Мемлекеттiң қатысуымен "Алматықұрылыс" холдинг компаниясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 4 қазан N 983. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.13. N 736 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру, өтпелi кезеңде мемлекеттiк реттеудi және нарықтық құрылымдарды қалыптастыруды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк-акционерлiк "Алматықұрылыс" концернi кәсiпорындарының, ұйымдарының және акционерлiк қоғамдарының, сондай-ақ осы қаулыға тiркелген қосымшаға сәйкес салалық басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың негiзiнде мемлекеттiң қатысуымен "Алматықұрылыс" холдинг компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын, оның орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, Компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн заңдарда белгiленген тәртiппен иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын.
      3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялардың пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша Компанияның иеленуi, пайдалануы және басқаруында берiлетiн болсын.
      4. Компания мемлекеттiк-акционерлiк "Алматықұрылыс" концернiнiң мүлiктiк құқығы мен қаржылық-экономикалық мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады.
      5. Компанияға iрi құрылыс бағдарламаларына қатысу, күрделi құрылысты инвестициялау үшiн қаржы ресурстарын шоғырландыру, құрылыс кешенiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, өнеркәсiптiк және басқа да объектiлердi контрактiлiк негiзде салуды кеңейту және дамыту, тұрғын үй нарығын қалыптастыру, Алматы қаласы мен Алматы облысының, сондай-ақ өзге аймақтардың құрылыс өнiмдерi мен қызметтерiне мұқтаждықтарын барынша толық қанағаттандыру жөнiндегi мiндеттердi шешу жүктелсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне мемлекеттiк-акционерлiк "Алматықұрылыс" концернiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiм iшiнде Компанияның мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты бiтiру және құрылтай құжаттарын бекiту жүктелсiн.
      7. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер

Советi жанындағы Алматы қаласында және Алматы облысында құрылыс 
жүргiзу жөнiндегi бас территориялық басқарманы тарату және 
мемлекеттiк-акционерлiк "Алматықұрылыс" концернiн құру туралы" 
1990 жылғы 28 желтоқсандағы N 544 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1991 ж.,
N 5, 36-бап) күшi жойылған деп танылсын.

        Қазақстан Республикасының 
           Премьер-министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Министрлер Кабинетiнiң
                                           1993 жылғы 4 қазандағы 
                                              N 983 қаулысына
                                                  қосымша

               Мемлекет қатысатын "Алматықұрылыс" холдинг
           компаниясына кiретiн кәсiпорындардың, ұйымдар мен
                      акционерлiк қоғамдардың
                          Т I З Б Е С I

     "Алматыжилстрой" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Алматыпромстрой" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Алматыкультбытстрой" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Алматыинжстрой" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Алматыоблтяжстрой" акционерлiк қоғамы, Алматы облысының
     Энергетический поселкесi
     "Капчагайтяжстрой" акционерлiк қоғамы, Қапшағай қаласы
     "Алматыоргтехстрой" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Алматыстройтранс" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Құрылысматериалы" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Қарағай" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Темiр-тас" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Алматыстрой" корпорациясы, Алматы қаласы
     "Алматыгорстрой" ұжымдық кәсiпорны, Алматы қаласы
     "Алматыгипрогор" ұжымдық кәсiпорны, Алматы қаласы
     Акционерлiк жобалау-құрылыс АДК корпорациясы, Алматы қаласы
     Ново-Алексеевка қиыршық тас зауыты, Алматы облысының Алексеевка
     селосы      
     Жауапкершiлiгi шектеулi "Келешек" қоғамы, Алматы қаласы
     Көпсалалы "Достық" құрылыс фирмасы, Алматы қаласы                     
                      
      
      


О создании холдинговой компании "Алматыкурылыс" с участием государства

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 октября 1993 года N 983. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13 июня 1996 г. N 736 ~P960736.

      В целях реализации Национальной программы разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап) U931135_ , усиления государственного регулирования в переходный период и формирования рыночных структур Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать холдинговую компанию "Алматыкурылыс" с участием государства (в дальнейшем - Компания) на базе предприятий, организаций и акционерных обществ Государственно-акционерного строительного концерна "Алмаатастрой", а также других предприятий и организаций отрасли согласно приложению, с месторасположением в городе Алматы.
      2. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу делегировать Компании права владения, пользования и управления имуществом государственных предприятий и организаций, а также государственными пакетами акций ранее созданных акционерных обществ, включенных в состав Компании в установленном законодательством порядке.
      3. По мере акционирования государственных предприятий и организаций передать Компании во владение, пользование и управление государственные пакеты акций акционерных обществ, за исключением пакетов акций, реализуемых Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу в порядке, предусмотренном Национальной программой разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап).
      4. Компания является правопреемником имущественных прав и финансово-экономических обязанностей Государственно-акционерного строительного концерна "Алмаатастрой".
      5. Возложить на Компанию участие в реализации крупных строительных программ, решение задач по концентрации финансовых ресурсов для инвестирования капитального строительства, повышению эффективности управления строительным комплексом, распространению и развитию контрактного строительства промышленных и других объектов, формированию рынка жилья, наиболее полному удовлетворению нужд города Алматы и Алматинской области, а также других регионов в строительной продукции и услугах.
      6. Поручить Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с Государственно-акционерным строительным концерном "Алмаатастрой" в месячный срок завершить работу по формированию имущественного комплекса Компании и утвердить учредительные документы.
      7. Признать утратившим силу постановление Совета Министров Казахской ССР от 28 декабря 1990 г. N 544 "Об упразднении Главного территориального управления при Совете Министров Казахской ССР по строительству в г.Алма-Ате и Алма-Атинской области (Главалмаатастроя) и образовании Государственно-акционерного строительного концерна "Алмаатастрой" (СП КазССР, 1991 г., N 5, ст. 36).
  Премьер-министр
Республики Казахстан


                                             Приложение

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 октября 1993 г. N 983


                          ПЕРЕЧЕНЬ
        предприятий, организаций и акционерных обществ,
            входящих в состав холдинговой компании
            "Алматыкурылыс" с участием государства
Акционерное общество "Алматыжилстрой", г. Алматы Акционерное общество "Алматыпромстрой", г. Алматы Акционерное общество "Алматыкульбытстрой", г. Алматы Акционерное общество "Алматыинжстрой", г. Алматы Акционерное общество "Алматыоблтяжстрой", пос. Энергетический, Алматинская область Акционерное общество "Капчагайтяжстрой", г. Капчагай Акционерное общество "Алматыоргтехстрой", г. Алматы Акционерное общество "Алматыстройтранс", г. Алматы Акционерное общество "Курылысматериалы", г. Алматы Акционерное общество "Карагай", г. Алматы Акционерное общество "Темир-тас", г. Алматы Корпорация "Алматыстрой", г. Алматы Коллективное предприятие "Алматыгорстрой", г. Алматы Коллективное предприятие "Алматыгипрогор", г. Алматы Акционерная проектно-строительная корпорация АДК, г. Алматы Ново-Алексеевский щебеночный завод, с. Алексеевка, Алматинская область Общество с ограниченной ответственностью "Келешек", г. Алматы Многопрофильная строительная фирма "Достык", г. Алматы