1. Шетелдiң заң және қаржы консультанттарының қатысуымен конкурстық комитет әзiрлеген Қазақстан Республикасында темекi бұйымдарын өндiретiн Алматы темекi комбинаты - компаниясы (Компаниялар) үшiн стратегиялық инвестор таңдау мақсатында конкурсты өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы құжаттар пакетi мен Компанияның акционерлiк күрделi қаржысын иелену туралы тиiстi шарт негiзiнен мақұлдансын, онда мынадай негiзгi қағидалар көзделiп отыр:
конкурстың басталуы - 1993 жылғы 28 маусым, конкурстық құжаттарды қабылдаудың аяқталуы - 1993 жылғы 17 тамыз, ұсыныстарды қарап, жеңiмпаздардың кандидатуралары жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу - 1993 жылғы 9 қыркүйекке дейiн;
Компания акциясының 49 процентiн конкурсқа бастапқы негiзде ұсына отырып, Компания акционерлiк қоғамға айналады. Акцияның қалған 51 процентi үш жылға дейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде сақталады. Сатып алушы оған қалған акцияны иеленуге мүмкiндiк беретiн, республика үшiн қолайлы шарттық соманы арнаулы шотқа бiр мезгiлде енгiзуге келiскен жағдайда, олар оған арнаулы келiсiм шартына сәйкес (Акцияларды шартты табыс ету туралы шарттар) бiр жылдың iшiнде өткiзiлетiн болады;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген бiрқатар мәселелер бойынша Компанияның республика үшiн қолайсыз шешiмдерiне тиым салу құқын беретiн "Алтын акцияны" үш жыл бойы иеленедi;
жекешелендiрiлген кәсiпорын мүлкiнiң құны нақты қалыптасқан баға мен негiзгi қордың және айналымдағы қаражаттың құнының арақатынасын, шығарылған өнiмге сұранымды, оның бәсекеге төзiмдiлiгiн, өндiрiстiң рентабельдiлiгiн, кәсiпорын дамуының перспективасын, әлемдiк баға деңгейiн және басқа факторларды ескере отырып, қалдық құн негiзiнде айқындалады. Алматы темекi комбинаты еңбек ұжымының мүшелерiне қайтарымсыз, аталымды артықшылықпен берiлетiн үлес (Қызметкер акциясы) әрбiр қызметкердiң акциясының құны оның орташа айлық еңбекақысының он екi мәртелiк мөлшерiнен аспайтын шарт бойынша айқындалады (зейнеткерлердi, аталған кәсiпорында кемiнде 15 жыл iстеген, республика аумағында тұратын және жұмыстан дәлелдi себептермен кеткен адамдарды ескерiп әрi қайта құру сәтiндегi олардың еңбекақы мөлшерiн индекстей отырып). Сатып алушы ауыл шаруашылығындағы тауар өндiрушiлердi өндiрiстi механикаландыру, жетiлдiру мен ұлғайту, өнiмдi көбейту, сапаны жақсарту мен жаңа түрлерiн аудандастыру, темекi жапырағын жылумен өңдеудi, ферментациялауды жақсарту, өңдеудiң қосымша әдiстерiн енгiзу үшiн инвестициямен қамтамасыз етедi;
Компанияны тағам-дәм өнеркәсiбi өнiмдерi үшiн белгiленген рентабельдiлiктiң шектi деңгейiнде мәмiле жасаудан, еркiн баға мен тарифтердi, мемлекет мұқтажын қамтамасыз ету үшiн оның өнiмдерiн сатып алу мен берудiң көлемiн жария етуден босату және Компания жұмыс iстейтiн барлық мерзiмде Компанияға Алматы темекi комбинатының жер телiмiн жалға алуға құқық бередi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен конкурстық комитет конкурсты жасалған шарттарға сәйкес өткiзудi қамтамасыз етсiн, Компанияның акционерлiк күрделi қаржысын иелену туралы Шарттың ережелерiн конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын қараудың нәтижелерi бойынша
дәлдеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн. 3. Қазақстан Әлем Банкiне конкурс жеңiмпазымен акцияны шартты табыс ету туралы Шартты әзiрлеу мен жасауға қатысу және сол бойынша тиiстi операциялардың орындалуын қамтамасыз ету тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi