"Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде және Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарындағы бастапқы лауазымдардың толық жасақталмауына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi: 1993-1994 жылдары жоғары заң бiлiмi бар запастағы 80 офицер екi жыл мерзiмге әскери прокуратура органдарына әскери қызметке шақырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi