Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 580 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 26 мамырдағы
№ 530 қаулысына
қосымша    

Күші жойылған Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті, Қазақстан Республикасының Үкіметі кейбір шешімдерінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесі өкімдерінің тізбесі

      1. «Сынақ полигондарын тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 сәуірдегі № 398 қаулысы.
      2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің орталық аппараты қызметкерлерінің санын көбейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 каңтардағы № 30 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 қаңтардағы № 65 қаулысы.
      4. «Әскери қызметшілерге азық-түлік нормасын ұлғайту және басқа үлес түрлерін беру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 шілдедегі № 617 қаулысы.
      5. «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін жабдықтау мен Қорғаныс министрлігін, Ішкі істер министрлігін, Ұлттық қауіпсіздік комитетін, Республикалық ұланды және басқа да арнаулы әскери құрамаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 24 тамыздағы № 958 қаулысы.
      6. «Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі етіп қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 маусымдағы № 688 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 22, 229-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Жоғары әскери теңіз училищесі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы № 314 қаулысының 2-тармағы.
       8. «Құрлық әскерлері әскери институтының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы № 659 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 193-құжат).
      9. «Ұлттық қорғаныс университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 134-құжат).
      10. «Ұлттық қорғаныс университетінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1209 қаулысы 2-тармағының 2) тармақшасы.
      11. «КСРО Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына конкурстан тыс қабылдау үшін жергілікті ұлттың жасөспірімдерін қабылдау жөнінде республикалық комиссия құру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 11 қаңтардағы № 2-ө өкімі.
      12. «Запастағы жауынгерлер мен интернационалистер туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 14 тамыздағы № 180-ө өкімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады