Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң оқу орталығын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 тамыз 1993 ж. N 748

      Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен Шекара әскерлерiнiң теңiз бөлiмшелерi үшiн кеме экипаждарын даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      1994 жылға дейiн Орал қаласында Әскери-Теңiз Күштерi мен Шекара әскерлерiнiң теңiз бөлiмшелерi үшiн кеме экипаждарын даярлау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң оқу орталығын құрсын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi оқу орталығының ұйымдық-штаттық құрылымын әзiрлеп, бекiтсiн.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң орталығына қажеттi үй-жай бөлсiн, инфрақұрылымын ұйымдастыруға және дамытуға көмек көрсетсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әскери-Теңiз Күштерiнiң оқу орталығын құру мен жетiлдiруге арналған қажеттi қаржылай және материалдық қаражат қарастыратын болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады