1. Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары, өндiрiстiк бiрлестiктерi, акционерлiк қоғамдары негiзiнде "Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - "Көмiр" компаниясы) құрылсын.
2. "Көмiр" компаниясы қайта құрылып жатқан "Қазақстанкөмiр" Қазақ мемлекеттiк корпорациясының мүлiктiк құқылары мен мiндеттерiнiң құқылы мирасқоры болып табылады деп белгiленсiн.
3. "Көмiр" компаниясына:
көмiр өндiру, шахталар мен разрездердi дамыту, еңбек ету үшiн қауiпсiз және салауатты жағдай жасау саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзуге;
келешекте саланы дамытудың тұжырымдамасы мен бағдарламаларын әзiрлеудi жүзеге асыруға;
iрi-iрi жалпы салалық ғылыми зерттеулер, неғұрлым маңызды iрi жаңа объектiлер салу үшiн қаржы ресурстарын шоғырландыруға;
ғылыми-техникалық зерттеулер, стандарттау, өндiрiс экологиясы және көмiр өнеркәсiбi ұжымдарының әлеуметтiк бағдарламалары саласында стратегия мен тактиканы қалыптастыруға;
саланы дамытудың және жалпысалалық мүдделердi сақтауды қамтамасыз етудiң мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында акционерлiк компаниялар мен қоғамдарды басқару iсiне қатысуға;
еншiлес акционерлiк компаниялар мен қоғамдардың байқаушы кеңестерiне өз өкiлдерiн тағайындауға қатысуға, жергiлiктi әкiмшiлiк органдарымен бiрлесiп белгiленген тәртiппен олардың басшыларын iрiктеп алып, бекiтудi жүзеге асыруға;
мемлекет мұқтажы үшiн көмiр берiп тұру жөнiндегi тапсырмалар, шаруашылық шарттар, контрактылық және басқа келiсiмдер негiзiнде өз қызметiнiң жоспарын әзiрлеуге, халыққа және коммуналдық-тұрмыстық мұқтажға арнап қатты отын жөнелтудi үйлестiруге уәкiлеттiк берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiп бойынша:
осыған қосылған тiзбедегi бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар құрамында "Көмiр" компаниясын құру жөнiндегi құжаттар пакетiн бiр айлық мерзiмде қабылдасын;
Компанияның құрамына заңда белгiленген тәртiппен кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ бұрын құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын "Көмiр" компаниясына табыстайтын болсын. Мемлекеттiк кәсiпорындардың акционерленуiне қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасы белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакеттерiнен басқасын, "Көмiр" компаниясының иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берсiн.
5. "Көмiр" компаниясының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
6. "Көмiр" компаниясының басшыларын тағайындау мен бекiту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру процесiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысымен белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Көмiр өндiру, ұқсату, берiп тұру және көмiр кәсiпорындарын салу жөнiндегi "Қазақстанкөмiр" Қазақстан мемлекеттiк корпорациясы туралы" 1991 жылғы 27 желтоқсандағы N 803 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қазандағы N 1002 қаулысына қосымша
"Көмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына
енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындардың, өндiрiстiк бiрлестiктер мен акционерлiк қоғамдардың ТIЗБЕСI "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi, Қарағанды қаласы "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi, Екiбастұз қаласы "Қарағандышахтақұрылыс" комбинаты, Қарағанды қаласы "Екiбастұзшахтақұрылыс" комбинаты, Екiбастұз қаласы "Карагандагипрошахт" институты, Қарағанды қаласы Қарағанды ғылыми-зерттеу көмiр институты (ҚҒЗКИ), Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасы кен қорғаушыларының ғылыми-инженерлiк орталығы, Қарағанды қаласы Әскериленген кен қорғаушылар бөлiмдерiнiң штабы (ӘКҚБ), Қарағанды қаласы Кен механикасы мен маркшейдер iсiнiң Қазақ ғылыми-зерттеу институты (ҚазҒЗМИ), Қарағанды қаласы "Баян" кен өндiру кәсiпорнының Қаражыра разрезi, Семей облысы "Приозерный" разрезi, Қостанай облысы