Мемлекеттiк ресурсқа ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлер өткiзетiн сүттiң сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "1993 жылы мемлекет мұқтажы үшiн ауыл шаруашылық өнiмдерi мен шикiзат сатып алу және беру туралы" 1993 жылғы 4 наурыздағы N 161 (N 4 қосымша) қаулысында және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Сүттiң, малдың және құстың мемлекеттiк кепiлдi сатып алу бағасы туралы" 1993 жылғы 30 сәуiрдегi
N 337
(N 1 қосымшаға ескерту) (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 15, 176-бап) қаулысында белгiленген совхоздардың, колхоздар мен басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қышқылдық мөлшерi, тазалық және бактериялық даму дәрежесi бойынша мемлекеттiк ресурсқа беретiн сортсыз сүтiне дотация төлеудi 1993 жылғы 15 қыркүйектен бастап тоқтату туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқармасының ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi