Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң қызметкерлерi үшiн 1993 жылдан бастап тегiн нысандық киiм беру құқығын енгiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
2. Аталған қызметкерлер үшiн нысандық киiм енгiзуге байланысты шығындар жыл сайын республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көзделген операциялық қаражаттың есебiне жатқызылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi