Қазақстан Республикасының Үндiстан Республикасындағы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қазан 1993 ж. N 1053

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Үндiстан Республикасында Қазақстан Республикасының елшiлiгiн ашу туралы" 1993 жылғы 15 маусымдағы N 1225 U931225_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық еңбек ақы қоры 105300 АҚШ доллары сомасында болатын 11,5 адам саны көлемiнде бекiтiлсiн.
      2. Үндiстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы 1500 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Үндiстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетелдiк валютамен берiлетiн жалақысына қарай штаттық кестеге сай белгiленсiн.
      3. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге

олардың еңбекақы қорының АҚШ долларындағы 3,5 процентi мөлшерiнде
аударым жасау белгiленсiн.
     4. Үндiстан Республикасындағы Қазақстан Республикасы 
Елшiлiгiнiң шығыс сметасы 1993 жылғы 4 айға 313,5 мың АҚШ доллары
және 73837,2 мың сом мөлшерiнде бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы аталған 
мақсатқа 1993 жылғы республикалық бюджет пен Республикалық валюта
қорында көзделгеннен қаржы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады