы бөлу шарттарын белгiлейдi. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жеке кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына Қордың қаржы салымының мөлшерi туралы шешiм қабылдайды, конкурстық негiзде кәсiпкерлердiң жобалары мен жеке кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламаларын қарайды, оларды қаржыландыру туралы шешiм қабылдайды, Қор қаржысының дұрыс бөлiнуiне жауап бередi, бөлiнген қаржының нысаналы пайдаланылуын бақылау жөнiндегi атқарушы дирекцияның есептерiн тыңдайды.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жобаларды қараған кезде кәсiпкерлiктi дамыту бағыттарының басымдығын, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн сараптық бағамдамасын, жобаны жүзеге асыруға қажеттi жағдайлармен және тиiстi материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етiлуiн басшылыққа алады.
      Жобаларды сараптау iсiне қажет болған жағдайда министрлiктер мен ведомстволардың жетекшi мамандарынан, кәсiпкерлiк бiрлестiктердiң, қоғамдық ұйымдар мен халықаралық қаржы институттарының өкiлдерiнен, ғалымдар мен практиктерден тәуелсiз сарапшылар қатыстырылады. <*>
      8. Қор қызметiн жедел басқару iсiн Қордың атқарушы дирекциясы жүзеге асырады.
      Атқарушы дирекция туралы ереженi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бекiтедi. Республикалық Қордың атқарушы директорын республиканың Экономика министрi тағайындайды.
      Қордың атқарушы дирекция қызметкерлерiнiң саны мен оны ұстауға жұмсалатын қаржының шектi мөлшерiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi белгiлейдi. <*>
      Ескерту. 7 және 8-тармақтар жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң
               1994 ж. 24 маусымдағы N 709 қаулысына сәйкес.
      9. Өзiндiк қызметтiк мiндеттерiн орындау үшiн Қордың мынадай құқықтары бар:
      Қордың мiндеттерi мен мақсаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес оның мүлкiн иеленуге, пайдалануға және басқаруға;
      Қазақстан және басқа мемлекеттер аумағында заңды ұйымдық құқы бар филиалдарды, бөлiмшелердi құруға, қайта құруға және жоюға;
      Қор мiндеттерiне қызметi сәйкес келетiн инвестициялық, сақтандыру және басқа қорлар, холдинг компаниялар, бiрлескен және басқа кәсiпорындар мен ұйымдар құруға;
      төрелiк немесе аралық соттарға талапкер және жауапкер ретiнде қатысуға;
      мамандарды басқа мемлекеттерге жұмысқа, оқуға, қайта даярлықтан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жiберуге;
      Қордан бөлiнген жәрдем ақшаның несиелердiң және басқа қаржылардың орынды жұмсалуын қадағалауға;
      Қордан бөлiнген қаржыны кәсiпкер орынсыз жұмсаған жағдайда олардан сол соманы ешбiр даусыз қайта өндiрiп алуға;
      Қордың кеңес беру, ақпараттық-баспа қызметiнен түскен қаржыны, кәсiпкерлiк құрылымдардан өндiрiп алынған айыппұл мен өсiм ақшаларды қорды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және әлеуметтiк дамытуға, сондай-ақ Қор қызметкерлерiн материалдық ынталандыруға пайдалануға;
      басқару, өкiмет орындарынан және басқа мемлекеттiк және өзге құрылымдардан (салық инспекцияларынан, банктерден, статистика органдарынан және т. б.) Қор түсiмдерiн қамтамасыз етуге, бөлiнген қаржының қайтарылуын бақылауға қажеттi ақпараттар мен мәлiметтердi сұрауға және алуға.
      10. Қор қаржысының орынды жұмсалуына бақылауды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесе отырып Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi жүзеге асырады.
      11. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бөлген қаржысының пайдаланылуына және олардың уақтылы қайтарылуына бақылауды Қордың атқарушы дирекциясы жүзеге асырады. <*>
      Бөлiнген қаржыны өз мақсатына жұмсамау оны даусыз түрде айыппұл сала отырып, мерзiмiнен бұрын қайтарып алуға негiз болады. Ақша қаражаты болмаған немесе ол жетiмсiз болған жағдайда мұның өтемi ретiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң тиiстi мүлкi қордың меншiгiне өтетiн болады.
      Ескерту. 11-тармақтың бiрiншi абзацында сөздер алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1994 ж. 24 маусым N 709 қаулысымен.
      12. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп және статистикалық есеп берiп отырады.
      13. Қорды қайта құру және жою Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

О фонде поддеpжки пpедпpинимательства и pазвития конкуpенции Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 14 июня 1993 г. N 505. Утpатило силу постановлением Кабинета Министров РК от 9 июня 1995 г. N 809.

     В соответствии с постановлением Президента Республики Казахстан от 11 января 1993 г. N 1063 "О преобразовании Государственного комитета Республики Казахстан по поддержке новых экономических структур и ограничению монополистической деятельности в Государственный комитет Республики Казахстан по антимонопольной политике" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
     1. Утвердить прилагаемое Положение о Фонде поддержки

предпринимательства и развития конкуренции Республики Казахстан.
    2. Главе Алматинской городской администрации передать на баланс
Фонда поддержки предпринимательства и развития конкуренции ранее
выделенные служебные помещения площадью 600 кв. метров по адресу:
ул. Мичурина, 89.
    3. Главам областных, Алматинской и Ленинской городских администраций
выделить служебные помещения для размещения соответствующих отделений
Фонда.

    Премьер-министр
  Республики Казахстан
                                               УТВЕРЖДЕНО
                                  постановлением Кабинета Министров
                                         Республики Казахстан
                                       от 14 июня 1993 г. N 505

                       ПОЛОЖЕНИЕ

            о Фонде поддержки предпринимательства
         и развития конкуренции Республики Казахстан



     Настоящее Положение определяет основные задачи, функции и права Фонда поддержки предпринимательства и развития конкуренции Республики Казахстан (в дальнейшем - Фонд).
     1. Фонд призван содействовать ускоренному развитию предпринимательства в соответствии с приоритетными направлениями Программ поддержки предпринимательства преимущественно в сфере частного бизнеса, развитию конкуренции и инфраструктуры рынка.
     2. Фонд является юридическим лицом, пользуется правами и выполняет обязанности, связанные с его деятельностью, на всей территории Республики Казахстан, других государств.
     Средства Фонда зачисляются на специальный республиканский бюджетный счет в Национальном банке Республики Казахстан.
     Объем использования средств Фонда определяется при утверждении республиканского бюджета на предстоящий финансовый год в пределах поступивших сумм.
     Фонд имеет гербовую печать со своим наименованием на казахском и русском языках, фирменные бланки, самостоятельный баланс и счета в банках, в том числе валютный. <*>
     Сноска. Пункт 2 дополнен новыми абзацами - постановлением от 19 мая 1994 г. N 544.
     3. В своей деятельности Фонд руководствуется Законами Республики Казахстан, указами и постановлениями Президента Республики Казахстан, постановлениями и распоряжениями Кабинета Министров Ресчпублики Казахстан, актами международного права и настоящим Положением.
     4. Основными задачами Фонда поддержки предпринимательства являются:
     разработка и осуществление программ поддержки и развития частного предпринимательства;
     участие в формировании и поддержке рыночных структур, основанных на негосударственных формах собственности, развитии конкуренции;
     участие в формировании и развитии рыночной инфраструктуры, обеспечивающей хозяйствующим структурам равные условия и возможности для ведения предпринимательской деятельности;
     содействие привлечению иностранных инвестиций, финансовой и технической помощи зарубежных стран и международных организаций с целью развития предпринимательства и подготовки кадров для рыночной экономики.
     5. Фонд поддержки предпринимательства и развития конкуренции Республики Казахстан образуется за счет:
     обязательных отчислений хозяйствующих субъектов, расположенных на территории республики, независимо от форм собственности и методов хозяйствования, включая созданные на территории республики совместные предприятия с участием республиканских и иностранных юридических и физических лиц, их филиалов (отделений, других обособленных подразделений), имеющих расчетные счета в учреждениях банков;
     части средств Фонда преобразования экономики республики, направляемых на поддержку частного предпринимательства;
     части средств Государственного фонда содействия занятости и миграции населения Республики Казахстан, направляемых на создание новых рабочих мест в сфере частного предпринимательства;
     части средств, полученных от разгосударствления и приватизации государственной собственности, в порядке, установленном законодательством;
     добровольных перечислений хозяйствующих субъектов в целях поддержки предпринимательства и формирования инвестиционных резервов;
     начисленных пени и неустоек в случаях неуплаты обязательных платежей, предназначенных в Фонд в установленные сроки;
     за счет процентов от предоставляемых средств и пени за несвоевременный их возврат;
     добровольных взносов казахстанских и иностранных юридических и физических лиц;
     доходы от консультационной, методической и информационно-издательской деятельности и других поступлений;
     других источников, не противоречащих действующему законодательству.
     6. Исходя из основных задач Фонд выполняет следующие функции:
     оказывает финансовую помощь предпринимателям, осуществляющим свою деятельность по приоритетным направлениям (перерабатывающим производствам, предприятиям, выпускающим товары народного потребления, изготавливающим строительные материалы, оказывающим услуги населению и др.);
     выделяет средства для организаций экологически чистых производств, основанных на применении прогрессивных научных и технических разработок;
     осуществляет финансово-кредитную деятельность в порядке, установленном законодательством;
     предоставляет гарантии по кредитам хозяйствующим субъектам, деятельность которых направлена на создание конкурентной среды и насыщение рынка товарами и услугами; осуществляет страховую деятельность в соответствии с действующим законодательством;
     участвует в учреждении предприятий и других хозяйственных образований, основанных на частной форме собственности в соответствии с действующим законодательством;
     содействует в создании элементов инфраструктуры, в том числе информационных банков данных;
     создает творческие коллективы, экспертные советы, комиссии, в том числе с привлечением иностранных специалистов, для решения поставленных задач;
     осуществляет внешнеэкономическую деятельность;
     сотрудничает с аналогичными фондами государств - участников Содружества Государств и международными фондами по поддержке предпринимательства;
     финансирует мероприятия, направленные на привлечение средств отечественных и иностранных инвесторов в их эффективное использование, в том числе организовывает конкурсы, выставки, аукционы, конференции и т.д.;
     финансирует подготовку и обучение кадров для рыночной экономики;
     осуществляет консультационную, методическую и информационно-издательскую деятельность;
     осуществляет иные виды деятельности, необходимые для выполнения основных задач и функций и не противоречащие действующему законодательству.
     7. Решение о финансировании, а также определение условий выделения средств хозяйствующим субюъектам принимается Министерством экономики Республики Казахстан. Министерство экономики Республики Казахстан принимает решение о размерах вложений средств Фонда в приоритетные направления развития частного предпринимательства, на конкурсной основе рассматривает проекты предпринимателей и программы развития частного предпринимательства, принимает решения об их финансировании, несет ответственность за распределение средств Фонда, заслушивает отчеты исполнительной дирекции по контролю за целевым использованием выделяемых средств.
     При рассмотрении проектов Министерство экономики Республики Казахстан исходит из приоритетности направлений развития предпринимательства, экспертных оценок технико-экономических обоснований проектов, обеспеченности проекта условиями для его осуществления и соответствующими материально-техническими ресурсами.
     К экспертизе проектов при необходимости привлекаются независимые эксперты из числа ведущих специалистов министерств и ведомств, представителей предпринимательских объединений, общественных организаций и международных финансовых институтов, ученых и практиков. <*>
     Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 июня 1994 г. N 709.
     8. Оперативное управление деятельностью Фонда осуществляется исполнительной дирекцией Фонда.
     Положение об исполнительной дирекции утверждается Министерством экономики Республики Казахстан. Исполнительный директор Фонда назначается Министром экономики республики.
     Численность и предельный размер средств на содержание исполнительной дирекции Фонда устанавливаются Министерством экономики Республики Казахстан. <*>
     Сноска. Пункт 8 - в редакции постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 июня 1994 г. N 709.
     9. Для осуществления своих функций Фонд имеет право:
     владеть, пользоваться и управлять имуществом Фонда в соответствии с его задачами и целями, а также действующим законодательством Республики Казахстан;
     создавать, реорганизовывать и ликвидировать филиалы, отделения с правами юридического лица и представительства на территории Казахстана и других государств;
     выступать в качестве учредителя инвестиционных, страховых и иных фондов, холдинговых компаний, совместных и других предприятий и организаций, деятельность которых соответствует задачам Фонда;
     выступать истцом и ответчиком в арбитражном или третейском судах;
     направлять специалистов для работы, обучения, переподготовки и повышения квалификации в другие государства;
     контролировать целевое использование субсидий, кредитов и иных средств, выделяемых Фондом;
     взыскивать в бесспорном (безакцептном) порядке суммы выделенных средств Фонда с наложением штрафа в случае нецелевого их использования предпринимателями;
     использовать средства, полученные от консультационной, информационно-издательской деятельности Фонда, штрафы, неустойки и пени, взысканные с предпринимательских структур, на материально-техническое обеспечение и социальное развитие Фонда, а также на материальное стимулирование работников Фонда;
     запрашивать и получать в органах управления, власти и других государственных и иных структурах (налоговых инспекциях, банках, органах статистики и т.д.) информацию, сведения, необходимые для обеспечения доходов Фонда и контроля за возвратом выделенных средств.
     10. Контроль за целевым использованием средств Фонда осуществляется Комитетом государственного финансового контроля Республики Казахстан совместно с Министерством экономики.
     11. Контроль за использованием хозяйствующими субъектами выделенных средств и своевременностью их возврата осуществляет исполнительная дирекция Фонда.
     Использование выделенных средств не по назначению является основанием для их досрочного взыскания в бесспорном порядке с наложением штрафа. В случаях отсутствия денежных средств или их недостатка возмещение производится с гаранта и за счет имущества хозяйствующего субъекта, которое переходит в собственность Фонда. <*>
     Сноска. Пункт 11 изменен постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 24 июня 1994 г. N 709.
     12. Фонд ведет бухгалтерский учет и представляет статистическую отчетность в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
     13. Реорганизация и ликвидация Фонда производится в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.