1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық еңбек ақы қоры 105300 АҚШ доллары сомасында болатын 11,5 адам саны көлемiнде бекiтiлсiн.
2. Үндiстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы 1500 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Үндiстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетелдiк валютамен берiлетiн жалақысына қарай штаттық кестеге сай белгiленсiн.
3. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге
олардың еңбекақы қорының АҚШ долларындағы 3,5 процентi мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн. 4. Үндiстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң шығыс сметасы 1993 жылғы 4 айға 313,5 мың АҚШ доллары және 73837,2 мың сом мөлшерiнде бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы аталған мақсатқа 1993 жылғы республикалық бюджет пен Республикалық валюта қорында көзделгеннен қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi