Сортсыз сүтке дотация төлеудi тоқтату туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 9 қыркүйек 1993 ж. N 856. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Мемлекеттiк ресурсқа ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлер өткiзетiн сүттiң сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы мемлекет мұқтажы үшiн ауыл шаруашылық өнiмдерi мен шикiзат сатып алу және беру туралы" 1993 жылғы 4 наурыздағы N 161 (N 4 қосымша)  қаулысында және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Сүттiң, малдың және құстың мемлекеттiк кепiлдi сатып алу бағасы туралы" 1993 жылғы 30 сәуiрдегi  N 337  (N 1 қосымшаға ескерту)  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 15, 176-бап) қаулысында белгiленген совхоздардың, колхоздар мен басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қышқылдық мөлшерi, тазалық және бактериялық даму дәрежесi бойынша мемлекеттiк ресурсқа беретiн сортсыз сүтiне дотация төлеудi 1993 жылғы 15 қыркүйектен бастап тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармасының ұсынысы қабылдансын. 

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi 

Об отмене выплаты дотаций на несортовое молоко

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 9 сентября 1993 года N 856. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях повышения качества сдаваемого молока сельскохозяйственными товаропроизводителями в государственные ресурсы Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Принять предложение Министерства экономики, Министерства сельского хозяйства, Министерства финансов Республики Казахстан и Главного управления по стандартизации и метрологии при Кабинете Министров Республики Казахстан об отмене с 15 сентября 1993 г. выплаты дотаций на несортовое молоко по уровню кислотности, степени чистоты и бактериальной обсемененности, поставляемое совхозами, колхозами и другими сельскохозяйственными предприятиями в государственные ресурсы, установленных постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 марта 1993 г. N 161 "О закупках и поставках сельскохозяйственной продукции и сырья для государственных нужд в 1993 году" (приложение N 4) и постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 апреля 1993 г. N 337 P930337_  "О государственных гарантированных (защитных) закупочных ценах на молоко, скот и птицу" (примечание к приложению N 1) (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 15, ст.176).

    Премьер-министр
 Республики Казахстан