Қазақстан Республикасының өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет қызметкерлерiн нысандық киiммен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 18 маусымдағы N 515 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.20 № 1192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң қызметкерлерi үшiн 1993 жылдан бастап тегiн нысандық киiм беру құқығын енгiзу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      2. Аталған қызметкерлер үшiн нысандық киiм енгiзуге байланысты шығындар жыл сайын республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне көзделген операциялық қаражаттың есебiне жатқызылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады