"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi
туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Мыналар бекiтiлсiн:
- Бiлiм қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы Ереже (N 1 қосымша);
- Мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерi туралы Ереже (N 2 қосымша).
2. Республиканың министрлiктерi мен ведомстволары бiлiм қызметiн
көрсетудi лицензиялау мәселелерi бойынша бұрын қабылданған нормативтi
актiлердi осы қаулыға сәйкестендiретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 13 шiлдедегi
N 597 қаулысына
N 1 қосымша
Бiлiм беру қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы", "Жоғары бiлiм беру туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы аймағында қолданылатын басқа да заңдарға негiзделген.
2. Бiлiм беру қызметiн лицензиялау (бұдан былай лицензиялау делiнедi) - бiлiм беру мекемесiнiң стандарт көлемiнде бiлiм беру қызметiн атқара алу мүмкiншiлiгiн мемлекеттiк бағамдауы.
Жаңа мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу мен бекiту кезеңiнде қолданылып жүрген және белгiленген тәртiппен бекiтiлген оқу жоспарлары, бағдарламалары, мамандардың бiлiктiлiк мiнездемелерi, мамандық паспорты және республиканың бiлiм беру мекемелерiнiң әралуан түрiндегi бiлiм беру қызметiнiң көлемi мен сапасын анықтайтын басқа да құжаттары соған теңестiрiледi. Тиiстi мемлекеттiк стандарттар қолдануға енгiзiлгеннен кейiн аталған құжаттар күшiн жояды.
3. Лицензия - бiлiм беру қызметiн жүзеге асыруға қарамағында бiлiм беру мекемелерi бар республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнен алынатын рұқсат.
4. Бiлiм беру мекемелерi мына органдарда лицензияланады:
мектеп жасына дейiнгi, мектептен тыс бiлiм мен тәрбие, жалпы орта бiлiм, кәсiптiк-техникалық бiлiм мекемелерi - облыстық, Алматы, Ленинск қалалық бiлiм және кәсiптiк-техникалық бiлiм басқармаларында;
арнаулы орта бiлiм, жоғары бiлiм, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мекемелерi - қарамағында бiлiм беру мекемелерi бар басқа да министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiнде;
жұмыстан босатылатын қызметкерлердi және қолы бос азаматтарды еңбекке дайындау, қайта дайындау және бiлiктiлiгiн арттыру мекемелерi - Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiнде, сол сияқты оның тапсыруымен - мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң тиiстi органдарында.
5. Бiлiм беру қызметiн атқаруға лицензия Сарапшы комиссиясының қорытындысы негiзiнде бiлiм беру мекемелерiне берiледi.
Сарапшы комиссияға бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк органы, жергiлiктi өкiмет органы, меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру қызметiн атқарып отырған мекемелер өкiлдерi парапарлық негiзде енедi.
6. Бiлiм беру қызметiн лицензиялау арқылы негiзде жүргiзiледi. Сараптауға жұмсалатын шығынды бiлiм беру мекемелерi төлейдi.
II. Бiлiм беру қызметiне лицензия беру
және қайтарып алу тәртiбi
7. Бiлiм беру мекемелерiнiң жарғылық қаржы-шаруашылық қызметтi атқаруға қатысты бөлiгiндегi құқығы - тiркелген кезден, ал бiлiм беру қызметi мен Қазақстан Республикасының заңдары берген жеңiлдiктерге құқығы - лицензия берiлген кезден бастап пайда болады.
8. Лицензиялауды жүргiзу үшiн бiлiм берудi басқарудың тиiстi мемлекеттiк органына немесе жұмыспен қамту қызметiне бiлiм беру мекемелерi кемiнде екi ай бұрын мынадай құжаттарды тапсырады:
лицензиялау жүргiзу туралы арыз;
бiлiм берудiң белгiлi бiр түрiн атқара алатын мүмкiндiгiн куәландыратын (әрбiр қызмет түрiне жеке-жеке) кадр, қаржы, материалдық, ақпараттық тұрғыдан және денсаулық қорғаудың, оқушылар мен қызметкерлердiң еңбегi мен өмiрiнiң қауiпсiздiгiн сақтаудың қолданылып жүрген нормативтерiне сай келетiн қамтамасыз ету мiнездемесi бар деректер;
бiлiм беру мекемесiн тiркеу туралы тиiстi органның шешiмi;
жарғы;
бiлiм беру тұжырымдамасы мен оқу жоспарлары.
9. Бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк органы немесе жұмыспен қамту қызметi құжаттар келiп түскеннен кейiнгi бiр ай iшiнде бiлiм беру мекемесiне бiлiм беру қызметiнiң белгiлi бiр түрiне белгiленген үлгiдегi лицензия немесе оны беруден бас тарту туралы дәлелдi қорытынды бередi. Лицензия бланкiсi қатаң түрде есеп берiлетiн құжат болып табылады, есептi сериясы мен нөмiрi болады, баспаханалық тәсiлмен жасалады. Лицензиямен бiрге лицензия кәртiшкесi берiледi.
10. Лицензия мерзiмi бiлiм беру циклiн толық аяқтау үшiн қажеттi уақытпен анықталады, бiрақ үш жылдан кем болмауы керек. Егер бiлiм беру мекемесi оқыту сапасын төмендетiп алмаса, лицензияның қолданылу мерзiмi өткен соң оның ұзартылуы мүмкiн.
11. Егер бiлiм беру мекемесiнде даярлау сапасы мемлекеттiк стандартқа сәйкес болмаса, сондай-ақ бiлiм беру мекемесi жарғысының ережелерi және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары бұрмаланған жағдайда лицензия қайтарып алынуы ықтимал.
12. Бiлiм берудi басқару органының немесе жұмыспен қамту қызметiнiң лицензия беруден бас тарту яки оны қайтарып алу туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануына болады.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 13 шiлдедегi
N 597 қаулысына
N 2 қосымша
Мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесi - халыққа бiлiм беру қызметiн көрсетуге арналған, жеке немесе аралас меншiк нысанына негiзделген, заңды ұйым құқығы бар дербес субъект.
2. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесi "Бiлiм беру туралы" Заңда
көзделген бiлiм беру қызметiнiң барлық түрiн жүзеге асыруы мүмкiн.
3. Бiлiм беру қызметiн атқару құқығына лицензиясы бар мемлекеттiк
емес бiлiм мекемелерi Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес
жеңiлдiктердi пайдаланады.
4. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерi өзiнiң қызметiнде Қазақстан
Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарын, сондай-ақ осы Ереженi және Жарғыны
басшылыққа алады.
II. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерiн құру
тәртiбi, оның құрылтай құжаттары және
қызметiн регламенттеу
5. Заңды ұйымдар (шетелдiгiн қоса) және нақты адамдар
(шетелдiктердi қоса) мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң
құрылтайшылары бола алады.
6. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң құрылтай құжаттары
Жарғы және құрылтай шарты (егер ол бар болса) болып табылады.
7. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң Жарғысында мыналар
қамтылуға тиiс:
- мекеменiң толық атауы мен түрi;
- орналасқан жерi;
- құрылтайшылардың құрамы;
- ұйымдық- құқықтық нысаны;
- атқарар қызметi мен көздеген мақсаты (атқарылатын бiлiм беру
қызметiнiң түрлерi);
- оқыту тiлi (тiлдерi);
- оқушыларды қабылдау мен шығару тәртiбi және оларды оқыту
процесiнiң аяқталуы;
- оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының, сондай-ақ педагог қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi;
- басқару және бақылау органдары, олардың құзыры, өкiлеттiгi, басшыларды тағайындау тәртiбi;
- материалдық жолдарды қалыптастыру жолдары, қаржыландыру көздерi, кiрiстi бөлу;
- мекемеге тиесiлi мүлiктi иеленуге, пайдалануға және билiк жүргiзуге қатысты өкiлеттiгi;
- қызметтi қайта ұйымдастырудың және оны тоқтатудың шарттары.
Жарғыда мекеменiң құрылтайшылары мен әкiмшiлiгiнiң өзара қарым-қатынасы да анықталады.
8. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) бiлiм беру мекемесiн құру жөнiндегi бiрлесiп атқаратын қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне мүлiктi беру (шаруашылықты жүргiзу құқығымен) және оның қызметiн қамтамасыз етуге қатысу шарттарын анықтайды.
9. Құрылтай құжаттарына құрылтайшылардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн және мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң қызмет ету жағдайын анықтайтын басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
10. Құрылтай құжаттарының ережелерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмеуге тиiс.
11. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiн тiркеу Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттiк тiркеусiз бiлiм мекемесiнiң қызметiне тыйым салынады.
13. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесi мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап заңды ұйым құқығына ие болады.
14. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiне бiлiм беру қызметiн атқару құқығы оған лицензия берiлген күннен пайда болады.
15. Мемлекеттiк емес бiлiм беру қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен бiлiм беру қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
III. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiн
аттестациялау және аккредитациялау
16. Бiлiм беру қызметiн атқару құқығына лицензия берген бiлiм және мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi саласындағы басқару органдары мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң өтiнiмi бойынша тәрбиеленушiлердi, оқушыларды және студенттердi аттестациялай алады.
17. Аккредитация - бiлiм беру мекемесiнiң түпкi нәтижесiн мемлекет пен қоғамның ресми мойындауы. Аккредитацияланған бiлiм беру мекемесiне белгiленген үлгiдегi сертификат тапсырылады.
18. Сертификат бiлiм беру мекемесiнiң мәртебесiн, бiлiм беру бағдарламасының деңгейiн, түлектердi даярлаудың мазмұны мен сапасы бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттары талаптарына сәйкестiгiн, тиiстi бiлiм деңгейi туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды түлектерге беру құқығын қуаттайды.
19. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiне сертификатты лицензия берген бiлiм және мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi саласындағы басқару органдары тапсырады.
20. Аккредитация жасайтын орган сынақ және бiлiктiлiк емтихандарын қабылдайтын емтихан комиссиясын құрады, оған бiлiм берудi басқарудың мемлекеттiк органының, мемлекеттiк емес бiлiм мекемелерi қауымдастығының, аккредитация жасалып отырған бiлiм беру мекемесiнiң және меншiк нысанына қарамастан басқа да бiлiм беру мекемелерiнiң, сондай-ақ бiлiм беру қызметiн көрсетуге тапсырыс берушiлердiң өкiлдерi енгiзiледi.
21. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiне сертификат бiлiм беру мекемесi түлектерiнiң даярлық деңгейi туралы емтихан комиссиясының дәлелдi қорытындысы және мамандардың бiлiктiлiк мiнездемелерi негiзiнде берiледi.
22. Сертификаттың қолданылу мерзiмi оқыту циклiн аяқтау үшiн қажеттi уақытқа сәйкес келедi, бiрақ 3 жылдан кем болмауы керек.
23. Аккредитациялау туралы өтiнiм сынақ емтиханы басталардан 4 ай бұрын берiледi. Аталған мерзiмнен кеш түскен өтiнiмдер қаралмайды. Бұл туралы өтiнiш иесiне хабарланады. Аккредитация жасау мерзiмi емтихан комиссиясының жұмысын қоса алғанда екi айдан аспауға тиiс.
24. Сертификат беруден бас тартуға келiспеген жағдайда бiлiм беру мекемесiнiң аккредитация жасау органының iс-әрекетiне сот тәртiбiмен шағымдануына болады.
25. Түлектердiң бiлiм деңгейi төмендегенi және бiлiм беру мекемесi атқаратын бiлiм беру қызметiнiң сапасы нашарлағаны туралы дұрыс мәлiмет болған жағдайда оған кезектен тыс аттестация жасалады.
26. Аккредитациялау шығындарын бiлiм беру мекемесi төлейдi.
IV. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнде
бiлiм беру процесiн ұйымдастыру
27. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнде оқыту мен тәрбиелеу Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясатының принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.
28. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң қызметi осы Ереже мен оның Жарғысына сәйкес ұйымдастырылып, жүзеге асады.
29. Оқушылардың санын, оларды қабылдау шартын, бiлiм беру процесiн ұйымдастыру нысанын және бiлiм беру процесiнiң ретiн мемлекеттiк емес бiлiм мекемесi дербес анықтайды.
30. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң оқушылары мен тәрбиеленушiлердiң мемлекеттiк бiлiм мекемесiнiң оқушылары мен тәрбиеленушiлерiндей құқығы мен мiндеттерi болады. Оқу жүктемесi, тапсырыс берушiнiң талабын ескере отырып жеке-дара даярлаудан басқа ретте, сол үлгiдегi мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнiң жүктемесiнен аспауға тиiс.
31. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнде оқитын адамдарды
мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнде белгiленген тәртiп бойынша
мемлекеттiк бiлiм мекемесiне ауыстыруға болады.
32. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң жұмысына құрылтайшылар
тағайындайтын басшы жетекшiлiк етедi, оның құзыры бiлiм беру
мекемесiнiң жарғысымен анықталады.
33. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесi өз қызметiне басшылық
жасау жүйесiн, ұйымдық, әдiстемелiк, материалдық-техникалық
қамтамасыз етудi дербес анықтайды.
34. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесi мемлекеттiк емес бiлiм
мекемелерiнiң қауымдастығын және басқа бiрлестiктер құра алады.
V. Қаржыландыру, есеп беру және бақылау
35. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiн қаржыландыру көздерiн
қалыптастыру мыналар болуы мүмкiн:
- құрылтайшылардың ақшалай және материалдық жарнасы;
- жарғылық қызметiнен алатын кiрiстер;
- бағалы қағаздардан түсетiн кiрiстер;
- банк кредитi мен басқа да кредиттер;
- мемлекеттiк тапсырыс алған кезде республикалық және
жергiлiктi бюджеттердiң, сондай-ақ бюджеттен тыс мақсатты қорлардың
қаржысы;
- өтемсiз немесе қайырымдылық жарналар;
- ұйымдардың, кәсiпорындардың және жеке адамдардың қайырмалдығы;
- Қазақстан Республикасының Заңдарымен тыйым салынбаған басқа
да көздер.
36. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесi өз қызметiнiң нәтижесiн есепке алады, бухгалтерлiк және статистикалық есеп берудi жүзеге асырады, олардың дұрыстығына жауап бередi.
Бухгалтерлiк және статистикалық есеп беру тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi.
37. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң бiлiм беру қызметiнiң сапасына және түлектерiнiң бiлiм деңгейiне бақылау жасауды осы Ережеде көзделген тәртiп бойынша оларды лицензиялаған және аккредитация жасаған органдар жүзеге асырады.
VI. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiнiң
жұмысын тоқтату
38. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiн тарату мен қайта құруды (қосу, бiрiктiру, бөлу, жiктеу, қайта құру) оның құрылтайшылары жүргiзедi немесе соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
Оның ұйымдық-құқылық нысаны, мәртебесi, көрсетiлетiн бiлiм қызметiнiң Жарғыдағы түрлерi өзгерген жағдайда тiркеу куәлiгi және бiлiм беру қызметiн атқару құқығының лицензиясы күшiн жояды.
39. Мемлекеттiк емес бiлiм мекемесiн таратуды оның Жарғысына сәйкес құрылтайшылары құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады, ал банкрот болған жағдайда - соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
40. Бiлiм беру мекемесiнiң қызметi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде оның құрылтайшылары оқушылардың (тәрбиеленушiлердiң) және олардың ата-аналарының материалдық және моральдық шығынына өтем жасау жөнiнде заң жолымен жауап бередi.
Бiлiм беру мекемесiнiң құрылтайшылары мұндай жағдайда оқушылардың тиiстi үлгiдегi басқа бiлiм беру мекемелерiнде (мемлекеттiктерiн де қоса) оқуын жалғастыруын қамтамасыз етуге шаралар қолдануға мiндеттi.