Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында көмiр сутегi шикiзатының бiр бөлегiн қайта өңдеу есебiнен Батыс Қазақстанда мұнай өнiмдерiнiң қосымша көлемiн алу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының, "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының және "Гилла" фирмасының қуаты 400 мың тонна тұрлаусыз газ конденсатын өңдеуге арналған шағын тоннажды қондырғы салу жөнiндегi "Конденсат" бiрлескен кәсiпорнын (бұдан былай - "Конденсат" БК) құрғаны, осы қондырғы бойынша жобалау жұмыстарының атқарылғаны, жабдықтар берiп тұруға байланысты контракттар жасалып, құрылыс жұмыстарының басталғаны еске алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi "Аджип" және "Бритиш Газ" компанияларының тобымен контракт әзiрлеген кезде "Конденсат" БК-ның өңдеушi қондырғысының Қарашығанақ кәсiпшiлiгiнiң аумағында орналасуын және "Қарашығанақгазөнеркәсiп" мемлекеттiк кәсiпорнына берiлген техникалық шарттардың сақталуын көздейтiн болсын.
3. "Конденсат" БК-ның газ конденсатын өңдеуге арналған шағын тоннажды қондырғысының құрылысына Қазақстан жағынан қатысушылардың жарнасының валюталық үлесiн қамтамасыз ету үшiн "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы үшiн 1993 жылы 200 мың тонна газ конденсатын және "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы үшiн 100 мың тонна мазутты экспортқа шығаруға квота бөлiнсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi шағын тоннаждық қондырғы пайдалануға берiлген сәттен бастап жыл сайын:
республиканың отын балансында Қарашығанақ кен орнынан 400 мың тонна көлемiнде тұрлаусыз конденсат өңдеу үшiн шикiзат;
шағын тоннажды қондырғы құрылысына жұмсалған құрылтайшылардың валюталық шығыны орнын жапқанға дейiн валюталық түсiмнен және осы түсiмнiң бiр бөлегiн белгiленген тәртiппен сатудан кеден бас салығын алдын ала төлей отырып, өндiрiлетiн мөлдiр мұнай өнiмдерiнiң 30 процентiне дейiнгi көлемде және мазуттың 70 процентiне дейiнгi көлемде экспортқа шығаруға квоталар мен лицензиялар бөлiнуiн көздейтiн болсын.
5. Қазақстан Әлем банкi "Конденсат" БК-ның 10 млн. АҚШ доллары сомасына 200 мың тонна газ конденсатын және 100 мың тонна мазутты экспортқа шығаратындығына шет ел инвесторлары үшiн банк кепiлдiгiн беру мәселесiн қарайтын болсын.
(6-тармағы)<*>
Ескерту. 6-тармағының күшi жойылған - Қ.Р.К.М. 2 қараша
1994 ж. N 1219 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне Қарашығанақ мұнай өнiмдерiн өндiру жөнiндегi шағын тоннажды қондырғысы құрылысының жүзеге асырылуына және оның уақтылы пайдалануға берiлуiне бақылау жасау жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi