1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
1994 жылға дейiн Орал қаласында Әскери-Теңiз Күштерi мен Шекара әскерлерiнiң теңiз бөлiмшелерi үшiн кеме экипаждарын даярлау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң оқу орталығын құрсын;
Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi оқу орталығының ұйымдық-штаттық құрылымын әзiрлеп, бекiтсiн.
2. Батыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң орталығына қажеттi үй-жай бөлсiн, инфрақұрылымын ұйымдастыруға және дамытуға көмек көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң оқу орталығын құру мен жетiлдiруге арналған қажеттi қаржылай және материалдық қаражат қарастыратын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi