"Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 25 қараша N 1181. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.20. N 758 қаулысымен.

      Аса маңызды азық-түлiк түрлерi берiлiп тұруын мемлекеттiк реттеудi сақтау және олармен халықтың тиiсiнше жабдықталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Акционерлiк қоғам болып қайта құрылатын көтерме сауда кәсiпорындарының және бұрын Қазақстан Республикасы Сауда министрлiгiнiң "Қазбакалейпродпромторг" республикалық концернiнiң құрамына кiрген акционерлiк қоғамдардың негiзiнде N 1 және 2 қосымшаларға сәйкес "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы құрылсын.
      Көтерме сауда кәсiпорындары қайта құрылғанға дейiн олардың сегментациясы жүргiзiледi, бұлардың жанындағы дүкендер бөлiнедi, заңды ұйым мәртебесiн алады және алдағы уақытта шағын жекешелендiру шегiнде қайта құрылады.
      2. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Казбакалейпродпромторг" республикалық концернiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының негiзгi мiндеттерi:
      халықты қамтамасыз ету үшiн белгiленген номенклатурадағы тауарларды қалыптастыру, сақтау және берiп тұру;
      өзiнiң номенклатурасына кiретiн өнiмдердi әкелу мен әкету жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдердi орындау;
      тұтынушылардың қамтамасыз етiлуiн жақсарту үшiн аймақтар арасында азық-түлiк ресурстарының ауыс-күйiсiн жасау;
      "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың қызметiн үйлестiру және реттеу;
      компанияның коммерциялық қызметi мен оның кәсiпорындарының жарналары есебiнен материалдық базаны дамыту мен жаңғырту, нысаналы қаржы қорларын қалыптастыру деп анықталсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру жөнiндегi құрылтай құжаттарын бiр айлық мерзiмде белгiленген тәртiп бойынша әзiрлеп, бекiтсiн;
      облыстық көтерме сауда кәсiпорындарының мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына табыстайтын болсын;
      "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен бiрлесiп көтерме сауда базаларының уақтылы акционерлендiрiлуiн және осы компанияға акционерлiк қоғамдар акцияларының пакеттерi өткiзiлуiн қамтамасыз етiп, аталған акционерлiк қоғамдардың жекешелендiрiлуiне қарай акциялар пакетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасында мемлекет
иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған 
(II кезең) Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен сатады деп 
белгiлесiн.
     5. "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының басқармасы
Алматы қаласында орналасады деп белгiленген.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы   
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 25 қарашадағы
                                          N 1181 қаулысына
                                           N 1 қосымша
            Акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылатын
        және "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
        құрамына енгiзiлетiн көтерме сауда кәсiпорындарының
                             Тiзбесi
     "Қазбакалейсауда" базасы, Ақмола қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Ақтөбе қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Ақтау қаласы 
     "Қазбакалейсауда" базасы, Арқалық қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Жамбыл қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Қарағанды қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Қызылорда қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Көкшетау қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Қостанай қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Петропавл қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Талдықорған қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Орал қаласы
     "Қазбакалейсауда" базасы, Шымкент қаласы


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 қарашадағы N 1181 қаулысына N 2 қосымша

            "Дархан" мемлекеттiк акционерлiк
             компаниясының құрамына кiретiн
                акционерлiк қоғамдардың
                             Тiзбесi
     "Албақ" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Жемiсбакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы
     "Бакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Жезқазған қаласы
     "Бакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Павлодар қаласы
     "Шығысбакалейсауда" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы

      
      


О создании Государственной акционерной компании "Дархан"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 ноября 1993 года N 1181. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25 июня 1996 г. N 785 ~P960785

      В целях сохранения государственного регулирования поставок важнейших видов продовольствия и обеспечения надлежащего снабжения ими населения Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Государственную акционерную компанию "Дархан" на базе оптовых предприятий, преобразуемых в акционерные общества, и акционерных обществ, ранее входивших в состав Республиканского концерна "Казбакалейпродпромторг" Министерства торговли Республики Казахстан, согласно приложениям N 1 и 2.
      До преобразования оптовых предприятий предварительно проводится их сегментация, имеющиеся при них магазины отделяются, получают статус юридических лиц и в дальнейшем преобразуются в рамках малой приватизации.
      2. Установить, что Государственная акционерная компания "Дархан" является правопреемником имущественных прав и обязанностей Республиканского концерна "Казбакалейпродпромторг".
      3. Определить основными задачами Государственной акционерной компании "Дархан":
      формирование, хранение и поставки товаров установленной номенклатуры для обеспечения населения;
      исполнение межгосударственных соглашений по завозу и вывозу продукции, входящей в ее номенклатуру;
      маневрирование ресурсами продовольствия между регионами для улучшения обеспечения потребителей;
      координацию и регулирование деятельности акционерных обществ, входящих в состав Государственной акционерной компании "Дархан";
      развитие и модернизацию материальной базы, формирование целевых финансовых фондов за счет коммерческой деятельности компании и взносов ее предприятий.
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу:
      в месячный срок в установленном порядке подготовить и утвердить учредительные документы по созданию Государственной акционерной компании "Дархан";
      делегировать Государственной акционерной компании "Дархан" права владения, пользования и управления государственным имуществом областных оптовых предприятий, а также государственными пакетами акций ранее созданных акционерных обществ, включенных в состав Государственной акционерной компании "Дархан";
      совместно с Государственной акционерной компанией "Дархан" обеспечить своевременное акционирование оптовых баз и передачу этой компании пакетов акций акционерных обществ, установив, что по мере приватизации указанных акционерных обществ пакеты акций реализуются Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу в порядке, предусмотренном Национальной программой разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап).
      5. Определить местонахождение правления Государственной акционерной компании "Дархан" в г. Алматы.

                  Премьер-министр
                Республики Казахстан
                                            Приложение N 1

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 ноября 1993 г. N 1181


                      ПЕРЕЧЕНЬ

       оптовых предприятий, преобразуемых в
        акционерные общества и входящих в
           Государственную акционерную
                компанию "Дархан"

База "Казбакалейторг", г. Акмола
База "Казбакалейторг", г. Актюбинск
База "Казбакалейторг", г. Актау
База "Казбакалейторг", г. Аркалык
База "Казбакалейторг", г. Жамбыл
База "Казбакалейторг", г. Караганда
База "Казбакалейторг", г. Кзыл-Орда
База "Казбакалейторг", г. Кокшетау
База "Казбакалейторг", г. Кустанай
База "Казбакалейторг", г. Петропавловск
База "Казбакалейторг", г. Талдыкорган
База "Казбакалейторг", г. Уральск
База "Казбакалейторг", г. Шымкент


                                           Приложение N 2

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 ноября 1993 г. N 1181


                         Перечень

       акционерных обществ, входящих в Государственную
               акционерную компанию "Дархан"

Акционерное общество "Албак", г. Алматы
Акционерное общество "Жемыс-Бакалейторг", г. Атырау
Акционерное общество "Бакалейторг", г. Жезказган
Акционерное общество "Бакалейторг", г. Павлодар
Акционерное общество "Шыгыс-Бакалейторг", г. Усть-Каменогорск