Лауазымды және нақты адамдардың, тракторшы-машинистердiң машина-трактор паркiнiң техникалық жайына және техникалық пайдалану ережесiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды күшейту және жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппаратында бас басқарма құқымен машина-трактор паркiнiң техникалық жайына қадағалау жөнiндегi Мемлекеттiк инспекциясы*, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының аппаратында (ауыл шаруашылық органдары) - мемауылтехқадағалау бөлiмдерi, аудандық ауыл шаруашылық басқармасының аппаратында - мемауылтехқадағалаудың аудандық инспекциясы құрылсын.
<*> Бұдан әрi текст бойынша - Қазақстан Республикасының Мемауылтехқадағалауы.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң мемауылтехқадағалау органдарына:
заңды ұйымдар мен нақты адамдардың қарамағындағы тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналары мен трактор тiркемелерiнiң техникалық жайына, сондай-ақ тракторлардың, комбайндардың және басқа да ауыл шаруашылық машиналарының техникалық пайдалану ережесiнiң, мұнай өнiмдерiн агроөнеркәсiптiк кешеннiң шаруашылықтарында, кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында тасымалдау, сақтау мен пайдалану ережесiнiң сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру;
тракторларды өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен трактор тiркемелерiн тiркеу, сондай-ақ оларға бiрдей номерлiк белгiлер мен техникалық паспорттар беру;
тракторларды, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргiзу үшiн емтихандар қабылдау және тиiстi куәлiк беру жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемауылтехқадағалау бастығы Қазақстан Республикасы мемауылтехқадағалауының Бас мемлекеттiк инженер-инспекторы болып табылады және оны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi тағайындайды, облыстық (аудандық) ауыл шаруашылық басқармасының (ауылшароргандарының) мемауылтехқадағалауы бөлiмдерiнiң (инспекция) бастықтары - облыстық (аудандық) мемауылтехқадағалау бас мемлекеттiк инженер-инспекторлары болып табылады және оларды мемауылтехқадағалауының жоғары органдарының келiсiмiмен тиiстi ауыл шаруашылық басқармасының (ауылшароргандарының) басшылары тағайындайды;
облыстардағы, аудандардағы мемауылтехқадағалау органдары машина-трактор паркiнiң жайына мемлекеттiк қадағалаудың барлық мәселелерi бойынша мемауылтехқадағалауының жоғары органдарына есеп берiп отырады;
мемауылтехқадағалауының аудандық инспекциясының құрамы ауданда бар әрбiр 1000-1200 тракторға, автомобильге, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол құрылыс машиналарына бiр инженер-инспектордан есептелiп, бiрақ ауданға бiр адамнан кем емес, анықталады деп белгiленсiн.
Облыстар мен аудандардың әкiмдерiне мемауылтехқадағалау бөлiмдерi мен инспекцияларының адам санын белгiленген нормативтерге сәйкес келтiру ұсынылсын. <*>
Ескерту. 3-тармақ келесi абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң
17.03.1994 ж. N 281 қаулысына сәйкес.
4. Мемауылтехқадағалаудың мемлекеттiк инженер-инспекторларына:
бағыныстылығына қарамастан техникалық жайы айналадағы ортаны қорғау талаптарына сай келмейтiн немесе өздерiнiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ете алмайтын тракторларды, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын пайдалануға тыйым салу;
машиналардың техникалық пайдалану ережесiндегi анықталған қателiктердi жою жөнiндегi агроөнеркәсiптiк кешен шаруашылықтарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң басшыларына мiндеттi түрде орындауға жататын тапсырмалар беру;
белгiленген заңға сәйкес машина-трактор паркiн техникалық пайдалану ережесiн және техника хауiпсiздiгi ережесiн өрескел бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту;
машина-трактор паркiн техникалық пайдалану ережесiн және мұнай өнiмдерiн тасымалдау, сақтау және жұмсау ережесiн бұзу арқылы келтiрiлген материалдық нұқсанды iшiнара өтеу мақсатында осы ереженi бұзу нәтижесiнде материалдық нұқсан келтiруге кiнәлi агроөнеркәсiптiк кешен шаруашылықтарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң, оның iшiнде машиналарға шарттар бойынша жөндеу жүргiзетiн және техникалық қызмет көрсететiн ("Кең дала мемлекеттiк " мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мамандандырылған жөндеу шеберханалары мен заводтарынан және "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдингтiк компаниясы басқа) басты қызметкерлерiн үш айлық қызмет окладының көлемiнде ақшалай айып салу құқы берiлсiн. <*>
Ескерту. 4-тармақтың соңғы абзацынан сөздер алмастырылды -
ҚРМК-нiң 17.03.1994 ж. N 281 қаулысына сәйкес.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне:
<*>
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесе отырып тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен трактор тiркемелерiнiң мемлекеттiк номерлiк белгiлерi мен техникалық паспорттарының (талондарының), тракторшы-машинист куәлiгi мен олардың ескерту талондарының үлгiлерiн әзiрлеп, бекiту;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша тракторларды, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен трактор тiркемелерiн жыл сайын техникалық тексеруден өткiзу Ережелерiн және тракторларды, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналары мен трактор тiркемелерiн тiркеудiң бiрыңғай тәртiбiн әзiрлеп, бекiту;
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен бiрлесе отырып және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша тракторшы-машинистерден емтихан қабылдаудың және куәлiк берудiң бiрыңғай тәртiбiн әзiрлеп, бекiту құқы берiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақтан 2-абзац алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
1997.04.08. N 505
P970505_
6. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн машиналар мен трактор тiркемелерiн техникалық тексеру мен тiркеуден және тракторшы-машинистердi аттестациядан өткiзуден түскен, мемауылтехқадағалау органдарында көлiк құралдарын пайдалануға, номерлiк белгiлердi, техникалық құжаттамаларды, бақылау-өлшеу приборларын, жабдықтары мен құралдарын сатып алуға кеткен шығындардан артылған алымдар сомасы республикалық бюджет кiрiсiне алынатын болып белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемауылтехқадағалау органдарының қызметiнен түсетiн кiрiстердi көздесiн. Шаруашылықтардан, кәсiпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден, кооперативтерден, коммерциялық құрылымдардан, сондай-ақ жекелеген азаматтардан алым түрiнде түсетiн қаражат жетiспеген жағдайда, осы пункттiң бiрiншi жаңа жолында көрсетiлген мақсаттарға кеткен шығындар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бойынша республика бюджетiнде операциялық шығындарға көзделген қаражат есебiнен өтеледi.
7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Әдiлет министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен және Бас прокуратурасымен келiсiм бойынша машина-трактор паркiнiң техникалық жағдайына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен келiсiм бойынша мемауылтехқадағалау мемлекеттiк инженер-инспекторларының материалдық нұқсанды анықтау және ақшалай айып салуды жүргiзу Ережесiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
8. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "Колхоздарда, совхоздарда, тағы басқа мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындар мен ұйымдарда машина-трактор паркiнiң техникалық жағдайына мемлекеттiк бақылауы туралы" (Қазақ ССР Үкiметiнiң ҚЖ, 1969, N 10, 47-бап) 1969 жылғы 29 сәуiрдегi N 270 қаулысы;
"Колхоздардың, совхоздардың және басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен ұйымдарының машина-трактор паркiнiң техникалық жағдайына мемлекеттiк бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" (Қазақ ССР Үкiметiнiң ҚЖ, 1976, N 5, 15-бап) 1976 жылғы 16 ақпандағы N 77 қаулысы күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi