Қой шаруашылығын дамытуды экономикалық тұрақтандыру және ынталандыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 шiлде 1993 ж. N 612. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Жүннiң, әсiресе қылшықты жүннiң нарқына байланысты қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып және қой шаруашылығымен айналысатын халықты әлеуметтiк қорғау, осы саланы дамытуды одан әрi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер қаулы етедi: 
      1. Анықталған республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы өнiмдерiне жәрдем қаржы беру үшiн көзделген қаржыдан мемлекет мұқтажына сатып алынатын жүндi дотациялауға 30,6 миллиард сом жiберiлсiн. 
      (2-абзац)
       Ескерту. 1-тармағының екiншi абзацы күшiн жойды - ҚРМК-нiң 
13.12.1993 ж. N 1242 қаулысымен. 
      2. Қазақстан Республикасының жүндi бастапқы өңдеу фабрикалары мен Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң: 
      дотация мөлшерiн есепке алмай, мемлекет мұқтажы есебiне сатып алынатын биязы және жартылай биязы жүнге көрсеткiштi бағаның (N 70-45, 1991 ж.) 25-iнен, ал жартылай қылшықты және қылшықты жүнге 15-iнен кем болмайтын өзара қолайлы коэффициент белгiлеу жөнiндегi; 
      ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерден жүндi беру шартымен жуу және сақтау үшiн қабылдау туралы ұсынысы қабылдансын. 
      3. Экспортқа сатылатын жүннiң көтерме-босату бағасы анықталған жағдайда, оның өзiндiк құнына ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлер төлейтiн дотация сомасы қосылады деп белгiленсiн. 
      4. Тұтыну кооперациясының мемлекет мұқтажы үшiн жүн беретiнi анықталғанын ескере отырып, оны халықтан дайындау Қазтұтынуодағына жүктелсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi "Легинвест" акционерлiк инвестициялық компаниясымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп, үш ай мерзiм iшiнде жүннен халық тұтынатын тауарлар өндiру жөнiндегi ұқсату өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық жаңару кеңесiнiң қарауына ұсынатын болсын. 
      6. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқармасы республикада жүнге, терi мен былғары-тон шикiзатына қолданылып жүрген стандарттар мен сертификаттардың, 1994 жылы енгiзу үшiн, олар халықаралық нормаға жауап беретiндей болуын қайта қарайтын болсын. 
      7. Жүндi ұқсату технологиясын пысықтау, қылшықты жүннен дәстүрлi бұйымдар жасау мақсатында Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi және "Легинвест" акционерлiк инвестициялық компаниясы жүндi аяқталған технологиялық желiмен дайын бұйымдар жасауға дейiн қайта өңдеу жөнiндегi тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорын құру туралы ұсынысты қарап, енгiзетiн болсын. 
      8. Қолда бар жүн ресурсын ұтымды пайдалану және оны рынокта сату үшiн қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын. 
      9. Қазақстан Республикасының, Қаржы министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi 10 күндiк мерзiм iшiнде ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң жүнге дотация төлеу тәртiбiн әзiрлеп, белгiлейтiн болсын. 
      10<*> 
       Ескерту. 10-шы тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.09.26. 
N 1283  қаулысымен.  
      11. Жүндi республикадан тысқары жерлерге еркiн сату үшiн квоталау тоқтатылсын және осыған байланысты: 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы өнiмдерiнiң экспортына 1993 жылғы квоталар туралы" 1993 жылғы 26 қаңтардағы N 66 қаулысына қосымшадағы: "жуылған жүн 10" деген сөз; 
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұқтаждарына арналған өнiмдер мен тауарлардың аса маңызды түрлерiн берiп тұруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 10 наурыздағы N 193 қаулысының "жеңiл өнеркәсiп" тарауының қосымшасындағы "жуылған жүн мың тонна 20,3" деген сөз күшiн жойған деп танылсын.     

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1993 жылғы 15 шiлдедегi    
N 612 қаулысына        
Қосымша             

              Қолда бар жүн ресурсын ұтымды пайдалану және
               оны рынокта сату жөнiндегi комиссия
                              Құрамы

Төлебеков Қ.Х.     - Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi
                     орынбасары (төраға)
Жомартов А.Ш.      - "Легинвест" компаниясының президентi
Красносельский Н.Ф.- Экономика министрiнiң орынбасары
Костюченко В.В.    - Сыртқы экономикалық байланыстар министрiнiң
                     бiрiншi орынбасары
Рыльский М.Е.      - Ақтөбе жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының
                     директоры
Жолшыбеков А.Ж.    - Жамбыл жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының 
                     директоры
Зиберт Р.А.        - Семей жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының
                     директоры                    

      

О мерах по экономической стабилизации и стимулированию развития овцеводства

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 июля 1993 г. N 612. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      Учитывая создавшуюся экономическую ситуацию с рынком шерсти, особенно грубой, и в целях социальной защиты населения, занятого в овцеводстве, дальнейшего стимулирования развития этой отрасли Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Направить из средств, предусмотренных в уточненном республиканском бюджете на субсидирование сельскохозяйственной продукции, 30,6 млрд. рублей на дотирование шерсти, закупаемой на государственные нужды. <*>
      Сноска. Пункт 1 изменен постановлением от 13 декабря 1993 г. N 1242.
      2. Принять предложение фабрик первичной обработки шерсти и Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан:
      об установлении взаимоприемлемых коэффициентов на тонкую и полутонкую шерсть не менее 25, на полугрубую и грубую шерсть - 15 к прейскурантной цене (N 70-45, 1991 г.) без учета ставки дотации, закупаемую в счет государственных нужд;
      о приеме шерсти от сельскохозяйственных товаропроизводителей для промывки и хранения на давальческих условиях.
      3. Установить, что при определении оптово-отпускных цен на шерсть, реализуемую на экспорт, в ее себестоимость включается сумма дотации, выплачиваемая сельскохозяйственным товаропроизводителям.
      4. Учитывая, что потребительской кооперации установлена поставка шерсти для государственных нужд, возложить заготовку ее населения на Казпотребсоюз.
      5. Министерству экономики Республики Казахстан совместно с акционерной инвестиционной компанией "Легинвест" и Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан в трехмесячный срок разработать программу развития перерабатывающей промышленности по производству товаров народного потребления из шерсти и представить ее на рассмотрение в Национальный совет экономических преобразований Республики Казахстан.
      6. Казахской академии сельскохозяйственных наук, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан и Главному управлению по стандартизации и метрологии пересмотреть действующие в республике стандарты и сертификаты на шерсть, кожевенное и шубно-меховое сырье с тем, чтобы они отвечали международным нормам, для введения их в 1994 году.
      7. В целях отработки технологии переработки шерстяного сырья, выработки из грубой шерсти традиционных изделий Казахской академии сельскохозяйственных наук, Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан и акционерной инвестиционной компании "Легинвест" рассмотреть и внести предложение о создании опытно-экспериментального предприятия по переработке шерсти с законченным технологическим циклом до выработки готовых изделий.
      8. Для рационального использования имеющихся ресурсов шерсти и реализации ее на рынке образовать комиссию в составе согласно приложению.
      9. Министерству финансов Республики Казахстан и Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан в 10-дневный срок разработать и определить порядок выплаты дотации на шерсть сельскохозяйственным товаропроизводителям.
      10. Утратил силу - постановлением КМ РК от 26 сентября 1995 г. N N 1283.
      11. Для свободной реализации шерсти за пределы республики отменить квотирование и в связи с этим признать утратившими силу:
      в приложении к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 января 1993 г. N 66 "О квотах на экспорт продукции Республики Казахстан в 1993 году" слова: "шерсть мытая 10";
      в приложении (раздел "легкая промышленность " к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 10 марта 1993 г. N 193 "О мерах по обеспечению поставок важнейших видов продукции и товаров для государственных нужд Республики Казахстан в 1993 году" слова: "шерсть мытая тыс. тонн 20,3".


   Премьер министр
Республики Казахстан

                                  Приложение
                       к постановлению Кабинета Министров
                             Республики Казахстан
                           от 15 июля 1993 г. N 612

                              С о с т а в 
               комиссии по рациональному использованию
               имеющихся ресурсов шерсти и реализации
                              ее на рынке

     Тюлебеков К.Х           - первый заместитель Министра

                             - сельского хозяйства (председатель)

   

     Джомартов А.Ч.          - президент компании "Легинвест"

    

     Красносельский Н.Ф      - заместитель Министра экономики

     Костюченко В.В.         - первый заместитель Министра

                               внешнеэкономических связей

     Рыльский М.Е.           - директор Актюбинской фабрики

                               первичной обработки шерсти

     Жолшибеков А.Ж.         - директор Жамбылской фабрики

                               первичной обработки шерсти

     Зиберт Р.А.             - директор Семипалатинской

                               фабрики первичной обработки шерсти