1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанында қызметкерлер саны 29 адамнан тұратын Ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) және Орталықтың жалпы қызметкерлер саны 110 адамнан тұратын облыстық бөлiмшелерi құрылсын.
2. Қызмет бабында пайдаланылатын бiр автомобильдi ұстауға қажеттi лимит бөлiнсiн.
3. <*>
Ескерту. 3 тармақ күшiн жойған - ҚР Үкiметiнiң 1996.01.09.
N 31 қаулысымен. P960031_
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Ақпараттық-есептеу орталығын және оның облыстық бөлiмшелерiн ұстауға қажеттi қаражатты көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi