Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.05.26 № 580 Қаулысымен.
Әскери қызметшiлердi азық-түлiкпен және басқа үлес түрлерiмен қамтамасыз етудiң қолданылып жүрген нормаларын толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара әскерлерiнiң, Республика ұланының және Қазақстан Республикасының басқа да арнаулы әскери құрамаларының мемлекет есебiнен азық-түлiк үлесiн алатын әскери қызметшiлерiне тәулiгiне бiр адамға шаққанда берiлетiн норма N 1 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери оқу орындарының курсанттарына, әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер мен студенттерге тиiс пастасы, сигарет пен сiрiңке N 2 қосымшаға сәйкес берiлсiн.
3. 1993 жылы шығындарды қаржыландыру жалпы мақсаттағы Қарулы Күштердi, Iшкi әскерлердi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Республика ұланын ұстауға арналып бюджетте көзделген қаржы есебiнен және соның шегiнде, ал келесi жылдары оларды ұстауға арналған смета шегiнде жүргiзiлетiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне осы
қаулының 2-тармағында көрсетiлген санаттағы әскери қызметшiлерге
ақшалай өтем жасаудың, сондай-ақ әскери бөлiмдердi, әскери оқу
орындарын әскери сауда жүйесi арқылы темекi бұйымдарымен және
сiрiңкемен қамтамасыз етудiң тетiгiн әзiрлеп, бекiту тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 19 шiлдедегi
N 617 қаулысына
N 1 ҚОСЫМША
Әскери қызметшiлердiң тәулiктiк азық-түлiк үлесiн ұлғайту
НОРМАСЫ
(Кесте)
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 19 шiлдедегi
N 617 қаулысына
N 2 Қосымша
Әскери қызметшiлердiң тiс пастасын, сигарет және сiрiңке беру
НОРМАСЫ
(Кесте)
Республикалық әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушiлерiне тек тiс пастасы ғана берiледi.