Қазақстан Республикасында табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмiн одан әрi енгiзу және шаруашылық немесе өзге де қызмет нәтижесiнде залал келтiрiлген табиғи ресурстарды қалпына келтiру жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн материалдық база жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Республикалық табиғат қорғау қоры құрылсын. <*>
Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне жергiлiктi табиғат қорғау қорларын құру ұсынылсын.<*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 24.08.1994 ж. N 959 қаулысымен.
2. Осы қаулыға тiркелiп отырған жергiлiктi табиғат қорғау қорлары туралы Үлгi ереже, Республикалық табиғат қорғау қоры туралы ереже және Айналадағы табиғи ортаның ластануы үшiн төлем өндiрiп алу тәртiбi бекiтiлсiн.
3. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың шығарылғаны (тасталғаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн экология және биоресурстар басқармаларының ұсынысы бойынша депутаттардың облыстық, Алматы және Ленинск қалалық маслихат-жиналысымен бекiткен төлем ставкаларын күшiне енгiзсiн.<*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
24.08.1994 ж. N 959 қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi нарықтық экономикаға көшудiң өтпелi кезеңiнiң жағдайларын ескере отырып, айналадағы табиғи ортаға тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарылғаны (тасталғаны) және орналастырылғаны үшiн, сондай-ақ ауаның көлiк құралдарын бөлiнген қалдық газдармен ластануы үшiн төленетiн төлемдер мөлшерiн анықтауға арналған әдiстемелiк базаны жетiлдiре түсу жөнiндегi шараларды жүзеге асыратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 15 қазандағы
N 1024 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Айналадағы табиғи ортаның ластанғаны
үшiн төлемдер өндiрiп алудың
ТӘРТIБI
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңына сәйкес әзiрлендi және:
айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтi шығарылғаны (тасталғаны) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн;
айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттарды шығарудың (тастаудың) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтерiн арттырғаны үшiн төлемдер өндiрiп алуды көздейдi.
2. Ластағыш заттардың нормативтi шығарылғаны (тасталғаны) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн төленетiн төлемдерi кәсiпорын дербес есеп айырысып, аударып отырады.<*>
Ластағыш заттар шығарудың (тастаудың) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырудың нормативтерiн арттырғаны үшiн төлемдердi жергiлiктi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы органдары даусыз түрде өндiрiп алады.<*>
3. Айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтi және нормативтен арттырылып шығарылғаны (тасталғаны) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн төленетiн төлемдер тиiстi бюджеттiң "Табиғат қорғау қорына түсiмнiң" 32-тарауының кiрiсiне түседi және осы қорлар туралы ережеге сәйкес пайдаланылады.<*>
4. Айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың шығарылғаны (тасталғаны) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн төленетiн төлемдер ставкаларын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi әзiрлейтiн әдiстемелiк құжаттар негiзiнде облыстық экология және биоресурстар басқармасы есептеп шығарады, ол жергiлiктi жағдайларды ескере отырып аймақтар бойынша сараланып, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктерiнде бекiтiледi.<*>
5. Айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың шығарылғаны (тасталғаны) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн төленетiн төлемдер ставкалары инфляция деңгейiне байланысты индекстеледi.
Айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың шығарылуы (тасталуы) және өндiрiс пен тұтыну заттарының орналастырылуын нормативтерiнiң арттырылғаны үшiн төленетiн төлемдер бекiтiлген нормативтi ставкаларға шаққанда еселенген мөлшерде белгiленедi.
6. Егер табиғи ортаның ласталуы қалдықтардың шығарылуына (тасталуына) және орналастырылуына белгiленген тәртiппен хатталмаған рұқсатпен жол берiлген жағдайда ластағыш заттардың бүкiл көлемi нормативпен тыс деп қаралып, ол үшiн төленетiн төлем еселенген мөлшерде өндiрiлiп алынады.
7. Айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтi шығарылғаны (тасталғаны) және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн төленетiн төлемдер есеп берiлiп отырған тоқсаннан кейiнгi алғашқы айдың 20-сынан кешiктiрмей аударылады. Төлемдер кiдiрiлген жағдайда мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн төленбеген соманың 1,5 процент көлемiндегi өсiм өндiрiлiп алынады. Табиғат пайдаланушы төлем төлеуден бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясының органдары төлем сомаларын даусыз тәртiпте өндiрiп алады.<*>
Айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың шығарылуы (тасталуы) және қалдықтардың орналастырылуы нормативтерiнiң арттырылғаны үшiн төлемдердiң мерзiмi айналадағы ортаның ласталуының аталған көздерiне арналып белгiленген шығарылуын (тасталуын) нормалау кезеңiне сәйкес белгiленедi.
Бұл төлемдер жол берiлген нормативтердi арттыру фактiсi анықталғаннан кейiн 10 күн iшiнде өндiрiлiп алынады.
Ескерту. Барлық тармақтарға өзгерiстер Қ.Р.К.М. 1994 ж.
5 қазан N 1113 қаулысымен енгiзiлген
8. Айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың шығарылғаны (тасталғаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн төленетiн төлемдер шетелдiк инвесторлармен бiрлескен кәсiпорындардың заңдарына шетелдiк жеке адамдар мен заңды ұйымдар бағынатын мемлекеттердiң валютасымен олардың капиталының үлесiне сәйкес инвестор мемлекеттiң нормативтерi бойынша өндiрiлiп алынады.
9. Өнiмiн еркiн айналымдағы валютамен өткiзетiн заңды ұйымдар мен жеке адамдар айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттарды шығарғаны (тастағаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшiн төлейтiн төлемдерiнiң бiр бөлiгiн өзiнiң көлемiнiң үлесiне сәйкес еркiн айналымдағы валютамен өтейдi.
10. Айналадағы табиғи ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемдердi өндiрiп алу барысында табиғатты пайдаланушылар үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлемдi төмендету немесе одан толық босату түрiнде жеңiлдiктер белгiленуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 15 қазандағы
N 1024 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Жергiлiктi табиғат қорғау қорлары туралы
ҮЛГI ЕРЕЖЕ
Ескерту. Аталған ереженiң аты мен бүкiл текстi бойынша
"бюджеттен тыс" және " бюджеттен тысқары" сөздер
алынып тасталсын - өзгерiстер Қ.Р.К.М. 1994 ж.
5 қазан N 1113 қаулысымен енгiзiлген.
1. Жергiлiктi табиғат қорғау қорлары табиғат қорғау қызметiн жақсартуға арналған экономикалық тұтқалардың ықпалын күшейту мақсатында құрылады.
2. Жергiлiктi табиғат қорғау қорларын пайдаланудың тәртiбiн облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының тәртiбiн облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi белгiлейдi.
3. Жергiлiктi табиғат қорғау қорлары:
айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың нормативтi шығарылғаны (тасталғаны), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылғаны үшiн төленетiн төлемдер;
айналадағы табиғи ортаға ластағыш заттардың шығарылу (тасталу), өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының орналастырылуы нормативтерiнiң арттырылғаны үшiн төленетiн төлемдер;
табиғи ресурстар мен олардың алынатын шикiзаттың нормативтен тыс және кешенсiз пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер;
ластағыш заттардың авариялық шығарылғаны (тасталғаны) үшiн төленетiн айып төлемдер;
табиғатты пайдаланушыдан шаруашылық қызметi нәтижесiнде табиғат қорғау заңдарын бұзуына орай оның мемлекетке келтiрген зиянының орнын жабу есебiнен өндiрiлiп алынатын қаражаттар;
лауазымды адамдар мен жекелеген азаматтардан табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және сот тәртiбiмен өндiрiлiп алынатын айыптар;
аңшылық пен балық аулауға арналған тәргiленген қаруларды өткiзуден, сондай-ақ соларды пайдаланудан алынған өнiмдi сатудан түскен қаражаттар;
заңды ұйымдар мен жеке адамдардың ерiктi жарналары;
кредит беруден, сондай-ақ табиғат қорғау заемдарын, лотереяларын және өзге де коммерциялық шаралар жүргiзуден түскен кiрiстер;
басқа да көздер есебiнен қалыптастырылады.
Табиғат пайдаланушылар аталған қаржыны облыстық, Алматы және Ленинск қалалық бюджеттерi кiрiстерiнiң "Табиғатты қорғау қоры түсiмдерiнiң" 32-тарауына тиесiлi сомалардың 85 процентiнен аспайтындай мөлшерде аударады. <*>
Ескерту. Өзгерiстер Қ.Р.К.М. 1994 ж. 5 қазан N 1113 қаулысымен енгiзiлген.
4. Жергiлiктi табиғат қорғау қорларын жұмсайды, қаржы органдарының қаражаттарды облыстық, Алматы және Ленинск қалалық экология және биоресурстар басқармаларының ағымдағы шоттарына аудару шамасына қарай, "Табиғат қорғау қоры түсiмiнiң" бюджеттегi 32-тарауына түскен сомалар шегiнде, бiрақ тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шығындардың шектi мөлшерiнен артпайтындай, әкiмдер белгілеген кiрiстер мен шығыстардың сметасына сәйкес экология және биоресурстар органдары жүзеге асырады:<*>
жергiлiктi маңызы бар табиғат қорғау объектiлерi құрылысына кредит беруге, оларды техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға, қайта жаңғырту мен күрделi жөндеуге;
табиғат қорғау техникасы мен технологиясының жаңа түрлерiн, оларға арналған мониторинг пен техникалық құралдары автоматтандырылған жүйесiн құру жөнiндегi жобалық-iздестiру және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзуге;
табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын, аумақтық бағдарламалар мен кешендi схемаларды орындауға;
аймақ аумағына тигiзiлетiн экологиялық терiс зардаптардың алдын алатындай және орнын толтыратындай шараларды жүзеге асыруға;
шаруашылық немесе өзге де қызмет нәтижесiнде бұзылған табиғи ресурстарды қалпына келтiру, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғау және қайта жаңғырту жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыруға;
ерекше қорғалатын аумақтарды дамытуға;
табиғатты пайдаланудың экологиялық нормативтерi жүйесi мен ақпараттық жүйесiн әзiрлеуге;
республикалық табиғатты қорғау қоршаған табиғи ортаның жай-күйiне республикалық бақылау жасау жүйесiн қамтамасыз ететiндей материалдық базаны дамыту орына аударуға пайдаланады.<*>
Бақылау-инспекциялық қызмет нәтижесiнде бюджеттiң "Табиғат қорғау қорының" 32-тарауына келiп түсетiн қаражаттар "Табиғатты қорғау заңдарын сақтау жөнiндегi бақылау-инспекциялық қызметтен алынатын қаржыны қалыптастыру тәртiбi және жұмсау бағыттары туралы Ережеде" белгiленген тәртiп бойынша пайдаланылады.<*>
Ескерту. 4-тармақтың 9 абзацы сөздермен толықтырылған - Қ.Р.К.М. 1994 ж. 5 қазан N 1113 қаулысымен.
4-тармақтың соңғы абзацы жаңа редакцияда - Қ.Р.К.М.
05.10.1994 ж. N 1113 қаулысы.
5. Табиғат қорғау қоры қаржысын пайдалану туралы есептi экология және биоресурстар органдары жергiлiктi қаржы органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгiленген нысан және мерзiм бойынша берiп отырады.<*>
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қ.Р.К.М. 05.10.1994 ж.
N 1113 қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 15 қазандағы
N 1024 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Республикалық табиғат қорғау қоры туралы
ЕРЕЖЕ
1. Республикалық табиғат қорғау қоры табиғатты пайдаланушылардың айналадағы табиғи ортаны ластағаны үшiн аударатын төлемдерi есебiнен төленуге тиiстi соманың кем дегенде 15 процентi мөлшерiнде құралады.<*>
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қ.Р.К.М. 05.10. 1994 ж.
N 1113 қаулысы.
2. Республикалық Табиғат қорғау қорының қаржысы Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң бюджеттiң "Табиғатты қорғау қоры түсiмдерiнiң" 32-тарауына келiп түскен қаражаттар шегiнде, бiрақ республикалық бюджет жөнiндегi Қазақстан Республикасының Заңында бекiтiлген шығындардың шектi мөлшерiнен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi алқасы нысаналы мақсатқа арнап бекiткен шығындар сметасына сәйкес кредиттер ашу шамасына қарай.<*>
Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiн орындауға байланысты республикалық бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды жүзеге асыруға;
экологиялық таза және ресурс сақтай алатындай технологиялар, стандарттар, айналадағы ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiн әзiрлеу жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге;
экологиялық бағыттағы ақпараттық банктер құруға;
табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты, табиғатты пайдалануды басқарудың шетелдiк тәжiрибесiн зерделеу мен тартуды ұйымдастыруға;
айналадағы табиғи ортаның жай-күйiн бақылайтын республикалық жүйе құруды қамтамасыз ететiн материалдық базаны дамытуға;
табиғат қорғау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға және тәжiрибе алмасуына, экологиялық бiлiмдi насихаттауға, экологиялық бiлiм мен тәрбие беруге;
экологиялық бағытта республикалық шаралар жүргiзуге;
республикалық экологиялық көрмелер, байқаулар, конкурстар өткiзуге және неғұрлым тиiмдi табиғат қорғау шараларын енгiзгенi үшiн ұжымдарды ынталандыруға пайдаланылады.
(Соңғы тармақ).<*>
Ескерту. 2-тармақтың 1 абзацы жаңа редакциясында.
Соңғы абзацы алынып тасталған - өзгерiстер Қ.Р.К.М.
05.10.1994 ж. N 1113 қаулысымен енгiзiлген.
3. Республикалық Табиғат қорғау қоры қаржысының пайдаланылуы туралы есептi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан және мерзiм бойынша Экология және биоресурстар министрлiгi берiп отырады.<*>
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қ.Р.К.М. 05.10.1994 ж.
N 1113 қаулысы.