Қазақстан Республикасының "Қосылған құнға салық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1457 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қосылған құнға 10 процент ставка бойынша салық салынатын бiрiншi кезекте қажет өнiмдердiң қосымшаға сәйкес тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң ұқсатушы кәсiпорындарына қосылған құнға салынатын салықтың сомасын өтеу туралы" 1992 жылғы 12 қаңтардағы N 26 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 1, 22-бап);
Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1992 жылғы 28 қаңтардағы N 16 өкiмi;
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң ұқсатушы кәсiпорындарына қосылған құнға салық сомасының өтемiн жасау туралы" 1992 жылғы 12 қаңтардағы N 26 қаулысының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 31 наурыздағы N 289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 13, 217-бап;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Халықтың табысы аз топтарына мемлекеттiк қолдау жасау жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 8 шiлдедегi N 584 қаулысының 4 тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 28, 416-бап);
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Нанның,
нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының және жарма ұнтағының бағасы
туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйектегi N 767 қаулысының 5 тармағы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 35, 543-бап);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы
12 қаңтардағы N 26 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1095 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж.,
N 50, 723-бап).
3. Осы қаулы 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 30 маусымдағы
N 558 қаулысына
қосымша
Қосылған құнға 10 процент ставка бойынша
салық салынатын бiрiншi кезекте қажет
өнiмдердiң
Тiзбесi
Сүт және сүт өнiмдерi:
мал майы
сиыр сүтi, қаймағы алынбаған сүт, қаймағы алынбаған құрғақ
сиыр сүтi
пастерленген кiлегей
балаларға арналған сұйық және қоймалжың сүт тағамдары
сүзбе, сүзбе өнiмдерi
қаймақ
қышқыл сүт өнiмдерi
жемiс-жидек, хош иiстi және сүт емес компоненттер қосылған
сүт өнiмдерi
қымыз, шұбат, құрт, ақ құрт, iрiмшiк
сiрне
балқытылған iрiмшiк
майлылығы 20-30 проценттi мәйек iрiмшiгi
жұмсақ және тұзды майлы және майсыз iрiмшiктер, iрiмшiк
пасталары
сүт iркiтiнен жасалған өнiмдер
Ет және ет өнiмдерi (құс етiн қоса), ет консервiлерi
Балық және балық өнiмдерi (жеңсiк тағамдар мен мұхит
өнiмдерiнен басқа)
Жас картоп
Жас көкөнiстер
Жас жұмыртқа
Өсiмдiк майы
Ассортименттегi маргарин өнiмдерi, оның iшiнде аспаздық май
Майонез
Қант
Шай
Нан және нан-тоқаш өнiмдерi
Халыққа пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнның барлық сорттары
Ақжарма
Тары
Макарон өнiмдерi