"Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 8 қазан N 1002. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994.06.29. N 727 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары, өндiрiстiк бiрлестiктерi, акционерлiк қоғамдары негiзiнде "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - "Көмiр" компаниясы) құрылсын.
      2. "Көмiр" компаниясы қайта құрылып жатқан "Қазақстанкөмiр" Қазақ мемлекеттiк корпорациясының мүлiктiк құқылары мен мiндеттерiнiң құқылы мирасқоры болып табылады деп белгiленсiн.
      3. "Көмiр" компаниясына:
      көмiр өндiру, шахталар мен разрездердi дамыту, еңбек ету үшiн қауiпсiз және салауатты жағдай жасау саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзуге;
      келешекте саланы дамытудың тұжырымдамасы мен бағдарламаларын әзiрлеудi жүзеге асыруға;
      iрi-iрi жалпы салалық ғылыми зерттеулер, неғұрлым маңызды iрi жаңа объектiлер салу үшiн қаржы ресурстарын шоғырландыруға;
      ғылыми-техникалық зерттеулер, стандарттау, өндiрiс экологиясы және көмiр өнеркәсiбi ұжымдарының әлеуметтiк бағдарламалары саласында стратегия мен тактиканы қалыптастыруға;
      саланы дамытудың және жалпысалалық мүдделердi сақтауды қамтамасыз етудiң мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында акционерлiк компаниялар мен қоғамдарды басқару iсiне қатысуға;
      еншiлес акционерлiк компаниялар мен қоғамдардың байқаушы кеңестерiне өз өкiлдерiн тағайындауға қатысуға, жергiлiктi әкiмшiлiк органдарымен бiрлесiп белгiленген тәртiппен олардың басшыларын iрiктеп алып, бекiтудi жүзеге асыруға;
      мемлекет мұқтажы үшiн көмiр берiп тұру жөнiндегi тапсырмалар, шаруашылық шарттар, контрактылық және басқа келiсiмдер негiзiнде өз қызметiнiң жоспарын әзiрлеуге, халыққа және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажға арнап қатты отын жөнелтудi үйлестiруге уәкiлеттiк берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiп бойынша:
      осыған қосылған тiзбедегi бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар құрамында "Көмiр" компаниясын құру жөнiндегi құжаттар пакетiн бiр айлық мерзiмде қабылдасын;
      Компанияның құрамына заңда белгiленген тәртiппен кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ бұрын құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын "Көмiр" компаниясына табыстайтын болсын. Мемлекеттiк кәсiпорындардың акционерленуiне қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасы белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакеттерiнен басқасын, "Көмiр" компаниясының иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берсiн.
      5. "Көмiр" компаниясының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
      6. "Көмiр" компаниясының басшыларын тағайындау мен бекiту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру процесiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысымен белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылсын.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Көмiр өндiру, ұқсату, берiп тұру және көмiр кәсiпорындарын салу жөнiндегi "Қазақстанкөмiр" Қазақстан мемлекеттiк корпорациясы туралы" 1991 жылғы 27 желтоқсандағы N 803 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қазандағы N 1002 қаулысына қосымша


            "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына

           енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың, өндiрiстiк
                бiрлестiктер мен акционерлiк қоғамдардың
                                  ТIЗБЕСI

     "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi, Қарағанды қаласы
     "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi, Екiбастұз қаласы
     "Қарағандышахтақұрылыс" комбинаты, Қарағанды қаласы
     "Екiбастұзшахтақұрылыс" комбинаты, Екiбастұз қаласы
     "Карагандагипрошахт" институты, Қарағанды қаласы
     Қарағанды ғылыми-зерттеу көмiр институты (ҚҒЗКИ), Қарағанды
     қаласы
     Қазақстан Республикасы кен қорғаушыларының ғылыми-инженерлiк
     орталығы, Қарағанды қаласы
     Әскериленген кен қорғаушылар бөлiмдерiнiң штабы (ӘКҚБ),
     Қарағанды қаласы
     Кен механикасы мен маркшейдер iсiнiң Қазақ ғылыми-зерттеу
     институты (ҚазҒЗМИ), Қарағанды қаласы
     "Баян" кен өндiру кәсiпорнының Қаражыра разрезi, Семей облысы
     "Приозерный" разрезi, Қостанай облысы
      
      


О создании государственной холдинговой компании "Комiр"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 8 октября 1993 г. N 1002. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29 июня 1994 г. N 727 ~P940727.

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан от 23 июня 1993 г. N 1291 "О совершенствовании системы органов хозяйственного управления" Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать Государственную холдинговую компанию "Комiр" (в дальнейшем - компания "Комiр") на базе государственных предприятий, производственных объединений, акционерных обществ Министерства энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан.
      2. Определить, что компания "Комiр" является правопреемником имущественных прав и обязанностей реорганизуемой Казахской государственной корпорации "Казахстануголь".
      3. Уполномочить компанию "Комiр":
      проводить единую техническую политику в области угледобычи, развития шахт и разрезов, создания безопасных и здоровых условий труда;
      производить разработку концепции и программ развития отрасли на перспективу;
      концентрировать финансовые ресурсы для крупных общеотраслевых научных разработок, наиболее важных и новых объектов строительства;
      формировать стратегию и тактику в области научно-технических разработок, стандартизации, экологии производства и социальных программ коллективов угольной промышленности;
      принимать участие в управлении акционерными компаниями и обществами в целях реализации государственной программы развития отрасли и обеспечения соблюдения общеотраслевых интересов;
      участвовать в назначении своих представителей в наблюдательные советы дочерних акционерных компаний и обществ, совместно с органами местной администрации в установленном порядке осуществлять подбор и утверждение их руководителей;
      разрабатывать планы своей деятельности на основе заданий по поставкам угля для государственных нужд, хозяйственных договоров, контрактных и других соглашений, координировать поставки твердого топлива для населения и коммунально-бытовых нужд.
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с Министерством энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан в установленном порядке:
      в месячный срок принять пакет документов по созданию компании "Комiр" в составе объединений, предприятий и организаций согласно приложению;
      делегировать компании "Комiр" права владения, пользования и управления государственным имуществом предприятий и организаций, а также права владения, пользования и управления государственным пакетом акций ранее созданных акционерных обществ, входящих в состав Компании в установленном законодательством порядке. По мере акционирования государственных предприятий передать компании "Комiр" во владение, пользование и управление государственные пакеты акций акционерных обществ, за исключением пакетов акций, реализуемых Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу в порядке, установленном Национальной программой разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап).
      5. Определить месторасположение компании "Комiр" в городе Алматы.
      6. Назначение и утверждение руководителей компании "Комiр" осуществлять в порядке, установленном постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 14 июля 1993 г. N 606 P930606_ "Вопросы государственного регулирования деятельности хозяйствующих субъектов в процессе разгосударствления и приватизации".
      7. Считать утратившим силу постановление Кабинета Министров

Республики Казахстан от 27 декабря 1991 г. N 803 "О Казахской
государственной корпорации "Казахстануголь" по добыче, переработке,
поставке угля и строительству угольных предприятий.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан
                                           Приложение
                              к постановлению Кабинета Министров
                                      Республики Казахстан
                                  от 8 октября 1993 г. N 1002

                           П Е Р Е Ч Е Н Ь
            государственных предприятий, производственных
            объединений и акционерных обществ, включенных
                 в состав Государственной холдинговой
                           компании "Комiр"

     Производственное объединение "Карагандауголь", г. Караганда

     Производственное объединение "Экибастузуголь", г. Экибастуз

     Комбинат "Карагандашахтострой", г. Караганда

     Комбинат "Экибастузшахтострой", г. Экибастуз

     Институт "Карагандагипрошахт", г. Караганда

     Карагандинский научно-исследовательский угольный институт (КНИУИ)
     г. Караганда

     Научно-инженерный центр горноспасателей Республики Казахстан,
     г. Караганда

     Штаб военизированных горноспасательных частей (ВГСЧ), г. Караганда

     Казахский научно-исследовательский институт горной механики и
     маркшейдерского дела (КазНИМИ), г. Караганда

     Разрез "Каражыра" горнодобывающего предприятия "Баян",
     Семипалатинская область

     Разрез "Приозерный", Кустанайская область